С. Б. Балшыкеев


Қайта ӛркендеу дәуірі мен Жаңа кезеңдегі христиан діні (XVI-XIX



Pdf көрінісі
бет140/199
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116381
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   199
Байланысты:
Balshikeev 1

Қайта ӛркендеу дәуірі мен Жаңа кезеңдегі христиан діні (XVI-XIX 
ғғ.). 
XVI  ғасырдың  басына  қарай  ескі  ережелерді  орындауға  мҥмкіндік 
бермейтін оқиғалар туындады.  
 Біріншіден,  Христофор Колумб пен Магелланның жаңалықтарының 
арқасында  жақсы  ӛмір  сҥру  мен  байлыққа  он  мыңдаған  адам  ҧмтылған.  
Дҥние туралы тҥсініктері ӛзгерді, еуропалықтар мҥлдем басқаша мәдениет 
тҥрлеріне кез болды.  
Екіншіден,  Еуропа  картасында  билеушілері  папаға  бағынудан  бас 
тартып,  керісінше,  ӛз  мемлекеттерінің  шегінде  шіркеуді  билігіне  алған 
ҧлттық мемлекеттер пайда болды.  
Ҥшіншіден,  маңызды  экономикалық  ӛзгерістер  туындады:  сауда 
халықаралық  саудаға  айналды,  жаңа  еңбек  нарықтары  туындап,  ӛндірістік 
революция дами бастады, қоғамда жаңа әлеуметтік топтар пайда болды.  
Тӛртіншіден,  әлеуметтік  ҧтқырлықтың  қарқыны  мен  масштабы  кҥрт 
артты,  жер иеленушілік  қҧқығы  жойылды және  адамның  жеке  қасиеттерін 
кӛрсетуге  жол  ашылды.  Осылайша,  ортағасырлық  феодалдық  қоғамның 
статикасы ерте капиталистік қоғамның қарқынды дамуымен алмасты.  
Римдік-католиктік 
шіркеудің 
папаға 
жан-жақтан 
ҧсынылған 
реформалардан бас тартуы ерте ме кеш қандай да бір нәтиже беруі тиіс еді. 
Мҧның  нәтижесі  болып  1517  жылдың  31  қазанындағы  оқиға  еді,  ол  кезде 
августиндік-монах,  қҧдайға  қҧлшылық  етуші  дәрігер  және  епископ  М. 
Лютер  индульгенция  саудасы  кӛмегімен  арсыз  және  озбыр  тҥрде  ақша 
алуды айыптаған 95 тезисті жарыққа шығарды. Индульгенция деп әр тҥрлі 
бағадағы  арнайы  бланктер  аталды,  оны  сатып  алған  кҥнәхарлар  ӛздерінің 
кҥнәларының кешірілетініне сенімді болған.   
Шіркеу  М.  Лютерға  қарсы  тҧруға  тырысты,  бірақ  бҧл  әрекет  ешбір 
нәтиже  бермеді:  кҥрес  логикасы  христиан  дініндегі  католиктік  және  жаңа 
бағыт арасындағы кейіннен 
протестантизм 
атауына ие болған шекараның 
бӛлінуіне әкеп соқты. 
Мартин Лютердің негізгі идеялары индульгенцияға сын айтумен ғана 
шектелген жоқ. Оның  катехизисі келесі постулаттарға негізделеді: 
          1.
  Христиандық  ҥшін  шынайы  жалғыз  абырой  Библия  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  дінге  сенушілер  Библияны  ӛздерінің  ана 
тілдерінде оқулары қажет.  
          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет