«рухани жаңҒыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



бет21/28
Дата07.02.2022
өлшемі97,06 Kb.
#82463
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Аталған бағытқа сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағытын қарастыру қажет.
Қамтамасыз ету жолдары:білім беру ұйымдарының тәжірибелік-бағытталған тәрбие ортасын құру; белгілі бір артықшылықтар алу арқылы білімді түрлендірудің жеке тәжірибесін жинақтау; өмірлік дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге, ойын және еңбек іс-әрекеті арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері: денсаулық жағдайының скринингін; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерін тілеу және соған дайын болу; теріс әсерлерге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеру; табиғи алғышарттарды ұтымды пайдалану; денсаулықты сақтау мен нығайту, қауіпсіз және жауапкершілікті мінез-құлық; жаңа өмірлік жағдайларға сабырлы болу; қауіпсіздік пен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ортасын құру.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақтар, дене шынықтыру сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорт секциялары мен үйірмелерін өткізу, «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде репродуктивті денсаулық, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және салауатты өмір салтының негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстарын, семинар-тренингтерін өткізу; Денсаулық фестивальдары, спартакиадалар, қауіпсіздік бағыттары; ақпараттық-насихаттау материалдарын әзірлеу және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру.
2. Білім алушыларды спорттық іс-шараларға, спорт клубтарына, бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлерін спорт федерацияларымен өзара іс-әрекет арқылы тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Көптеген спорт түрлері бойынша мектеп пен студент лигаларын дамыту.
Басты іс-шаралар:1. Үйірмелер, секциялар, клубтар жұмысының оң тәжірибесін тарату, салауатты өмір салтын, сауықтыру жүйесін насихаттау үшін жобаларды енгізу. 2. Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, ЖҚЕ, қауіпсіздік техникасы, суицидтің алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асырудың түрлі форматтағы іс-шаралары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет