66
- зақымданған жердегі токтың, әсіресе қуатты жоғары вольтты электр
қозғалтқыштары бар электр желілерінде қажетсіз ұлғаюы;
- электр желілерінде салыстырмалы түрде шағын сыйымдылықты
токтармен ғана қолдану;
- жерге қосу резисторының үлкен қуаты (ондаған киловатт) және оны
салқындатудың күрделілігі.
Төмен омдырезистивті бейтарап жерге қосудың артықшылықтары:
- бірінші бір фазалы жерге тұйықталудың авариялық қос және көп
орынды тұйықталуларға ауысу (зақымдалған желі тез ажыратылған
кезде)ықтималдығы іс жүзінде жоққа шығарылады;
- электр желілерін жерге тұйықталудан қорғау мәселесінің салыстырмалы
түрде қарапайым шешімі;
- жерге қауіпті доғалық қиылысатын бір фазалы тұйықталулардың
туындау ықтималдығы іс жүзінде жоққа шығарылады;
- жерге тұйықталу пайда болған кезде өтпелі процестің ұзақтығының
едәуір қысқаруы;
- электр желісінде феррорезонанс процестерінің пайда болуын
болдырмау.
Төмен омдырезистивті бейтарап жерге қосудың кемшіліктері:
- үлестіруші құрылғының күрделенуі, өндіріс алаңдарын ұлғайту
қажеттілігі және доға сөндіргіш реакторды электр желісіне қосуға қосымша
шығындар;
- жерге бір фазалы тұйықталумен желі жұмысының мүмкін еместігі
(зақымдалған желіні міндетті түрде ажырату);
- электр желісіндегі екі-үш фазалы қысқа тұйықталу кезінде өз
функцияларын орындай алмау;
- жерге бір фазалы тұйықталудың пайда болуының бастапқы сәтінде
токтың кенеттен ауытқуының елеулі (бірнеше есе) шамасы;
- электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар
қабылдауды талап ететін, зақымданған жердегі токтың бірқатар жағдайлар
үшін жағымсыз елеулі ұлғаюы;
- жерге қосу резисторының өте үлкен қуаты (жүздеген киловатт) және
оны салқындатудың қиындығы;
- тармақталған әуе электр желілеріне тән өздігінен жойылатын бір фазалы
жерге тұйықталуды шамадан тыс ажыратулары.
Кернеуі 6 – 35 кВ электр желілері, электр жабдықтарын орнату
ережелеріне сәйкес жерге тұйықталу тогы аз (500 А дейін) электр желілеріне
жататынын атап өткен жөн [11].
Қазақстанда және ТМД елдерінде, кернеуі 6-35 кВ электр желілерінде
бейтарап жерге тұйықтауға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: