С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет75/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

деформация 
мартенситі 
түзіледі)

Сурет 5.11. Мартенситтік түрленудің 
бастапқы Мн жəне соңғы Мк 
температурасына болаттағы көміртек 
құрамының əсері
169 


Өзі түзілетін температураға тəуелді құйманың құрамындағы кристалдардың 
морфологиясы мен қосалқы құрылымдары əр алуан. Мартенситтің екі түрін бөліп көрсетеді: 
ламельді
 (
ацикулярлық)
 и 
пакетті (тірек)
 (5.12 сур).
Пластиналы мартенсит ( 5.12, 
а сур)
М
н
и М
к
температурасының мəндері төмен болатын
жоғары көміртекті болаттарда түзіледі. Бұл жағдайда мартенсит кристалдары ине тəрізді 
пішіндегі жалпақ
 
пластиналар түрінде болады.

Пакеттік (төтркілдеш) мартенсит ( 5.12, 
б сур
) төмен жəне орташа көміртекті, сонымен 
бірге құрылымдық қоспалы болаттарға тəн. Бұл жағдайда мартенсит кристалдары бір бағытта 
пакетерге біріккен жұқа тақтайшалар түрінде болады. Мартенситтің пакеттік (төрткілдеш) 
жұқа құрылымы тығыздығы (шамамен 10
10... 
10
12
см-
2
) жоғары оралып (шиеленісіп) қалған 
орнынан ауытқуды (жылжуды) білдіреді. Қоспалы (қосылған) болаттарда мартенсит 
пакеттері ішінде қалдық аустенит қабаттары болады. Мартенсит кез келген
морфологиясының кристалдар көлемі аустениттің бастапқы түйірінің көлемімен анықталады. 
Олар ірі болса, аустенит түйірі де ірі болады.
Мартенситтің бастапқы пластинасы аустенит түйірінің көлденең пішініне сəйкес келетін 
созылыңқы түрде болады. Төмен темперутарда түзілетін кристалдардың созылыңқылығы 
төмен (5.12 а суретті қараңыз). 
Егер эвтекоидты болатты бөлме температурасына дейін суытса, құрылымда 
мартенситтен басқа аустениттің біршама қалдығы болады. Бөлшектерді кесу кезінде оның
қасиеттердің біртекті болмауына əкелетіндіктен аустенит қалдығының болмағаны абзал. 
Бұл жағдай өзге құрылымдармен салыстырғанда, мартенситтің үлес салмағы басым, ал 
аустениттікі -төмен екендігін көрсетеді. Сондықтан аустенит құрылымынан мартенситке 
өтуде бөлшектер көлемі мен өлшемі ұлғаяды. Мартенситтік түрлену ерекшеліктеріне –
түрлену тек үзіліссіз суыту кезінде өтетіндігі жатады. Температураны мартенситтік 
түрленудің соңына дейін жоғары ұстауды тежеу аустениттің тұрақталуына əкеледі. Аустенит 
тұрақты бола түседі. Одан əрі суытуда оның түрленуі бəсең жылдамдықпен жəне толығымен
жүреді. 
Сурет 5.12. Пластиналы (инелі) (а) жəне 
пакеттік ( төрткідеш) (б) мартенсит түзілу 
сызбасы: 
А, Ао
ст
, М — аустенит, 
қалдық аустенит жəне мартенсит 
170 


Аустениттің тұрақталу тиімділігі суыту кезіндегі температураның тоқталуына байланысты. 
Атап айтқанда, мартенситтік түрленудің ерекшелігіне оның диффузиялық сипаттамасы
түзілудің М
н
—М
к 
температурасы интервалында үздіксіз суытуға бағытталғаны жатады. 
Мартенситке тəн сипат - мартенситте көміртек құрамы көбейгенде ұлғаятын оның
қаттылығы мен тығыздында. Көміртегі төмен мартенситтің (0,25 % көміртек) уақытша 
төзімділігі 1000 МПа құрайды, ал құрамында (0,6.. 0,7 % көміртек бар мартенситтің уақытша 
төзімділігі 2.600.2.700 МПа болады. 
Алайда мартенситте көміртек құрамы ұлғайса оның сынып бүлінуге бейімдігі де
жоғарылайды. Құрамында 0,35.0,4% көміртек бар мартенситтің жарықшақ, сынықтың пайда 
болуына төзімділігі бəсең болады, сонымен бірге К

бүлінуінің жабысқақтық мəні де төмен 
болады. Мартенсит түзудегі үлес салмақтың ұлғаюына шынықтыру кезіндегі өнімнің 
бүлінуі мен шытынауы, жарықтардың болуына жеткізетін үлкен ішкі кернеу себеп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет