—
ашуланшақтық, салқындық жəне қҧрғақ қатынассыз іскерлік;
—
тəрбиелік ықпалды жҥзеге асырудағы қатаңдық пен реттілік;
—
ҧсақ-тҥйексіз өзіндік қорғалымды дамыту;
—
асығыс жəне оғаш қылықсыз шешім шығару арқылы
тəрбиелеу ықпалының жеделдігі мен уақыттылығы;
—
өз бақылауыңызды білдірмей оқушыға мҧқият болу;
немқҧрайлылық пен шектен тыс əсерленгіштіксіз қатынастағы
байыпты зейін мен салмақтылық;
—
дидактизм мен морализмсіз оқушылармен əңгімелесу.
Педагогикалық əдептің басты белгісі — қатынас процесінде
1
педагог пен оқушының қатынас шараларын табу.
Сонымен, педагогикалық əдеп мҧғалімнің байсалды мінез-
қҧлқынан көрінеді. Ол «оптимистік гипотеза» тəсілдемесі
тҧрғысынан, тіпті қателесу тəуекелімен оқушыға сенімділікпен
қарауды талап етеді дейді А. С. Макаренко. Оқушының мҥмкіндігін
пессимистік көзқараспен бағалайтын жəне ҥнемі соны еске салып
отыратын мҧғалім əдепсіз саналады. Мҧғалімнің сенімі оқушыларды
жҧмысқа ынталандыруы тиіс. Ол ҥшін оқушының табыстарын əдейі
көбейтіп айту тəсілін де қолдануға болады, сонда ол өзінің
тырысқанына, табысына қуанатын болады. Егер шынайы сенім
артылса, ол салғырт емес, ықпалды болады, егер тəрбиеленушіге
қатысты мҧғалімнің қырағылық ҥлесімен, бақылауымен байланысты
болса, онда нақты істермен бекиді. Бірақ бақылау педанттық
болмауы керек, кҥдікпен қысым көрсетілмеуі тиіс.
ЖАНЖАЛДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШІМІ
Педагогикалық этика туралы айтқанда, білім саласындағы өткір
мəселенің бірі — жанжал туралы айтпай кетуге болмайды.
Адамдардың көңіл кҥйіне əсер ететін жəне оқушылардың арасында
да, мҧғалімдердің ҧжымында да микроклимат тудыратын қатынастар
тез өзгеретін жағдайларға байланысты, олар жанжалдың тууына
алып келетіні жасырын емес.
Біз
Достарыңызбен бөлісу: