С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


-тест. Агрессиялық бойынша ӛзін ӛзі бағалау



Pdf көрінісі
бет165/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

2-тест. Агрессиялық бойынша ӛзін ӛзі бағалау 
Н ҧ с қ а у . Әрбір сҧрақтан бір жауаптың нҧсқасын таңдаңыз. Егер 
қандай да бір сҧраққа жауап бере алмасаңыз, жиналған баллдарыңызды 
санау кезінде оны екі ҧпай деп бағалаңыз. 
1.
Жанжалдан соң сіз татуласуға жол іздестіресіз бе? 
а) Әрқашан ; 
б) кейде; 
в) ешқашан . 
2.
Сындарлы жағдаятта сіз өзіңізді қалай ҧстайсыз? 
а) іштей қайнайсыз; 
б) толық байсалдылықты сақтайсыз; 
в) өзіңізді ҧстай алмайсыз. 
3.
Сізді əріптестеріңіз қандай адам деп санайды? 
а) өзіне өзі сенімді; 
б) бауырмал; 
в) салмақты. 
4.
Егер сізге «кҥйіп кететін» жауапты лауазымды ҧсынса, сіздің 
жауабыңыз қандай болады? 
а) біршама қауіптенумен қабылдайсыз; 
б) шҥбəсіз келісесіз; 
в) жеке жан тыныштығыңыз ҥшін бас тартасыз. 
5.
Әріптесіңіздің бірі сіздің рҧқсатыңызсыз ҥстеліңізден қағаз алатын 
болса, өзіңізді қалай ҧстайсыз? 
а) «жанын шығарып», сөгіп аласыз; 
б) қайтаруды өтінесіз; 
в) көңіл аудармайсыз. 
6.
Жҧбайыңыз əдеттегіден кешігіп келген болса, сіз оны қандай сөздермен 
қарсы аласыз? 
а) «Сені осыншалықты не кідіртті?»; 
б) «Кеш болғанша қайда жҥрсің?»; 
в) «Мен алаңдай бастадым». 


(Әйелдерге — кҥйеуі жайлы сол сҧрақтар, бойдақтарға — кездесуге 
кешіккен адам туралы.) 
7.
Автомобиль рөлінде өзіңізді қалай ҧстайсыз (өзіңіздің немесе 
автодромда балаңызбен)? 
а) «қҧйрығын» көрсетіп кеткен мəшинені басып озуға тырысасыз; 
б) қанша автомобиль өтсе де, сізге бəрібір; 
в) сізді ешкім қуып жете алмайтындай жылдамдықпен ҧшасыз (ав- 
тодромда «таран» жасайсыз). 
8.
Өмірге деген көзқарастарыңызды қандай деп ойлайсыз? 
а) байсалды; 
б) жеңіл өзгеретін; 
в) табанды. 
9.
Барлығы сəтті болмай жатса, не істейсіз? 
а) кінəліні табасыз (айналадағы адамдардың арасынан); 
б) мойнсҧнасыз; 
в) болашақта абай боласыз. 
10.
Заманауи жастардың бетімен кеткендігі жайлы ақпаратқа қалай жауап 
бересіз? 
а) «Ҧстап, колонияға жіберу керек!»; 
б) «Пуритандық бҥгін сəн болған сияқты»; 
в) «Әдеп полициясын қҧрып, жақсылап айыппҧл салу қажет!» 
11.
Сіз алғыңыз келген лауазым басқа адамға бҧйырса, қандай сезімде 
боласыз? 
а) «Осыған неменеге жҥйкемді тоздырдым екен?»; 
б) «Оның тҧрқы басекеңе жаққан ғой!»; 
в) «Мҥмкін келесі рет жолым болар». 
12. 
Қорқынышты фильмдерді қалай қарайсыз? 
а) қорқасыз; 
б) ішіңіз пысады; 
в) шынайы рахаттанасыз. 
13. 
Жарыс, ойынға қалай қарайсыз? 
а) жеңуге тырысасыз; 
б) олимпиададағы сияқты: бастысы — жеңіс емес, қатысу; 
в) егер жеңіліп қалсаңыз, көңіліңіз қатты бҧзылады 
14. 
Егер жол тығынына бола сіз маңызды жиналысқа кешігіп қалсаңыз: 
а) жиналыс кезінде кҥйгелектеніп отырасыз; 
б) ақталуға тырысасыз ; 
в) кҥйінесіз. 
15.
Егер сізге мейманханада (кафеде) дҧрыс қызмет жасамаса, не істейсіз? 
а) айғай-шудан қашқақтап, төзесіз; 
б) əкімшіні шақырасыз; 
в) мейрамхананың (кафенің) директорына шағымдануға барасыз. 
16.
Егер сіздің балаңызды (кіші ініңізді, сіңліңізді/қарындасыңызды/) 
мектепте ренжітіп қойса, өзіңізді қалай ҧстайсыз? 
а) мҧғаліммен сөйлесесіз; 
б) «жасөспірім қылмыскердің» ата-анасына шу шығарасыз»; 
в) балаңызға ренжіткен баланың өзін ҧруға кеңес бересіз. 
17.
Өз ойыңызша, сіз қандай адамсыз? 
а) өзіме айтарлықтай сенімді емеспін; 


б) сенімдімін; 
в) табандымын, ал кейбіреулер «өжет» дейді. 
18.
Егер есік алдында сіз қол астыңыздағы немесе жасы кіші адаммен 
қақтығысып қалып, ол кешірім сҧрайбастаса, сіз не деп жауап бересіз? 
а) «Кешіріңіз, бҧл менің кінəм»; 
б) «Ештеңе етпейді, тҥк емес!»; 
в) «Сіз абайласаңыз болмай ма?!» 
19.
Жасөспірімдер арасында бҧзақылық оқиғалары туралы ҥнпарақтың 
мақаласына қалай қарайсыз? 
а) «Осыларды қашан қолға алар екен, тҥге?»; 
б) «Алдымен сабау керек, ол көмектеспесе, колонияға жіберу керек!»; 
в) «Бəрін оларға ҥйіп-төгуге болмайдыы, тəрбиешілер де кінəлі». 
20.
Сізге дҥниеге қайтадан жануар болып туылу кҥтіп тҧрғанын көзіңізге 
елестетіңіз. Қай жануар болуды таңдар едіңіз? 
а) жолбарыс; 
б) ҥй мысығы; 
в) аю. 
Н ə т и ж е л е р д і б а ғ а л а у . 
Сіздің əр жауабыңыз 1-ден 3 ҧпайға дейін бағаланады. Бағалауды 
кестеден табасыз. 
Жауап- 
тар 
Сҧрақтар 








9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 
а 
1 2 3 2 3 2 2 2 3 3 1 3 2 1 1 1 1 1 2 3 
б 
2 1 2 3 2 3 1 1 2 1 3 1 1 2 2 3 2 2 3 1 
в 
3 3 1 1 1 1 2 2 1 2 2 2 3 3 3 2 3 3 1 2 
35 — 44 ҧпай. Сіз орташа агрессиялысыз, бірақ өмірде айтарлықтай 
жемісті қадам басып келесіз, өйткені сіздің бойыңызда мансапқҧмарлық 
пен сенімділік жеткілікті. 
45 жəне одан астам ҧпай. Сіз тым агрессиялысыз, бҧл ретте 
адамдарға кей кездері аса мейірімсіз боласыз жəне ала қҧйын мінез 
танытасыз.сіз өзіңізге сеніп жəне басқалардың мҥдделерін аяқ асты ете 
отырып, «жоғарыға» көтерілуге ҥміттенесіз. Сондықтан қызметтес 
адамдардың жиіркенішті көзқарасы сізді таңдандырмайды, бірақ бҧл 
ретте сіз оларды осы ҥшін жазалауға тырысасыз. 
34 жəне одан аз ҧпай. Бəлкім өз кҥшіңіз бен мҥмкіндіктеріңізге 
сенімсіздігіңіз жеткіліксіз болғандықтан, тым ынтымақшылсыз. Бҧл, 
əлбетте, сіздің кез келген жел астында қҧрақша майысады дегенді 
білдірмейді...Сонда да сізге көбірек батылдық кедергі болмас еді. 
Егер 7 жəне одан да көп сҧрақтар бойынша сіз 3 ҧпай жəне 7 сҧрақ 
бойынша 1 ҧпайдан жинаған болсаңыз, онда сіздің агрессиялығыңыздың 
жарылыстары конструкциялықтан гөрі талқандаушы сипатта болар. Сіз 
ойластырылмаған əрекеттер мен қиян- кескі пікірталасқа бейімсіз. Сіз 
адамдарға менсінбей қарайсыз жəне өз 


қылықтарыңызбен қоздырмауға болатын шиеленісті жағдаяттарға тиек 
боласыз. 
Егер сіз 7 жəне одан астам сҧрақтардан 1 ҧпайдан жəне 7 сҧрақ 
бойынша 3 ҧпайдан алған болсаңыз, онда сіз тым тҧйықсыз. Бҧл сізге 
агрессиялылықтың ҧшқындары тəн деген ҧғым емес, бірақ оларды сіз 
тым мҧқият жасырасыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет