9. Бақылау жұмыстары:
Коммуникативті компетенциябойынша
Г) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.
Ғ) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.
Д) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.
Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі.
Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады.
Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.
Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.
Бронхы– кеңірдектің жалғасы.
Өкпелер кеуде қуысында орналасады.
Е) Төменде берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Обмен газов между кровью и воздухом происходит в органах дыхания.
При спокойном вдохе в легкие взрослого человека поступает около 3500 воздуха.
У разных людей жизненная емкость легких неодинакова.
Углекислый газ из венозной крови поступают в легочные пузырьки.
Кислород из легочных пузырьков проникает в кровь. Как происходит газообмен в легких?
Почему надо дышать через нос?
Ж) Зат есімнің жіктік жалғаулары тек адамға қатысты сөздерге ғана жалғанатынын еске сақтай отырып, мамандыққа байланысты сөздерге жіктік жалғауларын жалғаңыз (-мын, -мін, -мыз, -мыз, -міз, -бын,- бін,-пын,-пін,-пыз,-піз,быз, -біз)
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
З) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Ағза оттегіні сіңіріп,
|
сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.
|
Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және
|
дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.
|
Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан,
|
көмір қышқыл газын бөліп отырады.
|
Оттегі жасушалар мен ұлпалардың
|
адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.
|
Бір минутта өкпе 8 л ауа өткізіп,
|
көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады.
|
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей немесе
|
тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.
|
И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.
Тыныс алу дегеніміз – ағза және _____ аралығында газ алмасу үрдісі.
Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты____ астарлайды.
Тыныс алу жүйесі ______ қан айналу жүйесіне өткізеді.
Адам минутына орта есеппен______ тыныс алады.
Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс______ қысқа болғандықтан, дауысы_____ болады.
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.
Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.
Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан.
Әйелдердің дауысы жіңішке болады. Олардың көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа.
Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейінің оның орташа ұзындығы 36 мм.
Қ) Ауаның қалай жылжитынын(қандай мүшелерден өтетінін) ретімен жазыңыз.
(аңқа, өкпе, бронхы, мұрын қуысы, кеңірдек, мұрын, көмей)
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
Л)Мұрынның сипатын білдіретін тіркестердің мағыналарын есте сақтаңыз.
Мұрынның сипатын білдіріретін тіркестер
|
Мағыналары
|
Қыр мұрын
|
мұрынның қыры түзу, әдемі формасы
|
Пұшық мұрын
|
мұрынның қысқалау, ұшының көтеріңкі бітуі
|
Тәмпіш мұрын
|
кішкене мұрын
|
Пісте мұрын
|
мұрынның ұшының үшкірлеу, көтеріңкі бітуі
|
Құс мұрын
|
мұрынның үстінің көтеріле бітуі
|
М) Тыныс алу мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңіз.
|
фразалық тіркестер
|
|
Білдіретін мағыналары
|
а
|
Мұрнына су жетпеу
|
1
|
дем алуы қиындау
|
ә
|
Мұрнын шүйіру
|
2
|
уақыты болмау, үлгермеу
|
б
|
Өкпесі аузына тығылу
|
3
|
дауысы ерекше әнші
|
в
|
Күміс көмей
|
4
|
менсінбеу
|
Н) Берілгенсөйлемдерді жоғарыдағы фразалық тіркестерді пайдалана отырып толықтырыңыз.
Былтырдан бері Салтанат екеуіміз бір компанияда жұмыс істегенмен, ол маған әлі ... .
... жүгіріп жүрген көршімді көріп, қасына жақындадым.
Бала кезінен өнерімен тек ауыл арасында ғана белгілі досым бүгін республика танитын ... әнші.
Мәреге бірінші боп жеткен Санжардың ... .
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 22-25 беттер.
2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.
3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№10 тақырыбы: Туберкулез
Зат есімнің тәуелденуі
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Туберкулез
Зат есімнің тәуелденуі.
2. Мақсаты:
- туберкулез ауруы туралы мағлұмат беру;
- туберкулез ауруы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
- туберкулез ауруы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;
- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
- зат есімнің тәуелденуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;
- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;
2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;
3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;
4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша
1. Туберкулез ауруы туралы.
2. Туберкулез ауруы туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.
3. Туберкулез ауруының алдын алу туралы.
ә) грамматикалық материал бойынша
Зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары:
А)Ұйымдастыру (2-3 минут).
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).
- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)
В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, туберкулезге қатысты суреттерді, тәуелдік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар:
А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.
денесі шынықпаған –незакаленный
мүгедек – инвалид
ми қабығы – оболочка мозга
Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Кох таяқшасы, төмпешік, сәл иіліп келген таяқшалар, аурушаң адам, дұрыс тамақтанбайтын адам, тез жұқтырып алу, салмақ жоғалту, кеуденің ауруы, түнгі терлеу, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада, туберкулезге қарсы.
Б) Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз.
Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.
Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:
ұзаққа созылған жөтел;
салмақ жоғалту;
кеуде қуысының ауыруы;
тұрақты дене қызуы;
түнгі уақыттағы терлеу;
әлсіздік пайда болу;
қан аралас қақырық түсу.
қатты шаршау;
тəбеттің төмендеуі.
Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал, жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Ауруды анықтау түрі:
манту реакциясы,
тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;
қақырықты зерттеу;
флюорография немесе рентгенография
Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.
Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.
Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.
Профилактикасы: санаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.
В) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.
ену – кіру
үнемі – ылғи – ұдайы
мекендеу – тұрақтану – түрі
уақытылы – уақытымен – мезгілмен – дер кезінде
мүгедек – кемтар
туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған
дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен
тез арада – жылдам – шапшаң
Г) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,
|
адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.
|
Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин
|
оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
|
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, витаминдерге бай азық түліктерді пайдалану керек,
|
қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.
|
Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын
|
5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.
|
Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді,
|
ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.
|
Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып,
|
ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.
|
9. Бақылау жұмыстары:
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Ғ) Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңыз.
Инфекция жұқтырғандар... бәрі бірдей ауырмайды.
Туберкулезбен ауырған адам... дене қызуы 37,4-37,6 градус... жоғары болады.
Ағза... енген туберкулез таяқшасы өкпе... мекендейді.
Туберкулез... ашық формасымен ауыратындар өзгелер... өте қауіпті.
Адам ауырмаса да дәрігер... барып тексерілегені дұрыс.
Туберкулез... сақтану үшін оның алдын алу керек.
Бұл – туберкулез... қарсы егу болып табылады.
мдеу... ең негізгі түрі – емдік дәрілер... дұрыс пайдалану.
Қазіргі уақытта бұл ауру ... емдеп жазуға болады.
Д) Берілген сөйлемдердің мағынасына сәйкес құрамындағы баяндауыштарды қажетті формаға қою.
Ауруды дер кезінде анықта... үшін туберкулезге күмəн тудыратын белгілер байқал... , кідірместен дəрігерге қаралу қажет.
Ағзаға туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші бол... , оның толық дамуы үшін жеткіліксіз.
Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясын жұқтыр... , жыл сайын шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.
Адамдар бұл сырқатпен ағзаның иммунитеті төменде... , дұрыс тамақтанба... , санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталма... ауырады.
Туберкулезбен ауырып емдел..., ауырмайтын жол ізде..., салауатты өмір салтын қалыптастыруға тырысуымыз қажет!
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
Е) Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.
Ж) Берілген суреттерге төмендегі мәтіндердің қайсысы мағынасы жағынан сәйкес келеді?
А) Ауруды уақытылы анықтау үшін, туберкулезге күмəн тудыратын белгілер байқалған мезетте, кідірместен дəрігерге қаралу қажет. Тұрғындардың барлығы туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болулары керек жəне сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықтарын тексеру мақсатында, емханаға қаралулары қажет.
Ә) Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек. Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады.
Б) Туберкулезді жетік емдеудің ең басты шарты, ауруды дер кезінде анықтау болып табылады. Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды: туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, халықты жаппай флюорографиялық жолмен тексереді.
В) Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.
Коммуникативті компетенциябойынша
З) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Туберкулез қандай ауру?
Туберкулез латын тілінде не дегенді білдіреді?
Қазақтар қалай атаған?
Инфекция жұқтырған адамдардың барлығы бірдей ауыра ма?
Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?
Туберкулездің белгілері қандай?
Туберкулез адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?
Туберкулезді қалай емдеуге болады?
И) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.
Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді.
Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны француз ғалымы Л. Пастер ашты.
Қазақтар бұл ауруды «құрт ауруы» деп атаған.
Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.
Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: құсу, аяқ-қолы тырысу, естен тану.
Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырады.
Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп қалу мүмкін.
Туберкулездің ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады.
Жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.
Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер жоқ.
К) Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз және тәуелдік жалғаулардың қалай жалғанғанын түсіндіріңіз.
– ...
– Кеудем ауырады.
–...
– Иә, жөтелемін.
–...
– Қызуым 37 градустан түспейді.
– ...
– Иә, жүдедім. 5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.
–...
– Түнде жөтелемін.
–...
– Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын.
–...
– Иә, қақырық түседі.
–...
– Жоқ, қан байқалмайды.
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
Қ) Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз (аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).
Достарыңызбен бөлісу: |