С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет96/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2

Модаль сөздер айтушының ойға деген әр түрлі көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерді морфология тұрғысынан жеке сөз табы деп қарауға негіз болатын тірек, біріншіден, семантикалық белгісі – сөздердің грамматикалану сипаты болса, екіншіден, түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты, яғни айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы болып табылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі мұндай модаль сөздер тобына негізінен мына лексемаларды жатқызуға болады: сияқты, сықылды, сиқатты, әлпетті, сыңайлы, снды, тәрізді, рәуішті, мәзімді, тақылетіті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сиқы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлбетте, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым, шығар, болар, зайыры,, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, -са деймін, -сам дейім, -са керек, -уы керек, -уы тиіс, -уға тиіс, -у қажет, -ға ұқсайды, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар, -уы мүмкін, т,б.
Бұлар семантикалық сипаты жағынан болжалдық, міндеттілік, қостау, сенім білдіру, тілек, қалау, күдік, күмән секілді т.б. мәндерді білдіреді.
Модаль сөздердің бірқатары сөйлем мүшесі бола алса (кейде басқа сөздермен тіркесіп келіп, күрделі мүшенің құрамында да қолданылады), бірқатары сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, сөйлем мүшесі бола алмайды: әрине, бәлкім, мүмкін, сірә, т.б.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1.Одағай нені білдіреді?
2.Одағай білдіретін мағыналар толық (лексикалық) мағына бола ала ма?
3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
4.Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
5. Одағайдың қандай түрлері бар?
6.Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
7.Модаль сөзді жеке сөз табы ретінде алуға не себеп болды?
8. Модаль сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 247-254-б.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 374-380-б.

  3. Ш. Сарыбаев. Междометия в казахском языке. А.,1959.

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А.,1998. 298,276-277-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет