иілімді материалдарды (жұмсақ болат, мыс, алюминий жəне т.б.) өңдеуде құрылады жəне
тұтас тегіс таспа түрінде болады. Жоңқаның бөлек элементтері бір-бірімен берік
байланысқан. Уату жоңқасы (1.24, б сурет) тұтқырлығы жоғары материалдарды (қаттылығы
жоғары болат, жездің кейбір түрлері) өңдеуде құрылады. Оның жеке элементтер арасанда
уату жазықтығы анық көруге болады, ал жоғарғы жағы ара сияқты пішінде болады.
Үрдістің басты сипаттамалары болып, кесу жылдамдығы, кесу тереңдігі жəне беру
жылдамдығы болып табылады. Кесу жылдамдығы құралдың кесу жиегімен жүріп өткен
нүктесімен басты қозғалысқа бағытталған уақыт бірлігінде дайындамаға қатысты ұзақтықпен
анықталаты.
Жоңқамен кескі бетінің арасында жылытуға əкелетін жəне кесу жиегін осалдандыратын
үйкеліс пайда болады. Сондықтан, құралхана материалдарында қаттылық, тозутөзімді жəне
жылуға төзімді болу керек. Қызудың кері əсерін азайту үшін майлап-суыту сұйықтығын
қоладады.
Достарыңызбен бөлісу: