Сауалнаманың кілті.
Бақталастық:
3а, 6б, 8а, 9б, 10а, 13б, 14б, 16б, 17а, 22б,
25а, 28а.
Ынтымақтастық: 2б, 5а, 8б, 11а, 14а, 19а, 20а, 21б, 23а, 26б,
28б , 30б.
Ымырашылдық:
2а, 4а, 7б, 10б, 12б, 13а, 18б, 20б, 22а, 24б,
26а, 29а.
Қашқақтау:
1а, 5б, 7а, 9а, 12а, 15б, 17б, 19б, 21а, 23б,
27а, 29б.
Бейімделу:
1б, 3б, 4б, 6а, 11б, 15а, 16а, 18а, 24а, 25б,
27б , 30а.
Жанжал жағдаятында əрекет етудің ең таңдаулы тҥрлерін
анықтау ҥшін, алынған сандық бағалау əр тарау бойынша өзара
салыстырылады.
2 тапсырма.
«Жанжал жағдаяты».
Тапсырма мақсаты —жанжалдың мəні туралы студенттердің
білімін пысықтау, олардың тҥрлі ҧқсас жанжал жағдаяттарына
талдама жасау дағдыларын дамыту жəне əлеуметтік əрекеттесудің
кҥрделі жағдаяттарында басқару шешімдерін қабылдай білуді
қалыптастыру.
1-тасырма.
Сіз жақын арада кадрлар жөніндегі менеджер болып
тағайындалдыңыз. Сіз фирма қызметкерлерін жақсы білмейсіз,
қызметкерлер сізді бет-əлпетіңізден əлі тани қоймаған. Сіз бас
директорға жиналысқа келе жатырсыз. Шылым шегетін бөлменің
тҧсынан өтіп бара жатып, сіз темекі шегіп, өзара бір нəрсені қызу
талқылап жатқан екі қызметкерді көріп қалдыңыз. Жиналыстан 1
сағаттан соң қайтып келе жатып, шылым шегетін бөлмедегі жаңағы
қызметкерлердің əңгімелесіп тҧрғанын тағы көресіз.
С ҧ р а қ . Осы жағдайда сіз қандай əрекет жасар едіңіз? Өз
əрекетіңізді тҥсіндіріңіз.
2-тапсырма.
Сіз бөлім бастығысыз. Бөлімнің жағдайы кҥрделі,
жҧмыс өз мерзімінде орындалмаған. Қызметкерлер жетіспейді. Сіз
іссапарға шығып бара жатып, əуежайда өзіңіздің қол астыңыздағы
қызметкеріңізді – екі апта бойы емдеу қағазымен ҥйінде жатқан жас
келіншекті көріп қаласыз. Сіздің ойыңызша, ол сап-сау жəне біреуді
тағатсыздықпен кҥтіп тҧр.
С ҧ р а қ . Осы жағдайда сіз қандай əрекет жасар едіңіз? Өз
əрекетіңізді тҥсіндіріңіз.
3-тапсырма.
Бір қызметкер екіншісіне жҧмыста көп рет жəне
жиі қайталанатын қателіктер туралы өз наразылығын білдіруде.
Екінші қызметкер наразылықты қорлау деп тҥсініп тҧр. Екеуінің
арасында жанжал орын алды.
С ҧ р а қ . Жанжалдың себебі не? Шиеленістық жағдаятты
анықтаңыз.
4-тапсырма.
Басшы өз орынбасарына бағынышты қызметке
өтуге тиісті маманды жҧмысқа қабылдады. Жҧмысқа қабылдау
бастықтың орынбасарымен келісілмеген. Көп ҧзамай жаңа
қабылданған қызметкердің өз міндеттерін орындауға қабелітсіз
екендігі анықталды. Орынбасары басшысына осы жағдай туралы
жазбаша баяндайды...
С ҧ р а қ . Басшының орнында болсаңыз, Сіз не істер едіңіз?
Мҥмкін болатын нҧсқаларды ойластырыңыз.
5-тапсырма.
Қызметтік жиналыста бағынышты қызметкер
бастыққа қаратып өз тарапынан сын айтқаны ҥшін, бастық оған əр
ҧсақ-тҥйек бойынша ҧрынып, оның қызметін бақылауды кҥшейтті.
С ҧ р а қ . Жанжалдың себебі не? Жанжал жағдаятын анықтаңыз.
|