С. Жайлауов физикалық химия


Молекулалық және реттілік



бет58/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

120
Молекулалық және реттілік. Жекеленген элементарлы реак-цияларды сипаттау үшін молекулалық дейтін түсінік пайдаланы-лады. Химиялық реакциялардың молекулалығы элементарлы ак-тідегі бір сәтте өзара әрекеттесетін жеке бөлшектер санымен анықталады. Ал, өте қарапайым, бір сатылы ғана реакциялардың молекулалығы осы реакцияны өрнектейтін стехиометрлік теңдеудегі молекула санымен анықталады. Егер реакция көп са-тылы жүрсе, онда осы әр сатыға арналған молекулалықты тауып, жеке сипаттайды. Химиялық реакцияларды бір (моно), екі (би), үш және көп (поли) молекулалық реакциялар деп бөледі. Бір мо-лекулалық (мономолекулалық) реакцияларға молекулалардың іштен қайта топтасу арқылы жүретін изомерлену реакциясы, жы-лу әсерінен ыдырайтын және осы тектес реакциялар мысал болады:
Н3СN2СНз^-С2Н6 + N2 — азометан молекуласының ыдырауы;
Н3СОСН3->-СН4 + Н2 + СО — қос метилді эфирдің ыдырауы;
Екі молекулалық (бимолекулалық) реакциялардың мысалы:
H2+I2-2HI НзССООН + С2Н5ОН-СНзСООС2Н5 + Н2О Үш молекулалық реакциялардың саны аса көп емес. Олар:
2NO+H2-N2O+H2O
2NO+O2-2NO2
Бұдан көп молекулалық реакциялар белгісіз, себебі бір сәтте, бір-ден төрт не бес молекуланың қақтығысып, әрекеттесуі қиын, мүм-кін емес.
Химиялық реакциялардағы реттілік молекулалықпен салыс-тырғанда реакция механизмін көрсете бермейді. Әйтсе де реак-циялардьвд реттілігін білу арқылы жүріп жатқан процестің меха-низмін болжап, оған енетін аралық кіші процестер мен сатылай жүретін реакцияларды анықтауға болады. Егер болжаған реттшік тәжірибе негізінде есептелген реттілікке сәйкес келмесе, онда болжамның дұрыс болмағаны. Шын мәніндегі механизм мен рет-тілікті анықтау үшін қосымша зерттеулер мен деректер қажет екен.C
Реакциялардың реттілігі оның молекулалығына тең не одан кем болуы мүмкін. Сол сияқты реакция реттілігі тек бүтін сан емес бөлшек, тшті теріс сан да болуы мүмкін. Мысалы, фосгеннің 80°С мен 180°С аралығында ыдырауын әуелі химиялық, сосын кинетикалық теңдеумен жазсақ:
СОСІ2-+СО + СІ2
=- =k Ссосl2 C Ал, сутек пен бромның әрекеттесуі мен кинетикалық теңдеуі күрделірек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет