Руководителю соц



бет18/47
Дата13.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#180923
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
6-контрольно-измерит-фарм-каз

239. В 1, В2, РР витаминдерінің тапшылығынан дамитын гипоксия

  1. тіндік

  2. гемдік

  3. қанайналымдық

  4. тыныстық

  5. экзогендік

240. Қанайналымдық – гемдік (аралас) гипоксия тән

  1. организм сусыздануына

  2. пневмонияға

  3. жедел қансырауға

  4. анемияға

  5. иіс газымен (СО) улануға

241.Гипоксия кезінде жедел бейімделулік серпілістерге жатады

  1. қанның қорға дерттік жиналуы

  2. тахикардия, тахипноэ

  3. брадипноэ

  4. тыныс бұлшықеттерінің гипертрофиясы

  5. эритропоэздің әсерленуі

242. Таулы аймақта ұзақ уақыт тұрған адамда кездеседі

  1. қанда эритроциттер санының көбеюі

  2. анемия

  3. өкпе гиповентиляциясы

  4. нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің тежелуі

  5. тыныс бұлшықеттерінің атрофиясы

243. Артериялық гиперемия – бұл

  1. қанда қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы

  2. шеткері қантамырлар мен қылтамырларда жергілікті қанағымының тоқтауы

  3. ағзалар мен тіндерде қанның азаюы

  4. ағзалар мен тіндерден қанның ағып кетуінің қиындауына байланысты қанға толуы

  5. ағзалар мен тіндерге қанның артық ағып келуіне байланысты қанға толуы

244. Ацетилхолин, брадикинин, гистамин дамытады

  1. стазды

  2. эмболияны

  3. тромбозды

  4. артериялық гиперемияны

  5. ишемияны

245. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз

  1. қан ағып кетуінің қиындауы

  2. артериолалардың кеңеюі

  3. қан ағып келуінің азаюы

  4. қанағымының сызықтық жылдамдығының ұлғаюы

  5. қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі

246.Артериялық гиперемия кезінде байқалады

  1. цианоз

  2. тін тығыздығының азаюы

  3. тіннің жергілікті температурасының төмендеуі

  4. қызару

  5. тіннің немесе ағзаның температурасының төмендеуі

247.Артериялық гиперемияның салдарына жатады

  1. жұқпаның организмге жайылуы

  2. ағза қызметінің төмендеуі

  3. іркілулік стаз

  4. дәнекер тіннің өсіп кетуі

  5. жүұпаның орнығуы

248. Артериялық және веналық гиперемияларда қандай жалпы ортақтық тән?

  1. ағзаның қанға толуы

  2. ағзада қанның азаюы

  3. қанағымы жылдамдығының ұлғаюы

  4. тін температурасының төмендеуі

  5. тін температурасының жоғарылауы

249. Веналық гиперемияның себебі болуы мүмкін

  1. тіннің қызметінің артуы

  2. қан әкелуші артерияның басылып қалуы

  3. веналардың өспемен қысылып қалуы

  4. тромбпен қан әкелуші артерияның бітеліп қалуы

  5. ангиоспазм

250. Веналық гиперемияға тән

  1. тіннің қызаруы

  2. тіннің температурасының көтерілуі

  3. қанағымы жылдамдығының азаюы

  4. тіннің көлемінің азаюы

  5. тіннің бозаруы

251. Обтурациялық ишемияның себебі болуы мүмкін

  1. артериялық тамырдың эмболиясы, артериялық тамырдың тромбозы

  2. вена тамырларының эмболиясы, тромбозы

  3. ангиоспазм

  4. артерияның сырттан қысылуы

  5. артериялар мен веналардың арасындағы қысым айырмашылығының жеткіліксіздігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет