С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет222/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

23.1. 
Металлдық материалдар 
Металл қорытпалардың антифрикациялық қасиеттерінің жоғары болуы олардың
гетерогенді құрылымымен қамтамасыз етіледі. Металл материалдар құрылымы жағынан екі 
түрге бөлінеді: 

бір қалыпты жұмсақ жəне қатты қосылыстары бар қорытпалар; 

қатты қалыпты жəне жұмсақ қосылыстары бар қорытпалар. 
Бірінші түрдегі қорытпаларға баббиттер жəне құрамында мыс –қола жəне латун бар 
қорытпалар жатады. Оның құрамындағы жұмсақ қалыптар подшипниктік материалдардың 
қорғаныс реакциясын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге үйкелісті күшейтеді, 
жақсы сіңісу жəне үйкеліс пен жылу өткізгіштікті де жақсартады. 
464 


23.1 Кесте 
(МОСТ 1320-74) Баббиттердің химиялық құрамы және қызметі
Баббит 
Маркасы 
Құрамы , % 
Жұмыс шарты жəне қызметі 
Sn 
Sb 
Си 
РЪ 
Басқалары 
Б88 
негізі 
7,3 ...7,8 
2,5...3,5 
Ұлғайған жылдамдық жəне жоғары серпімді жүктеме 
жылдам жүретін жəне орта айналысты дизельдер
подшипниктері 
Б83 
негізі 
10...12 
5,5...6,5 
Үлкен жылдамдық жəне орташа жүктемелер. Турбина 
подшипниктері, айналысы аз дизельдер, кемелердің есу 
біліктері 
Б83С 
негізі 
9...11 
5...6 
1... 1,5 
Үлкен жылдамдық жəне орташа жүктемелер. Турбина 
подшипниктері, айналысы аз дизельдер 
БН 
9...11 
5...6 
1,5...2 
1... 1,5 
0,1... 0,7 Cd 0,1... 
0,5 Ni 0,5 ...0,9 As 
Орташа жылдамдық жəне орташа жүктемелер. 
Компреееорлар подшипниктері 
Б16 
15...17 
15...17 
1,5...2 
Қалғаны 
— 
Элекротасымалдаушы, жол машиналарының моторлық
подшипниктері 
БС6 
5,5...6,5 
5,5...6,5 
0,1...0,3 
Бұл да 
— 
Автотракторлар двигательдерінің подшипниктері 


жақсартады. Білік тірелетін қатты қосылыстар тозуға төзімділікті қамтамасыз етеді. Майлау 
материалдарын ұстайтын оңтайлы антифрикациялық кең микроорта құрылады.( Шарпи 
қағидасы деп аталады). 
Баббиттер - қалайы мен қорғасын негізді жұмсақ антифрикациялық материалдар(300 
НВ) болып табылады. Антифрикациялық қасиеттері жағынан олардың өзге қорытпалардан 
артықшылығы жоғары болғанымен,қажуға кедергі көрсету жағынан кем қалады.
Тұтқырлығы бар баббиттер өзге қатты бөлшектерді біліктердің соқтығысып қалуын
болдырмай сіңіреді. 
23.1 кестеде баббиттердің құрамы мен негізгі қызметі көрсетілген.
Қалайы бағасының қымбат тұруына байланысты, баббиттердің жұқа қабатын тек ең 
жауапты қызмет атқаратын үлкен жылдамдық пен күш түскен кезде жұмыс істейтін
подшипниктер дайындау үшін қолданады.
Жеңіл жұмыстар үшін қалайының орнына қорғасыннан жасалған баббиттер 
пайдаланылады. Мысалы, Б16 баббитінің иілгіштігі аз жəне жұқа материал болғандықтан 
жоғары күш түсетін, жүктемесі жоғары машиналарда қолданылмайды.
23. 1 суретте Б83 баббитінің микроқұрылымы көрсетілген. Түсі сұр –қоңыр болып келетін 
Sb жəне Cuң қалайының қатты а-ерітіндісінің жұмсақ негізінде SnSb р- фазасының ірі 
ашық түсті квадрат кристалдары мен Cu2Sn қосылыстарының кристалдары таралады.
Баббиттердің антифрикациялық жəне механикалық қасиеттерін никель, кадмий жəне 
мышьяк қоспаларын енгізу арқылы ұлғайтуға болады.
Кальцийлі баббиттер БК теміржол көлігіне қолданылады( вагон пошипниктері, 
дизельдің иінді біліктері). Қорғасын негізді БКА қорытпасында 0,95...1,15 % Са, 0,7...0,9 
% Na болады. Мұндай баббиттердің жұмсақ Ca қатты а –ерітіндісі мен қорғасындағы Na
құраса, ал қаттысында Pb3Ca кристалдары құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет