Жаңа туған балалардағы бүйрек қызметінің өтпелі бұзылысы
|
Гематурия, протеинурия, цилиндрурия гипоксия әсерінен бүйрек шумақтарының өткізгіштігі жоғарылауының салдары. 1аптадан кейін сүзгіш мембрананың өткізгіш қызметі қалпына келеді және бұл көріністер жойылады
|
Зәрқышқылды инфаркт
|
Ұрықтық нәруыздың ыдырауының күшеюі → зәр қышқылы тұздарының жиналуы→бүйрек түбекшелері және өзекшелерінде зәр қышқылы тұздарының құм немесе майда түйіршік тәрізді жиналып қалуы →зәр тұздарға бай және қызғылт-сары түске боялған, центрифугалағанда қызыл түсті шөгінді береді. Болжамы қолайлы, тұздар зәр ағысымен жуылып кетеді.
|
Физиологиялық гипостенурия
|
Өзекшелердің қоюландыру қабілетінің төмендеуімен байланысты (нефронның морфологиялық және қызметтік толық жетілмеуі)
|
Шығу түрі бойынша бүйректің патологиялық топтарының негізі
|
Тұқымқуатын аурулар (тубулопатиялар)
дамудың туа біткен ақаулары (агенезия, дисплазия, поликистоз, обструкциялық уропатия)
Жүре пайда болған аурулар (гломерулонефриттер, пиелонефриттер)
|
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшелігі
|
Туылғаннан кейін бірінші 3-4-ші күндері БЖ себептері гипоксия болады. Өзекшелік түтік гипоксияның зақымдаушы әсерінен қорғанғандықтан БЖ нәрестелерде тек қызметтік бұзылыс ретінде жүреді және талапқа сай ем қолданса бүйректің қызметі қалпына келеді.
Туғаннан кейін 5-10 күндері БЖ ТШҚҰ-синдромы, бүйрек агенезиясы, бүйрек артериясының тромбозы, ерте гипоксия дамуы салдарынан болады.
10-шы күннен бастап БЖ-ның себебі бүйректің екі жақты даму ақаулары болады: поликистоз, гидронефроз, сонымен қатар қабыну үрдістері (нефриттер, гломерулонефриттер, сепсис).
|