8. Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға) сүйенеді:
Антропологиялық көзқарас– тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас– өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс-әрекеттерін және тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді суъект ретінде қалыптасуына бағытталған.