Университет Концепциясына сәйкес 3-тілді оқытуды енгізу бойынша профессор Г.М.Пичхадзе фармацевтикалық факультет қазақ бөлімі 3 курс студенттері үшін «Анальгетиктер » тақырыбы бойынша дәріс оқылды. Оқытушы Д.С.Асылбекова «Холинергиялық заттар» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде фармацевтикалық факультет қазақ бөлімі 002-01 тобында тәжірибелік сабақ өткізді.
«ҚР ДС жүйесінің бюджеттік шығындар аясында дәрілік заттарды сатып алу үрдісіндегі айқындықты бағалау және мониторинг» жобасы аясында профессор Г.М.Пичхадзе және доцент Э.М.Сатпаева формулярлық тізім қалыптастыру принциптері бойынша есеп құрастыруға қатысты.