С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет117/199
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116381
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199
Байланысты:
Balshikeev 1

Библия.  «Библия»
  сӛзі  грек  тілінен  алынған  және  «кітап»  деген 
мағынаны  білдіреді.  Жалпыхристиандық  канондық  Библия  Кӛне  Ӛсиеттің 
39  кітабы  мен  Жаңа  Ӛсиеттің  27  кітабынан  қҧралады  –  барлығы  66 
шығарма бар. Православиялық нҧсқа оларды канондық деп санамағанда 11 
кітапты, ал католиктік – 6 кітапты енгізеді,.   
Ғасырлар бойы бибилиялық сюжеттер мен әңгімелер тарихшылардың, 
археологтардың,  философтардың,  географтардың,  әдебиетшілердің  зерттеу 
нысаны  болған  және  әлі  де  қалады.  Рембрандт,  Греко,  Шекспирдің, 
Дантенің,  Достоевскийдің  және  кӛптеген  басқа  да  данышпандардың 
жҧмыстары Библияның әсер етуімен орындалған.   
Мамандардың  пайымдауынша,  Библияның  бірінші  кітаптары  б.з.д. 
XV  ғ.,  ал  соңғы  кітаптары  –  б.з.  I  ғ.  жазылған.  Библияның  авторлары 
(олардың  саны  қырықтан  астам  болды)  әр  тҥрлі  әлеуметтік  топтардың 
ӛкілдері  болды:  бақташы  (Амос),  әскери  басшы  (И.  Навин),  балықшы 
(Петр),  дәрігер  (Лука),  шарап  дайындаушы  (Неемия),  патша  (Соломон) 
және т.б. Сондықтан да, Библияның әр тҥрлі кітаптарының терминологиясы 
бір-бірінен айқын ерекшеленді.  
Библиялық  мәтіндер  әр  тҥрлі  жағдайларға  байланысты  жазылды: 
бейбітшілік  және  соғыс  кезеңдерінде,  ҥйде  және  саяхатқа  шығу  кезінде, 
абақтыда  немесе  бостандықта,  Азияда  және  Еуропада.  Кӛне  Ӛсиет 
кітаптары  иврит  және  арамейлік  тілде,  ал  Жаңа  Ӛсиет  грек  тілінде 
жазылған.  


 
68 
Библияға деген  қарым-қатынас кӛп мағыналылығымен ерекшеленеді: 
бір  полюсте  –  толық  остракизм  немесе  оны  аңыздар  жиынтығы  деп 
есептеледі,  басқа  полюсте  –  толассыз  мадаққа  немесе  табыну  нысанына 
айналдырады.  Осы  полюстер  арасында  библиялық  мәтіндердің  ӛзара 
қарама-қайшы талқылаулары бар. Әлдекім Библияны әркімнің ӛздігінше ән 
салатын музыкалық аспап деген.  
Библия  әдеби  жанрларының  байлығымен  ерекшеленеді:  қара  сӛз, 
поэзия,  ӛлең,  жоқтау,  ӛсиет  әңгіме,  қысқа  хабар,  тарихи  әңгіме  және 
басқалары.  Онда  аса  жоғары  философиялық  мәні  бар  мәселелер 
талқыланады:  Дҥниенің  бастауы  мен  соңы,  ӛлім  мен  мәңгілік  ӛмір,  адам 
ӛмірінің мәні мен мақсаты жайлы мәселелер. 
Бҧл кітап ой толғауға себеп болады, ойлауға мәжбҥр етеді. Библияның 
оқырмандары  мен  оны  қҧрмет  тҧтатындар  әр  тҥрлі  ойларымен 
ерекшеленеді. Бҧл жағдай христиандық дін ілімінің тармақталған жҥйесінің 
туындауына  ықпал  етті.  Қазіргі  таңда  библиялық  ілімді  әр  тҥрлі  жақтан 
талқылайтын және тҥсінік беретін кӛптеген дін іліміне байланысты пәндер 
бар: 

апологетика
,
  қҧдайға  сенбейтін  және  ӛзгеше  ойды  ҧстанушылар 
алдындағы негізгі догматтарды қорғаумен айналысады;  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет