Руководителю соц


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



бет2/13
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#91494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МодульЭС.27.06.10.каз-doc

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1 Тақырып. «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия, гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизмдердің патофизиологиялық тетіктері»


Сабақтың мақсаты:

  1. Гипо және гипертиреоз, гипо және гиперкортицизм, гипергликемия және гипогликемия синдромдары кезіндегі организмдегі бұзылыстардың этиологиясын, патогенезін меңгеру.



Оқытудың міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • Эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін сипаттауды

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиялық жайттарын білуді

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының негізгі өзгерістерінің патогенезін түсіндіруді

  • Қантты диабеттің I және II түрінің және диабеттік синдромның негізгі әйгіленімдерінің патогенезін түсіндіруді

  • Гипогликемиялық команы үлгілеуді және қорытындылауды

  • Балалық шақтағы эндокринопатиялардың ерекшеліктерін талдауды

  • Әртүрлі эндокринопатиялардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды

  • Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

  2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

  3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

  4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .

  7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі

  10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.



Оқыту және үйрету әдістері:
Ауызша сұрау, сынама беру, шағын топта жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, сөзжұмбақты шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет