С. К. Игибаев қазақстан тарихының өзекті мәселелері Актуальные проблемы истории Казахстана Монография


МУХАММЕД-ХАНАФИЯ (ШОҚАН) ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫНАН ҮЗІНДІ



бет54/55
Дата20.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179000
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Монография. Игибаев С.К.(1)

МУХАММЕД-ХАНАФИЯ (ШОҚАН) ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫНАН ҮЗІНДІ

Мухаммед-Ханафия (Шоқан) Шыңғысұлы Уәлихановтың (қараша 1835 ж.-10 cәyip 1865 ж.) туғанына биыл 185 жыл толады. Ол қазақ халқының данышпан ұлы, ойшыл, ұлы ғалымы, ержүрек саяхатшысы, демократиялык көзқарастағы ағартушысы, елінің прогрессивтік жолмен дамуыньң жақтаушысы, қорғаушысы, шығыстанушы-тарихшысы, публицист-көсемсөзшісі, этнограф, дипломат, фольклорист, бейнелеуші-суретші, сыншысы, өмipre жиі келмейтін өте кеменгер, жарық жұлдыз еді. Қысқа өмірінде, ана тілінен басқа, араб, шағатай, түркі, орыс, қытай тілдерін меңгерген. Францияда болған. 1856 жылы Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешкен. Жасы 20-дан сәл асқанда Шоқан Орыс география қоғамының толык мүшесі болып сайланды. 1858-1859 жылдардағы Қашғарияға кұпия сапары, оның «Алты шаһардың яғни Қытайдьң Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі - әлемдегі тұңғыш ғылыми зерттеу еді. Бұл шығармада Шығыс Түркістан халықтарының тарихы, әлеуметтік құрылысы, саяси жағдайы қарастырылған.


Шоқанның тарих ғылымдары саласындағы жазған жаңалықтары оқу үрдісінде толық қолданылмай жүр. Жаңалықтардан аздап үзінді келтірейік:
Қытайдың Ұзын қабырғасынан батысқа қарай біздің эрага дейінгі 220 жылғы юечжилер СЭ немесе сақтарды Шығыс Түркістаннан, Хорезммен Тұраннан ығыстырып, осы жерлерді мекендеді. Юэчжилер түркі халқына жататын, кейіннен олар сельджук, осман, қарақойлы, аққойлы аттарымен белгілі болды, -дейді Шоқан. Ал қaзipгi кезде юечжилерді иран тілдес сақтардың шығыс бip бөлігі, бұтағы ретінде қарастырады. Көптеген тарихшылар түрік халықтарының арғы тегі сақтар емес, скифтер деп жазған.
Шоқанның айтуынша, Қазақстанның қазіргі жерінде, Алтайда тау-кен өнеркәсібімен көне дәуірде шұғылданған Чудь емес, түріктер. Түріктерде кендерді игеріп, тeмipдi қортатын ұсташылары болғаның Шоқан жазған. Осындай көзқарасты XVIII ғасырдың ғалымдары П.С. Паллас, В.Н. Татищевте айтқан еді. Тарих ғалымы әзipшe Чудь-деген ұғымнан айырылған жоқ.
Шоқан Қытай, жоңғар патшаларының қазақ хандарына, сұлтандарына, батырларына жазған грамоталарын жинақтаған. Олардың деректік маңызы үлкен.
Ғұндардың құдіретті патшасы біздің эраға дейінгі 246-174 жылдары өмip сүрген Огуз (Мөдэ) ханның қонысы Ыссық-көл аймағында да болғанын айта келіп, жоңғарды жеңуінің белгісі ретінде Ыстықкөлдің жиегінде Сынтасты үйген қазақтың ханы Есім деген, қырғыздың мәліметіне сүйене отырып. Ал, қазіргі кезде, сынтасты үйген Тимур. - деп жүр, Қытайға бара жатқан жорығында. Шын мәнісінде Тимур Қытаймен соғысу жоспарын іске асыра алмай, өмірден кеткен.
Қазақстанның оңтүстігіндегі көне дәуірде болған қалаларды: Қонақай, Қайнақ, Алмалық, Алматы тағы басқаларды анықтаған.
Қазақ халқының калыптасуы жөнінде жаңа пікір айтты. Қадырғали Жалайырдың XVI ғасырда жазылған «Жамиғат тарихын» терең зерттей келіп жазғаны: «Қазақ халқының калыптасуы және Алаш ханның қазақты баскаруы XIV ғасырдың ортасында болған. Аңыздағы Алаш ханның болғанының негізі бар» - деген. «Қазақ халқы (бiз өзімізді солай атаймыз) Бердібек өле-салысымен, Ордада өзара тартыс, қырқыс басталғанда әртүрлі түрік және монғол тектес тайпалардың одағы құрылып, қазақта бөлініп шықты», дейді, Бердібек ханның өлгені 1359 жыл.
«Қазақ» деген ұғымға анық анықтама берген: «Қазақ деген рухы жоғары, құрметті». Көне дәуірде қазақ деген сөз «еркін», «epікті» деген ұғымды білдіретін. Менің оған күмәнім жоқ. Көшпелілер қазақ деген атына мақтанатын». Шоқанның орысша жазған текстен үзінді келтірейік: «Имя казак, которое, как можно полагать, из Шейбанинамэ, в то время имело значение довольно почтенное и означало возвышенность духа, здравость-соответствовало европейскому рыцарству. Кочевой степняк, для отличия от своих городских родичей - соседей, узбеков и ногайцев, гордился именем казака – свободного степняка, кочевого человека. В древности слово казак встречается в смысле вольный и вольница; я не смею [в этом] сомневаться». см. Ч.Валиханов [О формах казахской народной поэзии] // сбор.соч.в 5 томах, T.I, Алма-Ата, 1984. – С. 280-286,


Мынандай шумақ жаздым Шоқанға байланысты


Жүрегі таза, терең-ой Данышпан, Шоқан, ғалым ғой. Қызмет ету халқына
Арманы оның болды ғой.
Мақтан етіп қазағын,
Құрметке оны бөлеген.
Рухын елінің көтеріп,рыцарлармен-қазақ тең деген


Дәріптеп қазақ дәстүрін
Жариялап аңыз әр түрін
Таныстыра ел тарихын,
Шет жерге, шет елге
«Біз қазақпыз» деді бөтенге.


Хандарды Шоқан зердеді,
Алаштан бастап біз-ел, деді.
Қолынан өлген Темірдің
Амет пенен Самет Алаш ханның ұлдары
Оларда қазақ хандары.


XIV ғасыр ортасы
Ұлы ханның ордасы
Бердібек хан болғанда тартыс, ұрыс басталды.
Қырым, Қазан секілді,
Қазақта құрды ордасын.


Бердібек өлген кез еді,
Tәртіпті елге орнатқан
Ақнияз (Орыс) ханның өзі еді.
Жәнібек пен Керейдің
Хандығы сәл соң еді.
Осылай болжам жасаған Мұхаммед-Ханафияның өзі еді.

«Ғылым мен білімді дамытудың өзекті мәселелері»


«Уәлиев оқулары – 2020». Халықаралық ғылыми - тәжрибелік онлайн-конференциясының материалдары.
26 қараша 2020 жыл. Өскемен. 651-653 беттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет