25.
Ҧмытпаңыздар, сыныппен көпжылдық қатынас процесінде
біздің қалыптасқан қатынас стереотиптеріне бойымыз ҥйренеді жəне
біз оларды жылдан жылға еріксіз алып жҥреміз. Бірақ балалар
өзгереді ғой, олар өседі, қарым-қатынас қҧру талаптарына деген
олардың жҥйесі өзгереді, ал біз бала тҧлғасының өзгеруіне сəйкес
келмейтін қатынас жҥйесін қолданып жҥргенімізді сезбейміз.
Балалардың жасына байланысты əлеуметтік -психологиялық ҧсақ
өзгерістерінің өзін сезуге тырысыңыз жəне олармен қатынас қҧру
процесінде ретімен ескеріңіз.
26.
Сабаққа коммуникативтік дайындалу туралы ҧмытпаңыз.
Конспектімен жҧмыс істегенде сабақтың ҥзінділері мен бөліктерін
жоспарлаңыз, сыныпта жалпы
психологиялық ахуалды
орнықтыруға тырысыңыз.
27.
Қатынас процесін саралай біліңіз.
28.
Өзіңіздің сөзіңізді аңдаңыз, ол — сіздің тҧлғалық бейнеңіз
екенін есте сақтаңыз; дөрекі сөздерді қолданбаңыз, оқушылардың
тілдік қателіктерін қайталамаңыз.
29.
Қиын оқушылармен өзара қарым-қатынас қҧру жайлы
ойланыңыз. Мынаны есте сақтаңыз: :
—
қиын
оқушы
психологиялық
немесе
педагогикалық
қараусыздықтың, физиологиялық кінəраттың салдары;
—
ол өзге мҧғалімдер, оқушылар, ата-анасы қалыптастырған
жағымсыз стереотиптердің қыспағына ҧшыраған;
—
қиын оқушыға оптимистік болжам тҧрғысынан қарау керек;
бҧл жерде сенімділік, оның ішкі психикалық қалпын, өмірдегі
қиындықтарын тҥсінетіндігіңді көрсете білу аса маңызды;
—
балаға ойланбастан сол немесе өзге бағытты кҥштеуге
болмайды, оқушының оған деген қатынасын өзгерту арқылы ғана
өтуге болады;
—
оқушының жағымсыз ортамен тҧлғаралық қарым-қатынас
жҥйесін өзгерту керек жəне оның мектеп ҧжымымен психологиялық
байланыс жҥйесін ретке келтіру керек;
—
Қиын баламен іскерлік жеке байланыстарды табандылықпен
іздеп қана қоймай, сонымен бірге тікелей байланыс жасауға ҧмтылу
керек; мҧндай жағдайда педагогикалық қарым-қатынас нақтылы
адами қуаныштармен толығады.
Шетелде педагогикалық қатынастың қызықты жіктеме мəнерлері
жасалған, соның бірі М. Тален ҧсынған мҧғалімдердің кəсіби бағдар
типологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: