181 44-сурет
Егер қатты бетке тамған тамшы жайылып кететін болса, онда сұйық берілген бетке жұғады дейді. Сұйықтың теп-тегіс (жылтыр) бетке жұғу дәрежесін бұрыш немесе шеттік бұрыш (а) шамасы-мен анықтайды (44-сурет). Осы бұрыштың шамасы артқан сайын жұғысу дәрежесі көбейеді. Мұндайда сұйық ішіндегі когезия күші-нен гөрі сұйық пен адсорбент молекулаларының арасындағы ад-гезия күші басым болады. Егер шеттік бұрыш доғал (3), яғни осы бұрыштың косинусы теріс мәнде болса, ондайда жұғу құбылысы болмайды, мұнда адгезия күші когезия күшінен кем.
Ребиндердің үсынысына орай су жақсы жұғатын қатты беттер гидрофилді, ал жұқпайтындар гидрофобты деп аталады. Көмірсу-текті қосылыс секілді гидрофобты заттар жақсы жұғысатын бол-ғандықтан, оларды кейде олеофилді беттер деп те атайды. Қатты адсорбенттердің еріген заттарды адсорбциялауы мына ережеге ба-ғынады: еріткіш адсорбент бетіне жақсы жұғысқан сайын, осы беттегі берілген еріткіште еріген зат молекулаларыньщ адсорбция-сы аз жэне еріткіш қатты бетке нашар жұщса, онда осы беттегі еріген зат молекулаларының адсорбция шамасы аса үлкен мэнде бола бермейді. Егер еріткіш қатты адсорбент бетіне жақсы жұғатын болса, онда ол әлгі сұйықтың керілу бетін төмендетеді, демек, адсорбент бетінде еріткіш молекулаларын адсорбциялайтын қабат пайда болады. Сонда қатты адсорбент бетінде еріген заттың молекулала-рына арналған орын аз қалады немесе мүлдем қалмауы да мүм-кга. Мұндай қатты адсорбент бетіне еріткіш жүқпайтын жағдайда еріткіш бос күйінде қалып, осы бетке еріген зат молекулалары ад-сорбцияланады.
Қатты адсорбентке сұйық зат адсорбцияланған кезде жылу бөлінеді. Берілген сұйықтың 1 г үнтақталған борпылдак адсор-бентке адсорбцияланғанда бөлетін жылу шамасын жұғу жылуы деп атайды. Осы жылу берілген сұйықтың адсорбентпен адсорб-циялану интенсивтілігіне байланысты болғандықтан, жүгу жылуы-ның мөлшеріне орай сіңіретін заттың адсорбциялау қабілеті бай-қалады.
Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, катты адсорбент бетінің табиғатын өзгертуге болады екен. Айталық гидрофилді бет-ті гидрофобтыға, ал гидрофобтыны гидрофилдіге айналдыру қажет делік. Ол үшін қатты адсорбент бетіне, мысалы қаныққан карбон қышқылы, сабьш сияқты БАЗ ерітінділерін пайдаланып, жаңа са-
182 падары адсорбциялық кабат тудырады. Егер қатты адсорбенттің гидрофилді бетін каныққан карбон қышқылының ерітіндісімен еңдесе, онда ол гдирофобты болады. Мұндайда гидрофилді бетке кышқыл молекуласының гидрофилді бөлігі бағытталып, ал оның екінші гидрсфобты бөлігі ауаға бағытталады. Сонда қатты адсор-бент беті гидрофобты қабатпен қапталады да, сумен жұғыспайды. Оған тамған су тамшысы доғал шеттік бұрыш құрап, бет сипаты-ның керісінше өзгергендігін көрсетеді.