С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7



бет15/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том


10.6.2 ҚОГ технологиялық үлгілері.

Барлық жағдайда газификация үшін төменгі сұрыпты қатты отын - торф, қоңыр көмір, жартылай кокс, ағаш өңдеуден қалған қалдықтарды пайдалану экономикалық және технологиялық жағынан тиімді. Мұндай отындар мысалы, күлділігі төмен және күкірт құрамы аз болса да жану жылуының төмендігі себепті катты отын ретінде пайдалануға тиімсіз.



ҚОГ процесінің режимі мен технологиялық үлгісі генератор газының құрамына және газогенератор қондырғысының жұмысына байланысты. Қазіргі уақытта дүние жүзінде келесі белгілер бойынша конструктивті классификацияланатын жүздеген өнеркәсіптік стационарлық газогенератор қондырғылары эксплуатацияланады:

а) реактордағы отынның күйіне байланысты:

б) реакторға жылу беру принципі бойынша:

  • автотермиялық газификацияланатын отынның бір бөлігінің жану жылуын пайдалана отырып, жылу беру;

  • автотермиялық, сыртқы жылуды пайдалана отырып, оның ішінде атом реакторларының энергиясын пайдаланып, жылу беру.

Көп тараған газогенераторлардың түрінің бірі - отынның стационарлық қабатында процесті жүргізуге арналған шахта типті реактор 10.10-суретте берілген.

10.10 – сурет. Газогенератор.



1 - қатты отынды тиейтін қорап, 2 - конусты затвор, 3 - шахта, 4 - колосник торы, 5 - ыдыс,

I - газификация аймағы, II - құрғақ айдау,

ІІІ - отынды кептіру аймағы.
Газогенератор биіктігі 4,5м, диаметрі 3,5м, іші отқа төзімді кірпішпен қапталған цилиндр түрінде жасалған. Шахтаның төменгі бөлігі гидравликалық затвор тудыру үшін сумен толтырылған, айналып тұратын ыдысқа батырылған. Ыдысқа ол арқылы реакторға үрлеу үшін ауа берілетін колосник торы бекітілген. Қатты отын реакторға конустық затворы түсірілген кезде, тиегіш қорап арқылы мезгіл - мезгілімен түседі. Конусты көтерген кезде отын шахтаға түседі. Түзілген күл колосник торы арқылы өтіп, ыдыстағы сумен өшіріледі. Ұсақ дисперсті отын пайдаланылатын қайнау қабатты газогенераторлар максимальді интенсивтілікке ие. Сулы газбен қайнау қабатында газификациялау өндірісінің технологиялық үлгісі 10.11 суретте келтірілген.

10.11 – сурет. ҚОГ қайнау қабатында газификациялау өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы.

1-бункер отыны; 2-газогенератор; 3-қазандық-утилизатор; 4-циклон; 5-шаңдар жинағы; 6-конденсатор – мұздатқыш; 7-тамшыұстағыш.
Осындай қондырғыда пайдаланған отынның қайнау қабаты газогенераторға су буының берілуі есебінен құрылады. Қондырғының өнімділігі сағатына 105 м3 генератор газына жетеді.

Алынған генератор газының құрамы тотықтырғыш құрамына (үрлеу түріне), газификацияланатын отын типіне және процестің режиміне байланысты. Генератор газдары өздерінің жұмысының мақсатына байланысты төмендегіше жіктеледі:

- энергетикалық (генераторлық);

- технологиялық (синтез - газ);

- тотықсыздандырғыш (металургия үшін);

- жылыту үшін (тұрмыстық).



10.5 кесте. Генератор газдарының қүрамы.

Үрлеу

Газдың атауы

Газ құрамы, жалпы %

Төменгі жану жылу кДж/м3

CO

H2

CO2

CH4

N2

Ауа

ауалы

30

5,0

4,0

1,0

60

4950

Сулы бу

сулы

36

50

8,0

-

6,0

10000

Ауа ж/е сулы бу

булы ауа

30

16

4,0

2,0

48

6300

Оттегі ж/е сулы бу

булы оттегілі

66

31

1,0

1,0

1,0

9850


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет