«Университет»
термині алғашқыда
студенттер мен оқытушылардың қала мен тҧрғындар тарапынан тіл
тигізулерден қорғайтын корпорацияны білдірді.
Ең атақты университеттер қатарында Париж, Болон, Оксфорд және
Кембридж университеттері болды, онда қҧдайға қҧлшылық ету, қҧқық,
медицина, математика, философия, астрономия, риторика және музыка
пәндері оқытылды. Ол жерде «бакалавр», «магистр», «доктор» сияқты
ғылыми дәрежелер берілген. Сабақ латын тілінде ӛтті, емтихандар кӛпшілік
алдында ауызша және жан-жақты тҥрде тапсырылды. Әр университеттің
белгілі бір қҧқықтары мен артықшылықтары болды, ӛз мәртебелерін
бағалады және сол заманға лайықты алдыңғы қатарлы мамандарды
даярлады.
XV ғасырдың басына қарай Еуропада барлығы 75 университет болды.
Осының арқасында мамандарды даярлау монастырлар мен соборлар
жанындағы мектептерден анағҧрлым жоғары және кӛпшілік дәрежеге
ауыстырылды.
Ортағасырлардағы католиктік шіркеулердің қуаттылығы айқын
болатын. Алайда, шіркеуге ҥнемі сырттан және іштен қауіп тӛніп отырды.
Католиктікті дҥр сілкіндірген ең басты ӛзгерістердің жаршылары Дж.
Уиклиф, Ян Гус және Савонарола болып табылды.
Дж. Уиклиф
(Англия, ХIV ғ.), ең алғаш болып шіркеу байлықтарын
тәркілеу және папа билігінен тәуелсіз болу қажеттігін айтты. Ол библияның
тҥсінікті ана тілі – ағылшын тілінде жазылғаннан соң, мәртебесінің
артқанын баса айтты. Оның кӛзқарастарына айып тағылды, ал
Константиндік собор (1415 ж) оның мәйіті мен шығармаларын жағуды
қаулы етті.
Ян Гус
(Чехия, XV ғ.), Болашақ Прага университетінің ректоры бола
отырып, ағылшындық Дж.Уиклифтің реформалық идеяларын жақсы біліп,
қабылдаған. Индульгенция саудасымен айналысуды айыптады, шіркеу
реформаларын талап етті, билік басындағылар мен шіркеудің «қҧдай
заңын» бҧзу кезінде бой ҧсынбау идеясының негізін салды. Ақырында, Ян
Гус отқа жағылды.
Савонарола
(Флоренция, XV ғ.), доминикандық-монах, Италияның
адамгершілікке жат діни католиктік ӛмір сҥру салтын айыптап қана қоймай,
сонымен қатар, республика мен теократияны біріктіру арқылы аты шыққан.
Оның әуесқой уағыздары халықтың қызығушылығы мен тілектестігіне
бӛленді. Ақырында, Савонарола жазаға кесіліп, дарға асылған.
Бҧл ҧлы адамдар Реформацияның негізін салушылар, оның
хабаршылары мен папалардың шіркеу мен мемлекеттік істердегі ажырамас
ҥстемшілігін бҧзушылар болды. Католиктерге қарсы оппозиция Петрарка,
Боккаччо, Рейхлин, Эразм Роттердамский және басқа да ҧлы гуманистердің
шығармаларынан кӛрініс тапты.
79
Католиктік биліктің қҧлауына билеушілеріне папа билігі қиындық
тудыратын жаңа ҧлттық мемлекеттердің, сонымен қатар, бҧл мемлекеттерде
қарқынды жаңа буржуазия топтарының пайда болуы әсер етті. Дәл осы
топқа тарихтың келесі беттерін жазуға тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: |