Гносеологиялық тамырлары. Әлеуметтік әлсіздік ӛздігінен
діншілдіктің себебі бола алмайды. Ол сондай қалпына тек адамның ӛзін-ӛзі,
қоғамдағы орнын тҥсіну нәтижесінде келеді. Сәбилерде діншілдік қасиет
болмайды, оның қарапайым себебі олардың абстракциялау қабілеттері
потенциалды тҥрде мҥмкіндіктер тҥрінде болатындығы саналады.
Тҥсініктер, талқылаулар және ойша пайымдаулар деңгейіндегі абстрактті
ойлар білім мен тәжірибенің жинақталуына қарай бірітіндеп қалыптасады.
Сондықтан да, діннің гносеологиялық тамырлары жайында сӛз
болғанда, адамның «басқа ақиқатты» қалыптасқан шындық негізінде
қҧрастыру, қиялдау, ортақтандыру қабілеттерімен ерекшеленетін танымның
деңгейі жӛнінде айтылады.
Ғылыми әдебиетте танымдық әрекет барысында қиялдар, жалғандар,
бҧрмалаулар мен теріс тҥсіндірулер, мағынасыздықты туындататын ойды
ақиқаттан ажырататын шынайы қауіптіліктер әрдайым анықталып отырды.
Осыған қарамастан, кез-келген тҥсінікте нақтылы, сезіммен қабылданатын
шынайылық элементі сақталады. Мысалы, діни
«жұмақ» тҥсінігі әр
халықта ерекше мазмҧнға ие, себебі, ол жер беті тіршілік әрекетінің нақты
жағдайларының әсер етуімен қалыптасты.
Осыған байланысты біреуді кімнің діні шынайы, кімдікі жалған
екеніне сендіру ойға қонымсыз болып табылады. Басқасын тҥсіну
маңыздырақ саналады: кез-келген дін – шынайы интеллектуалды
ізденістердің кӛрсеткіші. Дамыған дін ілімі тек жетілген ойдың нәтижесі
ретінде мҥмкін бола алады. Діни наным практикалық білімнің табиғи
23
жалғасы болып табылады. Ол ғылымның кӛптеген «қашан, қайда, неге, не
себепті» деген сҧрақтарына жауап беруге қабілетсіз жерлерінде туындайды.