С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Байланысты:
ktj 20324
жұмысқа қабылдау, Вопросы для подготовки к тестам
 

 

7-дәріс.

  Қазақ  ғалымдарының  Кеңес  өкіметі  жылдарындағы  деректанушылық 

қызметі. 

1. Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары мен тәсілдері. 

2. О.Сүлейменовтың «АЗиЯ» сы және деректанудың түпнұсқалық мәселесі. 

 

Дәріс  тезистері: 

Кеңестік  дәуірдегі  әміршіл-әкімшіл  жүйе  қырқыншы  

жылдардың  соңы  мен  елуінші  жылдардың  басында  өзінің  шарықтау  шегіне 

жетті.  Елде  Сталиннің  жеке  басына  табыну  белең  алды.  Интеллигенцияға 

қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. 

Ахмет Жұбанов, Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері 

де  қуғын-сүргінге  ұшырады.  Көрнекті  ғалымдар  Қаныш  Сәтпаев,  Мұхтар 

Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды.  

Тарихшы  Ермахан  Бекмаханов  (1915-1966)  соғыс  жылдарында  Алматыда 

болған белгілі тарихшылар А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, В.Д.Греков және т.б. 

бірігіп  1943  жылы  "Қазақ  ССР"  тарихын  әзірлесе,  ал  1947  жылы  "Қазақстан 

ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарында"  атты  монография  дайындаған  еді.  Оның 

Кенесары  Қасымұлының  көтерілісіне  қатысты  көзқарасы  ұлтшылдық  сипатта-

саяси  зиянды  деп  саналды.  Хан  Кене  жайлы  зерттеу  жұмысына  кіріскелі 

жүргенде  соғыстың  қаралы  хабары  жетеді.   Сол  тұста  ҚазКСР  Оқу  халық 

комиссариатында  мектептер  басқармасының  бастығы  болған  Ермұхан 

Бекмахановтың майданға аттанбақ болған. Бірақ бала жастан серігі болып келе 

жатқан өкпе ауруы оның алдын кес-кестейді. Ер-азаматтың барлығы Отан үшін 

от кешіп жүргенде,  елде әйел, бала-шағамен қала беруді ар санаған ғалым қару 

алып  жауға  қарсы  соғыспаса  да,  соғыс  жүріп  жатқан  жерлерді  аралап,  сол 

кездің тарихын қағаз бетіне түсіру жұмысымен айналысты.  

Соғыс жағдайына байланысты Қазақстан жеріне келіп жұмыс істеген Анна 

Панкратова,  Николай  Дружинин,  Михаил  Вяткин  секілді  орыстың  мықты 



16 

 

ғалымдармен бірге Ермұхан Бекмаханов та Қазақстан тарихын жазуға кіріседі. 



Соның ішінде бір бөлімі Кенесары хан жайлы болады. Сол оқулықтың жазылуы 

мұң  екен,  аяқ  астынан  дұшпандар  пайда  болып,  «бұл  ұлтшылдықты 

насихаттайтын,  байлар  мен  хандарды  мадақтайтын  кітап»  деп  аяқтан  шалуға 

тырысады.  Әйтсе  де  тарихшы  оған  бола  сағын  сындырмай,  бастаған  ісін  әрі 

қарай  жалғастыра  береді.  Орталық  Комитеттің  өзі  тарихшының  дарыны  мен 

ерен  еңбегін  бағалап,  кандидаттығын  қорғауға  үш  айға  іссапарға  шығарады. 

Ондай  бұрын-соңды  тарихта  болмаған  оқиға  екен.  Соның  арқасында  Ермұхан 

Бекмаханов   1943  жылы  Мәскеуде  Кенесары  хан  жайында  ғылыми 

диссертациясын  сәтті  қорғайды.  Егемендік  алғанға  дейін  тарихи  шындықты 

айтудың  өзі  мүмкін  емес  еді.  Бір  ғана  диссертациялық  еңбегі  үшін  Ермахан 

Бекмаханов сотталған еді. «АЗиЯ» кітабы үшін Олжас Сүлейменов Мәскеудегі 

жоғары  биліктің  талай  соққысын  жеп,  содан  оның  жалғыз  жанын 

Д.А.Қонаевтың өзі зорға арашалап қалған еді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет