С.Қ. Базарова, Л. Б. Смағұлова Қазақстан қор нарығЫнЫҢ даму жолдары



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі365,7 Kb.
#33828
  1   2
С.Қ.Базарова, Л.Б.Смағұлова
ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫнЫҢ даму жолдары
Акедемик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье рассмотрены проблемы фондового рынка, а также купли-продажи ценных бумаг в Республике Казахстан. Проанализированы особенности и тенденции в развитии казахстанского рынка ценных бумаг. На основе исследования сделаны предложения по проведению агитационно-пропогандисткой работы, привлечению опытных западных брокерских компаний для работы на отечественных биржах, открытию клиринговых палат и созданию рейтинговых агенств.

Article discusses a stock market and some issues related to the trade of securities in the Republic of Kazakhstan. It analyses special features of the Kazakh market for securities and defines its development trends. Based on the research, authors make suggestions regarding the involvement of more experienced foreign commercial agents into the local exchange market, the creation of clearing and rating organizations, and popularization of the stock market amongst the nation.


Қаржы нарығының жаһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы кағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипат алады.

Қаржы қорын тарту аспабы ретінде құнды қағаздың пайда болуы инвесторға шаруашылық қызметімен байланысты тәуекел мәселесін шешу үшін, оның қаржы жағдайының тұрақтылығына жауап беретін қажетті құнды қағаздар санын сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік құнды қағаздар нарығының басымдылығымен, портфельдік те, стратегиялық та шетелдік инвестициялардың едәуір кірісімен, Еуропалық одақ мемлекеттерінің, әсіресе Германияның қор нарығының қалыптасуына күшті ықпалымен сипатталды. Яғни, бастапқыда қазақстандық бірлескен құнды қағаздар нарығы міндетті емес, үлестік болып қалыптасты. Нарықтық экономикада құнды қағаздар нарығы ақша қорын қайта бөлу механизмінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қор нарығы еркін, сонымен қатар реттелетін, аса эффективті шаруашылық салаларына капиталды аудару нарықтық механизмін құрады.

Қор нарығы еркін, сонымен қатар реттелетін, аса тиімді шаруашылық салаларына капиталды аудару нарықтық механизмін құрады. Қазақстанда қор нарығының дамуы үшін қажетті құқықтық та, институционалдық та негіз жасалған. Қазақстандық қор биржасы 10 жылдан аса жұмыс істейді. Бірақ техникалық базаның жетілгенімен акциялар, жедел келісім-шарт нарығы жеткілікті дамымаған. Бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін мәселелерді шешу қор нарығының функцияларын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаз - бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігіне, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Оларды есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

Бағалы қағаздар нарық субъектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына бағалы қағаз арқылы субъектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын қанағаттандыру, ал осы құралдарға инвестициялаған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауын жатқызылады

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының алғашқы элементтері КСРО заңдарының негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік фирмалар, қор биржалар құрылған кезде 1991 жылы көріне бастады. Қазақстанның бағалы қағаздар туралы ең алғашқы «Қазақ ССР-ндегі бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» заңы 11 шілде күні 1991 жылы шықты.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының нормативті-құқықтық базаның негізі болып келетін келесі заңдар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан; «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалатын келісімдердің тіркелінуі туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан; «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» 1997 жылдың 5 наурызынан. 1997 жылдың 20 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылдады. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына қол қойды.

Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуы 1992 жылға тиесілі. Бірақ, инфляция қарқындарының тез өсуіне байланысты инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция салу тиімсіз болды. Осыған байланысты Ұлттық банктің ұсынысымен Үкімет бағалы қағаздардың табыстылығын қайта қарастырған болатын.

1994 жылы жалпы сомасы 233,7 млн. болатын 3671 мың бірлік вексель 15 аукционда орналастырылған. 1995 жылдың 1 қаңтарында жалпы сомасы 209,7 млн. теңгеге вексель айналымда болған. 2000 жылдың сәуірінен бастап тек теңгелік мемлекеттік бағалы қағаздар шығарыла бастады, олардың мерзімдері ұзартылып, табыстығы төмендеген болатын. 2001-2002 жж. бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу Ұлттық Банктің құзырына енген. 2003 ж. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және бақылау туралы», «Электронды құжат және электронды сандық қолы туралы» заңдары қабылданды.

2004 жылдан бастап Қазақстанда қаржы нарығының негізгі сегменттерінің қызметін реттеу Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу Агенттіктің құзырына енген.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы үшін, оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциямен қамтамасыз ету үшін, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту және қазақстандық капиталдың халықаралық бағалы қағаздар нарықтарына шығуы үшін Үкіметпен Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығы құрылған. 2006 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы туралы» заңы қабылданды.

Қазақстанның негізгі биржасы - Қазақстан қор биржасы немесе KASE (KAZAKH ASSET STOCK EXCHANGE). KASE құрылу уақыты – 1993 жыл деп бекітілді. 1999 жылдан бастап аталған биржалар қайта қосылып, KASE атауын бекітті. KASE-тің құрамында 71 акционер бар (01.12.08)- «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы», банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару бойынша компаниялар, ЖЗҚ және тағы басқа қаржы ұйымдары бар. 2008 жылдың бірінші қарашасында KASE көрсеткіштері келесідей болған: меншікті капитал- $10,6 млн; төленген жарғылық капитал-$1,4 млн; жарияланған акциялардың көлемі-5 000 000; орналастырылған акциялардың көлемі- 450 000; акциялардың баланстық құны- 2 732 тенге.

KASE-тің айналыс объектілері ретінде келесі активтер танылады: отандық мемлекеттік бағалы қағаздар; эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздар; халақаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары; ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР-да айналысуға құқықтары бар шетел эмитенттердің бағалы қағаздары; вексельдер; базалық активтері KASE айналысатын туынды бағалы қағаздар; шетел валюталары.

2007 жылдың 6-қыркүйегінде Қазақстанның қор биржасы (әрі қарай - Биржа) және индекстерді жеткізуде әлімдегі жетекші Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі олардың арасындағы келісімді растайтын хатқа қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстан S&P/IFCG Extended Frontier 150 индексіне қосылған, ал алдағы уақытта S&P/IFCG Extended Frontier 30 индекісен қосылады. S&P агенттігінің есебі бойынша, Қазақстан соңғысында 2-ші немесе 3-ші орын алады. Осы арқылы, S&P-тің индекстік қызметі өз индекстерін есептеген кезде, Қазақстанның ұйымдасқан нарығындағы мәліметтерді есепке ала алады. Биржа мамандарының пікірінше, бұл – Қазақстанның қор биржасы дамудың белгілі бір кезеңіне жеткенін дәлелдейтін маңызды оқиға. Өйткені, қазірдің өзінде Қазақстан шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр.




Сурет 1. KASE биржасында 2006, 2007 және 2008 жылдардың қаңтар-қазан айларында жасалған келісім- шарттардың көлемі1
Суретте келтірілген мәліметтерге назар аударсақ, 2007 жылы шетел валюталармен жасалатын операциялар 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе өскенін, ал 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайызға өскенін байқауға болады. 2007 жылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу - сату бойынша жасалған келісім- шарттардың көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейді, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға төмендеді. Шетел мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын келісім - шарттардың көлемінің деңгейі 2008 жылы нольге жетті. 2007 жылы акциялармен жасалған келісімдердің көлемі 2 есе өсті, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе кеміді. Корпоративті облигациялар бойынша келісім- шарттардың көлемі 2007 жылы 39 пайызға өсті, ал 2008 жылы 20 пайызға кеміді. Репо операциясы бойынша 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда келісім- шарттар көлемі 2 есе көбейді, бірақ 2008 жылы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді.

2 суретте келтірілген мәліметтер бойынша, 2007 жылдың соңында мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі айналымда 738,4 млрд тенгені құрғанын көруге болады, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің ноталары - 228,9 млрд. тенге, ҚР Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары - 506,1 млрд. тенге және муниципалды бағалы қағаздар 3,4 млрд. тенге құрады.



Сурет 2. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуы2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет