І текті босаңдату сынғыштығының себебі - босаңдату кезіндегі мартенситтің шектеулер
мен түйір ішінде біркелкі ыдырамауы. Метал шетіне қарай карбидтер жылдам бөлінеді, ол
жерде кернеу жиналуы түйірлерді сынғыштыққа жеткізеді. Босаңдату температурасы мен
қыздыру ұзақтығы ұлғайғанда түйір қимасының құрылымы теңеседі де, І текті босаңдату
сынғыштығы жойылады. 250...400 °С температурасында қайталама босаңдату
сынғыштығын болдырмайды.
ІІ текті босаңдату
сынғыштығы (қайталама) босаңдатудан соң 450.550 °С
температурасында баяу суыту кезінде байқалады. Босаңдатудың бұл түрі қайталамалы. Баяу
суыту кезінде түйір шеттерінде сынғыш ұсақ карбидтер, фосфидтер мен нитриттер бөлініп
үлгереді. Жылдам суытуда бұл бөлшектер бөлінбейді. Сынғыштықтың бұл түрі қоспалы
болаттарға тəн, құрамында хром мен маргенец құрамы жоғары екендігі байқалады. Болатқа
молибден (0,2.0,3%) немесе вольфрам (0,6.1 %) енгізу ІІ текті босаңдату сынғыштығын
төмендетеді. ІІ текті босаңдату сынғыштығымен күресу жолдарына босаңдатудан соң ауада
емес, майда суыту, ірі бөлшектер үшін – суда да, сонымен бірге болатты молибден мен
вольфрамнан қосымша қоспалау шаралары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: