7 - сабақ
ОҚЫТУШЫНЫҢ СЫРТ КЕЛБЕТ МӘДЕНИЕТІ
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : оқытушының сыртқы келбетінің
педагогикалық қызметінің ерекшелігін жете тҥсіну, сыртқы келбетті
педагогикалық ықпал ету қҧралы ретінде басқарудың бастапқы
дағдыларын дамыту, сыртқы келбет мəдениеті деңгейін көтерудің
қажеттілігін ынталандыру.
ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу.
«Мҥсінді бақылау жəне тҥзету». Қабырғаға тҧрып,
оған арқаңызбен нық тақала тҧрыңыз. Аяқтарыңызды қосып,
қолдарыңызды тҥсіріңіз, басыңыз қабырғаға тиюі тиіс. Егер беліңіз
бен қабырғаңыздың арасынан алақаныңыз өтпейтін болса, онда
мҥсініңіз жақсы деген сөз. Басқа жағдайда (саңылау ҥлкен болса)
тығыршығы нашар қҧрсақ пен қарын омыртқаны алға тартып тҧрады.
Арқа мен қҧрсақ тығыршығының бҧлшықеттерін нығайту ҥшін,
кҥніне 2-3 рет (тамақтану алдында) жоғарыда айтылғандай қабырғаға
тҧру қажет. Қабырға мен бел арасында ҥлкен саңылау болмас ҥшін (4
см-ден жоғары), қҧрсағыңызды ішке қарай тартыңыз, ал егер
бҥкіреюге бейімділігіңіз бар болса, саусақтарыңызды иықтарыңызға
жететіндей етіп, шынтақтарыңызды денеңіздің бойымен бҥгіңіз (бҧл
ретте қабырға мен бел арасындағы саңылау көбеймеуі тиіс). Жаттығу
1-3 мин. орындалады. Еркін тыныс алыңыз.
Жаттығуды аяқтаған соң, кезекпе-кезек саусақтарыңыз бен
аяқтарыңызды сілки жҥріп, бөлмеңізді аралап шығыңыз. Жақсы
мҥсінмен жҥріп өтіңіз (қабырғада тҧрған сияқты).
2-жаттығу.
«Кішкене тоғайға барамыз». Орныңызға тҧрыңыз,
бойыңызды тіктеңіз, арқа мен иық бҧлшықеттерін босатыңыз.
Денеңізді аздап көтерген сияқты (иық, кеудені) оны артқа-төменге
лақтырып, киім ілгішке пальтоңызды ілгендей, «омыртқаңызға
кигізіңіз». Арқаңыз мықты, тік, ал қолдарыңыз, мойныңыз бен
иықтарыңыз еркін де жеңіл болды (2-3 рет қайталаңыз). Сіз ҥшін
бҧндай ахуал ҥйреншікті, табиғи болып қалыптасуы тиіс.
3-жаттығу.
«Дене қалпын бақылау жəне тҥзету». Айна алдында
өзіңізге тəн дене қалпын қабылдаңыз; адамдармен араласу кезінде
өзіңізге тəн тҥрлі қимылдарды жасаңыз (қол, аяқ, бас дене
қимылдары). Мҥсініңіз, мимикаңыз бен мҥсініңіздің ахуалына
талдама жасаңыз — олар қаншалықты орынды, мəнерлі, жарасымды.
Дене қалпыңыздың эстетикасына қол жеткізу ҥшін, немен жҥмыс
істеу керек екендігін белгілеңіз.
4-жаттығу.
«Оқытушының жҧмыс кезіндегі дене қалпы».
Педагогтардың сабақ кезіне тəн дене қалпын қабылдаңыз (айна
алдында жҧмыс істеңіз).
Аяқ ҧштарының арасы 12 - 15 см. қашықтықта болатындай етіп
тҧрыңыз, бір аяғыңызды алға шығарыңыз; бір аяғыңызға екншісіне
қарағанда көбірек салмақ салыңыз. Иықтарыңызды жазыңыз,
бҧлшықет «қысымдарын» алып тастаңыз. Мҥсініңіз тік, қҧрсақтың
төменгі жағы тартылған. Мойын тік, иек көтеріңкі. Қолда – ашық
кітап.
Өзіңізге мҧқият қараңыз (мҥсін, бет-əлпет, дене ахуалы). Өзіңіз
қабылдаған қалпыңызды сақтай отырып, артқа бір қадам, содан кейін
алға, солға, оңға қадам жасаңыз. Осы қимылдарды ойдан
шығарылған «əңгіме оқу» кезінде қайталаңыз. Қимылдарыңыздың
ырғақтығын қадағалаңыз, ым-ишараңыздың табиғи болуына
талпыныңыз.
5-жаттығу. Орындыққа шусыз, жеңіл, қолдарыңызға тірелмей,
бірнеше рет отырып-тұрып кӛріңіз. Аяқтарыңыздың тірек
нүктесін дұрыс таңдауға назар аударыңыз.
6-жаттығу.
Ҥстелдің басынан тҧрыңыз да, қасыңызда отырған
жолдасыңызбен орын ауыстырыңыз. Орынды жəне табиғи
қимылдарды барынша аз пайдалана отырып, осыны шусыз, мҧқият
орындаңыз. Мҥсініңізге назар аударыңыз: егер қысылу пайда болса,
одан арылыңыз.
7-жаттығу.
«Жҥрісті бақылау жəне тҥзету». Жҥріске қойылатын
келесі талаптарды орындауға тырыса отырып, айна алдынан жҥріп
өтіңіз. Жҥрісіңіз жеңіл, икемді, бірқалыпты адыммен болуы тиіс.
Алқам-салқам, шайқатылған, кібіртіктеген, билеген сияқты жҥрістен
қашқақтау керек. Жҥріс адамның бойы мен жынысына сай болуы
тиіс. Адам қаншалықты ҧзын болса, қадамы да соншалықты кең
болады. Ер-азаматқа тəн адымды жҥріс əйел адамға жараспайды.
Жҥріп келе жатып, қолды бҧлғақтату жəне иықтарды сілку, басты
иыққа тарту, бҥкірею əдемілікке жатпайды.
Өзіңіздің жҥріс қарқыныңызға, қадам ҧзындығына, дене, қол
қалпына, бөксе қимылдарына, жҥрген кездегі бел қимылдарына
талдама жасаңыз. Жҥрісіңіз əдемі жəне жеңіл болуы ҥшін, неден
арылу керек екенін белгілеңіз.
Осы жаттығуларды орындау нəтижелерінің негізінде кəсіби даму
кҥнділігін қолдана отырып, өзіндік есеп беруді қҧрастырыңыз.
8-жаттығу.
Тҥрлі мақсаттық қызметтегі педагог киімінің (оқу,
сабақ, демалыс жəне т.б.) эстетикалық мəнерлілік «Ҥлгілерін қорғау»
(суреттер, фотолар).
Микрооқыту: оқу-тəрбие ҥдерісіндегі берілген жағдаяттарда сырт
келбетті ҧйымдастырудың шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Төменде педагог қызметіндегі тҥрлі жағдаяттар келтірілген.
1-ж а ғ д а я т .
Оқытушының сыныпқа, дəрісханаға кіруі.
Сəлемдесу. Өзін таныстыру, сыныппен, оқу тобымен танысу.
(
2-жа ғ д а я т .
Оқытушының сыныпқа, дəрісханаға кіруі.
Сəлемдесу. Кенеттен есік қағылды. Әрекет жасаңыз, қимылдаңыз.
3-жа ғ д а я т . Оқытушының сыныпқа, дəрісханаға кіруі.
Сəлемдесу. Әңгімені былай бастау қажет: «Балалар, мен сіздерге
(
мынаны
) əңгімелеп бергім келеді...». Бҧл оқытылатын пəн туралы,
қызықты, мағыналы оқиға туралы болуы мҥмкін. Оқытушының
міндеті – білім алушылардың зейінін өзіне аудару, дəрісханамен
байланыс орнату, өзінің сырт келбетін ҧйымдастыруды ойластыру.
4-жа ғ д а я т . Сабақта, оқуда ҥй тапсырмасын тексеру: білім
алушының тақта алдындағы толық есеп беруі; оқытушы жҧмыс
орнында отырып тыңдайды, жауапқа тҥсіндірме жасайды жəне
қойған бағасын уəждейді.
5-жа ғ д а я т . Баспа кестесінің, сызбаның (нҧсқа – кодоскоп
арқылы проекция) көмегімен тақта алдында жаңа материалды
тҥсіндіру. Тҥсіндіру, дəрісханадағы мінез-қҧлқын өзіндік бақылау;
оқушылардың танымдылық қызметін оңтайлы ҧйымдастыру.
6 - жа ғ д а я т . Оқытушы оқу материалын тҥсіндіре отырып,
тақтаға жазба жазады жəне осы жҧмысты, оқушылардың
дəптерлеріндегі жазбаларды басқарады.
Тапсырманы орындау алдындағы студенттерге арналған
мақсаттық нұсқау
1.
Оқушылармен араласудың берілген шарттарына педагог мінез-
қҧлқының қандай стилі барынша сəйкес келетінін, сабақта олардың
нəтижелі
жҧмысын
не
қамтамасыз
ететінін;
бҧл
ҥшін
психологиялық-физикалық
тренингтің
қандай
элементтерін
(ҥлестірімділік, зейінді шоғырландыру, сезімді реттеу, еріктік кҥш-
жігерді жандандыру) пайдалану қажет болатынын ойластырыңыз.
2.
Айналадағы тҧлғалармен араласу ҥдерісінде өзіңіз туралы
қандай əсер қалдыруды қалайтыныңыз жайлы ойланыңыз (мен
сабырлымын, əдепті, ҧстамдымын, өзіме сенімді, қаталмын жəне
т.б.).
3.
Педагогикалық
мақсатқа
сəйкестік
пен
эстетикалық
тартымдылықты, сырт келбеттің мəнерлілігіне қол жеткізу.
Берілген жағдаяттарда студенттердің жұмысын бағалау
параметрлері
1.
Қатынасудың, жҧмыстың нəтижелі шарттарының болжамы
мен осыған сəйкес өзінің мінез-қҧлқын тиімді ҥлгілеу.
2.
Оқушылармен нəтижелі байланысты, қарым-қатынасты
қамтамасыз ету, олар ҥшін жҧмыстың, білімді меңгерудің оңтайлы
жҧмыс кестесін қҧру.
3.
Мінез-қҧлқын,
сөйлеу
қатынасын
өзіндік
бақылау,
оқытушының сырт келбетіне, сөйлеуіне оқушылардың реакциясын
дҧрыс тҥсіну; өз мінез-қҧлқын тиімді тҥзету.
4.
Оқу
тапсырмасын
орындау
кезінде
студенттердің
қызығушылығы мен талаптану дəрежесі.
|