Металдардың (мысалы,металдардың, жартылай өткізгіштердің, шынылардың) құрылымы мен
өңделуімділігін жақсарту, ішкі кернеулерін төмендету мақсатында жасалатын термиялық
өндеуді жасыту деп атайды.
Металдар белгілі бір температураға дейін қыздырылып, біраз уақыт ұсталады да, баяу
суытылады.
Босаңдату термиялық өңдеудің бір түрі, яғни механикалық өндеуді жеңілдету үшін
жасалатын операция болып табылады. Жасытудан кейін салқындату пештің ішінде жүзеге
асырылады. Жасытудағы қыздыру мақсатына қарай фазалық түрленудің төменгі жəне
жоғарғы температурасында өткізіледі.
Фазалық түрленудің жоғары температурасында металды қыздырып, одан соң
құрылымдық тепе –теңсіздік (тұрақсыз) алу мақсатында жылдам салқындатудың термиялық
өңдеуін полиморфты түрлену шынығуы деп атайды.
Шынықтырудың бұл түрі темір мен көміртекті (болат) құймаларына қолданылады.
Шынықтырылған болатта темірмен қаныққан көміртектің қатты ерітіндісінің құрылымы
түзіледі, оны мартенсит деп атайды.
Оған полиморфтық түрлену қасиеттері тəн шынықтырылған металл қорытпалар мен таза
металдарда байқалатын микроқұрылым, шынықтырылған болаттың негізгі құрылымдық
құраушысы; темірдегі көміртектің қатты ерітіндісі болып табылады.
Шынықтырылған болаттың құрылымы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Қорытпаны тепе
–теңдік күйге жеткізетін процестер бөлме температурасында да өте береді жəне ал
қыздырған кезде тепе –теңдікке жету жылдамдығы көбейеді. Шынықтырылған құйма
құрылымын тұрақты күйге жеткізу үшін фазалық түрленуден төмен температурада
қыздыруды білдіретін термиялық өңдеуді (А
с1
нүктесінен төмен) жұмсарту деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: