Поликарбонат - дифениолпропан мен фосген негізін құрайтын термопласт, оны
«дифлон»деген атпен шығарады.Поликарбонатардың су сіңіру қасиеті төмен, жақсы
диэлектрлік қасиеті бар, иісі мен дəмі жоқ, физиологиялық жағынан зиянсыз, түссіз, жақсы
боялады. 120 °С. дейін қыздырғанда тотықтырғыштар əрекетінен болатын өзгерістерге
төзімді. Поликарбонат — металдың орнына қолдануға болатын соққыға төзімді
термопласттарды конструкциялық материал ретінде қолданылады. Поликарбонаттан көлемді
ыдыстар, машина біліктерін, қақпақтар, жеміс шырындарын, сүт жəне шарап таситын
ыдыстар жасайды. Оны сұйық газдар ортасында жұмысқа пайдалануға да болады.
Поликарбонаттың физикалық –механикалық қасиеттері оларға армирлеуші талшқытар
енгізгенде жақсара түседі.Мысалы, поликарбонатқа шыны талшықтарын енгізгенде (30
%дейін) оның серпімділік модулі тартылғанда 3 есе ұлғаяды, Бринелль бойынша беріктігі 1,5
есе ұлғаяды. Материалдың жылуға төзімділігі де ұлғаяды, Ал ТСКК 3 есе азаяды,
материалдың шөгуі 2есе төмендейді. Армирленген эстеран түріндегі поликарбонаттар
машина бөлшектерін, мысалы, тербеліс біліктерін, жұдырықша біліктерді жасауға
қолданылады.Армирленген поликарбонаттар -200...+110 °С температура аясында өз
қасиеттерін сақтайды жəне пайдалану мерзімі де сенімді болады.
Ресейде шынымен толтырылған поликарбонаттан басқа, шыны талшықтарымен
толтырылған полистиролдар мен өзге де термопластар кеңінен қолданысқа енген. Шыны
талшықтарымен толтырылған термопластардың механикалық қасиеттері жоғары жəне
жоғары температурада бұйымның пішіні өзгермеуін қамтамасыз ете алады. Мұндай
термопластарды шығару жыл сайын 25,30 пайызға ұлғайып отыр. Оларды өнеркəсіпте
электрондық жəне электотехникалық бөлшектер, автомобиль, тігін өнеркəсібінің
бұйымдарын шығаруға пайдаланады.
Төменгі температуралы техникада полиэтиленнен, полистиролдан, фторопластан,
полиамидтен жəне өзге де полимерлердің термопластары кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: