5. Тозақ, жұмақ және құдайдың алдында есеп беру күні туралы ілім. Жанның мәңгілік ӛмір сҥруі туралы постулатқа сәйкес, иудаизм жер
бетіндегі тіршіліктің о дҥниенің мәңгілік ӛміріне дайындық ретінде
қабылдану қажеттігі жӛнінде оқытады. Иудаизмнің киелі кітаптарында,
әсіресе, Талмудта иудейлік қауымдастықтың ересек мҥшелері ҥшін 613
жарлық міндетті тҥрде орындалуы қажет саналады. Жҧмаққа апаратын
жолдың адам тіршілік әрекетінің барлық салаларына қатысты сан қилы
қиындықтарға толы болатынын тҥсіну қиын емес: ырымдарды орындау,
отбасылық қатынастар, сауда келісімдері, балаларды тәрбиелеу және т.б.
Иудаизмде
басқа
діндердегідей
кӛптеген
элементтерден
қалыптасатын табыну тәжірибесіне баса назар аударылады.
Қҧдайға сенетін бірде-бір иудей ешбір маңызды ісін Яхваға сиынбай
бастамайды. Сонымен қатар, бір қҧдайға сиынушылардың ғибадатхана
қабырғасында жалпы дҧғаларды – синагогтарды оқуы мадақталады.
Цицит. Бҧл сӛз тік тӛртбҧрыш тҥріндегі кездеме матаның кесегін
білдіреді, ол жҥн шашақтармен кӛмкерілген және сыртқы киімнің сыртынан
киіледі. Цицит қорғаныс қызметін атқарады және ҥнемі Қҧдайдың Израиль
Қҧдайы ретінде ӛмір сҥргенін елестетеді. Цицитті кию – иудейдің қасиетті
міндеті болып саналады.
Кошер және треф . Кошер – тҧтынуға рҧқсат етілген, треф – тыйым
салынған тағам. Қоянның, тышқанның, шошқаның, етпен қоректенетін
41
қҧстың етін, сонымен қатар, ӛлексені тағам ретінде пайдалануға тыйым
салынады.