1 6 Т АР А У
ЛАК-БОЯУ МАТЕРИАЛДАРЫ
16.1. Лак-бояу материалдарының жалпы сипаттамасы
Лак-бояу материалдары бұйымдардың беткі бөлігіне сұйық күйде жағылатын жəне
адгезия күштерімен ұсталатын қабықшалардың жасалуымен кебетін көп компонетті
құрамдар. Кепкен қабықшаларды лак-бояу жабындары деп атайды.
Лак-бояу жабындарының міндеті – металлдарды коррозиядан, ағаштар мен маталарды
бұзылудан, ісінуден қорғау. Сонымен қатар, олар бұйымдарға қалаулы сипат беру арқылы
декоративтік қызмет атқарады. Кей жағдайларда жабындардың арнайы қасиеттері болуы
мүмкін: Электроқшаулағыш, жылу сақтаушы, күн сəулесіне төзімділік жəне т.б. Қорғаушы
жабындар аппаратураның, металл құрастырылымның, құрылғылардың қызмет ету мерзімін
бірнеше есе үлкейтеді.
лак-бояу материалдарына қойылатын негізгі талаптар қорғалатын беттерге жоғары
адгезия; ТСКК жабын мен металлдардың жақын мəндері; жоғары тығыздық, кеуектіліктің
жоқтығы, су жəне газ өткізбеушілік; жеткілікті қаттылық пен механикалық беріктіктегі
қабықшаның жоғары иілгіштігі; жылуға төзімділік, химиялық төзімділік жəне күн сəулесіне
төзімділік.
Достарыңызбен бөлісу: