8
стандарттар
немесе
техникалық
жағдайларда
қарастырылған
болса.
Жабдықтаушы кәсіпорындардан мөрмен бекітіліп келген жабдықты
бөлшектеуге тыйым салынады
Жабық тарату құрылғыларының бөлмелері, электр қондырғыларының
іргетасы барлық құрылыс және әрлеу жұмыстары толық біткен кездемонтажға
беріледі. Күрделі және бағасы қымбат электр қондырғыларын орнататын
бөлмелер мен іргетасты монтаждау жұмыстары,бас монтаждау қызметкерлерін
тарту арқылы жасалады және беру-қабылдау бас монтаждау жасаған
кәсіпорынның өкілімен бірге жасалады.
Электр монтаждық жұмыстарды бастамас бұрын бас мердігер аумақты
жоспарлау, кірме жолдардың, кабельдік каналдардыңқұрылысын бітіруі қажет,
шиналық және сызықтық порталдарды орналастыру (егер болса), электр
қондырғысының астына іргетас, жерасты коммуникациялары мен объектінің
айналасын қоршау салуы қажет.
Порталдар мен іргетастардың конструкцияларында, мысалы, тарату
құрылғыларының астына жобалауда қарастырылған апаттық төгілген майды
сақтайтын ыдыс, ендірілген бөлшектер және қондырғылар мен изоляторлардың
гирляндасын бекітетін бекіткіштер орналастырылуы керек. Кабельдік каналдар
мен тоннельдерде кабельдік кострукцияларды бекітетін ендірілген бөлшектер
мен бекіткіштер орнатылуы қажет, сонымен бірге су құбырының құрылысы
мен жобада қарастырылған автоматтандырылған өртті өшіру құралдарының
құрылысы бітуі керек.
Электр қондырғыларының монтажына берілетін құрылыстар мен
бөлмелерде, бас мердігер немесе құрылыс мердігерінің архитектуралық-
құрылыстық сызбаларда қарастырылған электр қондырғыларының орынын
ауыстыруға және басқару кабелі мен төмен вольтті электрлік тораптарды
монтаждауға қажетті тұрақты саңылаулар, тауашалар, қабырғалар мен
төбелердегі тесіктер жасалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: