С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
ktj 20324
жұмысқа қабылдау, Вопросы для подготовки к тестам
Дәріс  тезистері: 

Деректанудын,  ғылым  ретінде  пайда  болуының  және 

қалыптасуының  алғышарттары.  Орыс  жылнамаларын  зерттеуші  А.Л.Шлецер 

(1735-1809),  неміс  ғалымы  Ф.Шлейермахер  (1768-1834),  неміс  тарихшылары 

Б.Нибур  (1766-1831),  Л.  фон  Ранке  (1795-1886),  франңуз  тарихшысы  П.Дону 

(1761-1840) т.б. - деректану ғылымының негізін қалаушылар. 

XIX  ғ.  бірінші  жартысындағы  ірі  ғылыми  жаңалықтардың  ашылуы  және 

ұлттық  сананың  оянуының  деректану  ғылымының  дамуына  тигізген  әсері. 

Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман 

тарихының  ескерткіштері"  сериясының  жарық  көруі.  Г.Вайц  (1813-1886) және 

оның "Германия тарихының деректануы". 

Батыс  Европа  елдерінде  тарихи  зерттеу  ісімен  айналысатын  мамандарға 

деген  кажеттіліктің  артуы.  Ұлы  француз  буржуазиялық  революциясы  және 

мұрағат  істеріндегі  өзгерістер.  1821  жылы  Парижде  хартиялар  мектебінің 

ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы 

тарихи  зерттеу  институттарының  ашылуы.  Э.Бернгеймнің  (1850-1942)  "Тарих 

ғылымына кіріспе" атты оқулығындағы методология, методика, түсініктер және 

сыныптау  мәселелері.  Ш.Ланглуа  (1863-1920)  мен    Ш.Сеньо-бостың  (1854-

1942)  "Тарихи  зерттеуге  кіріспе"  атты  еңбектернің  негізгі  бөлімдері  және 

олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер. 




12 

 

Орыс  тарихшысы  В.О.Ключевский  XIX  ғ.  соңындағы  Ресей  тарих 



ғылымыңың  ерекшелігі  мен  міндеттері,  тарихи  деректер,  тарихи  сын  және 

тарихи  сынның  ерекшеліктері  туралы.  А.С.Лаппо-Данилевскийдің  (1863-1918) 

деректану  методологиясы  туралы  концепциясы.  Деректану  -  тарихи  деректер 

туралы біртүгас жүйелі ғылым. 

Кеңестік  тарихнамадағы  деректану  ғылымының  дамуының      негізгі   

кезеңдері   және   деректану   пәнін   оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық 

орталықтар. 

Деректің пайда болуын сынау. 

Деректі  сынаудың  мәтінді  оқудан,  оның  дәл  мазмұнын,  өмір  сүру 

формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, 

пайда  болуының  нақты  тарихи  жағдайын,  деректі  жасаудағы  мақсаты  мен 

міндеттерін анықтау. 

Деректердің  сақталу  формалары  жоне  олардың  деректанулық  маңызы. 

Мәтінді  дүрыс  оқу  -  жазба  деректі  талдаудың  басты  шарты.  Деректің  пайда 

болған  уақытын  анықтау  (датировка).  Деректің  пайда  болған  жерін  анықтау. 

Дерек  авторының  не  кұрастырушының  атын  анықтау  (атрибуция).  Тарихи 

деректің  әлеуметтік  функциясын  анықтау.  Деректанудың  шынайылық 

проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет