ІII. Сабақтың тақырыбын ашу (сөз жұмбақ)
1.Сағаттың көмегімен өлшенеді (уақыт)
2. SI жүйесіндегі жұмыстың өлшем бірлігі (Дж)
(масса)
4. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі (метр)
«Сұрақ – жауап» әдісі
Сендерге бақша суғару үшін бір бөшке су керек. Ал су құдықта. Сендер суды шелекпен немесе насостың көмегімен ала аласыңдар. Естерііңе салайын, екі жағдайда да жасалған жұмыс бірдей болады. Әрине сендер насосты таңдап аласыңдар.
Сұрақ: шелектеп немесе насоспен жасалған жұмыстың арасында қандай айырмашылық бар?
Жауап насос жұмысты жылдамырақ орындайды, яғни аз уақыт жұмсайды.
Егер траншеялардың ені, тереңдігі мен ұзындығы бірдей болса, ор қазу кезінде адам мен экскаватор бірдей жұмыс жасай ала ма? Орындаған жұмыста айырмашылықтар бар ма?
Жауап: адам ұзақ жұмыс істейді, экскаватор жылдам, яғни аз уақыт жұмсайды
Қуат деген...
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
Қуат N әрпімен белгіленеді.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
Мұндағы, N – қуат; A – атқарылған жұмыс; t - жұмыс істеуге керткен уақыт.
Оқындар, қызық
Адамның жүрегі жиырылғанда шамамен 1 Дж жұмыс жасайды, бұл массасы 10 кг жүкті 1 см биіктікке көтеру кезіндегі жасалған жұмысқа тең.
Джеймс Уатт қуаттың өлшем бірлігі ретінде ат күшін (а.к.) пайдаланған, ол бұл бірлікті бу машинасы мен аттың жұмыс жасау қабілеттіліктерін салыстыру үшін енгізген: 1 а.к. = 735 Вт.
Адамның баяу жүргендегі орташа қуаты шамамен 0,1 а.к., яғни 70—90 Вт
|
Сөз жұмбақ
«Сұрақ – жауап» әдісі
Оқулық,
мәтіндер
|
Ортасы
|
ІҮ. Қолдану Түсіндіру. Жұптық, жеке жұмыс жүргізу.
Тәжірибелілік есеп
Бір оқушы тақтаға шығып массасы белгілі гирді көтереді.
Уақыт секундомердің көмегімен белгіленеді.
Биіктік метрлік сызғышпен өлшенеді.
Оқушының гирді көтергендегі қуаты қандай екендігін анықтау керек.
Деңгейлік есептер
1- деңгей: ”Волга”автомобилі 2 с 110 Дж жұмыс атқарса, оның қуаты неге тең?
2 - деңгей: Массасы 250 кг штанганы 4 с 2 м биіктікке көтеретін штангистің қуатын анықтаңыз
3 – деңгей: Егер платинадан су 25 м биіктіктен құлап ағатын болса, су ағынының қуаты қандай? Судың әр минуттағы шығыны 120 м3
|
Деңгейлік есептер
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
|
Ой қорыту
«Шындық па,жалған ба» (ия / жоқ)
1. Қуат векторлық шама,яғни оның бағыты бар.
2. Қуатты N әріпімен белгілейді.
3. Қуаттың өлшем бірлігі Дж*с
4. Қуаттың формуласы N=A/t
5. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдің құрметіне берілген.
6. Қуаттың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі [Вт].
7. Барлық қозғалқыштардың қуаты бірдей болады
|
|
Бағалау
Кері байланыс
|
Қалыптастырушы бағалау
Тақырып «Қуат»
Оқу мақсаттары 7.2.3.7 Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы Қуатқа сипаттама береді
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма
a) Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына
бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндіре ме? Жауабыңызды
түсіндіріңіз.
b) Төменде суретте қол арасы мен электр арасы берілген. Олардың қуаттарын
салыстырыңыз.
Дескриптор Б ілім алушы
- денелер қуаттарын салыстырады;
- механикалық қуатқа анықтама береді.
БББ кестесі
Білгенім
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма:
§ 52 оқу, 29-жаттығу
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма? Бүгін оқушылар
не білді? Сыныптағы ахуал
қандай болды? Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|