С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов


§ 31. ХХ ҒАСЫрДАҒЫ  ҒЫЛЫМ  МЕН  МӘДЕНИЕттіҢ



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата10.04.2020
өлшемі6,62 Mb.
#62128
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
k ozhakhmetu ly k shupekov g u baydullina m dunie zhuzi tari

§ 31. ХХ ҒАСЫрДАҒЫ  ҒЫЛЫМ  МЕН  МӘДЕНИЕттіҢ, 
ӘДЕБИЕт  пЕН  ӨНЕрДіҢ  ДАМУЫ
Мәдениеттің дамуындағы қайшылықты үрдістер. 
Қазіргі заманғы тарихи дамудың барысы дүниенің мәдени 
және өркениетті қайта жаңаруына тікелей әсер етті.
ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжыл-
дыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер 
мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық 
тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды.
Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен 
өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің 
толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды да-
муы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы, 
дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылым-
ның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады. 
Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге 
жаңа көзқарас қалыптасты.

196
ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт бол-
ды, ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен 
емес. Бір жағынан, заманауи қоғамның негізінде адамзат-
қа деген сүйіспеншіліктің жоғары мұраттары, теңдік, 
бостандық демократия идеялары жатса, екінші жағынан, 
стандартталу мен бірегейлену үдерісі, материалдық 
тұрмыс дәрежесінің өсуі бұл құндылықтар бағасын арзан-
датып, рухани тоқырауға апарып соқтырады. Ғылыми-
техникалық прогреспен туындаған технократиялық 
саралау гуманитарлық саладан жоғары тұр, қоғамдық са-
надан гуманизм идеялары сырт қалуда. Мәдениет, ғылым, 
әдебиет пен өнер рөлінің артуын мақсат тұтқан қоғам үшін 
аталған факторлардың болуы, әлбетте, алаңдаушылық 
туғызады.
Өткен ғасырда аймақтық мәдениеттер қалыптасты: 
мәдениет дәстүрлі ұлттық үлгілер шеңберінен шығып 
кетті. Кірігу мен жаһанданудың әсерімен ол іс жүзінде 
барлық халықтар мен этностардың рухани құндылықта-
рын айрықша жинақтай отырып, интернационалдық 
мәдениетке айналды. Мәдениеттің даму үдерісі әдеттен тыс 
сан алуан, соған сәйкес мәдени бағыттар да түрлене түсті. 
Сондықтан да мәдениеттің дамуына, оның бағыттарына бір 
жақты баға беру қиын. Оның үстіне жаһандану үдерісінің 
күшеюі ХХ ғасырдың феномені — бұқаралық мәдениеттің 
пайда болуына әкелді.
Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері. Мәдени даму-
дың саяси үдерістер мен ғылыми-техникалық прогреспен 
тығыз байланысты үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге 
болады.
Iс жүзінде өткен ғасырдың әрбір онжылдығына тән 
ерекшеліктер жинақтала келіп, мәдениеттің әртүрлі 
формаларындағы орнықты үрдістермен көрінді. Мәде-
ниетте, жүйедегі сияқты, бәрі бірімен бірі байланысты 
және бірін-бірі айқындайды.
Бірінші  кезең неғұрлым қарқынды және оқиғаларға 
толы болды. Ол ХIХ және ХХ ғасырлардың шегінде баста-
лып, екі онжылдыққа (1918—1919 жылдарға дейін) дерлік 
созылды. Әлеуметтік-саяси процестердің (соғыстар, рево-
люциялар) шиеленісті дамуы аясында нақты ғылымдар 
саласында және техникада жаңалықтар ашылып, көп-

197
теген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұр-
ғырнамалар пайда болды. Осының нәтижесінде әлем нің 
жаңа бейнесі өмірге келді. Әдебиетте, (әсіресе поэзия-
да), кескіндемеде, сәулет өнерінде модернизм дамыды, 
режиссерлік театр пайда болды.
Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы) 
әдебиетте авангардизмнің, ұлттық реализм мен нату-
рализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюр-
реализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен ин-
тер националдық стильдің, эксперименттік театрдың, 
кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен 
сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, 
техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен 
ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. 
Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен 
фашизм) пайда болды.
Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ға-
сырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл ке зеңде 
ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогрес-
ке деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, 
адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының 
өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір 
келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жа-
ңалық қосып отырды.
60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар 
топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) 
антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” 
феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық-
зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары 
“алпысшылдардың” өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшы-
лардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп 
нәрсені өзгертті.
70—80-жылдар — бұл ретро және әкелер мен балалар-
дың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлену 
мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың 
пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі 
постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін 
білдірді.
90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің 
дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап 

198
келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді. 
Мәдениет дағдарысқа қарсылық көрсетуге тырысты: 
бұл кескіндемедегі сюрреализмнің шарықтау шегі, 
мүсін өнеріндегі кинетикалық өнер, сәулет өнеріндегі 
“интернационалдық” және “хайтек” стильдері, әдебиеттегі 
экзистенциализм. Бұл жылдары өнерде постмодер-
низм дүниеге келді. Сонымен бірге ұлттық және діни 
мәдениеттерді сақтау үшін күрес туының астында экстре-
мизм мен лаңкестіктің көрініс беруі де болып өтті.
Жаратылыстанудағы революция мен оның ықпалы­
ның ғылымдарға, технология мен саясатқа ықпалы. 
Жара тылыстанудағы революция ғылыми, философиялық 
және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, 
ол — физикадағы  аса  ірі  жаңалықтар. Оның негізгісі атом 
және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің 
(электронның, протонның, позитронның, нейтронның) бар 
екендігі, атомның бөлінбейтіндігі туралы түсінікті жоққа 
шығарды. Классикалық техника заңдарын абсолюттенді-
руге күмән келтірілді: массаның өзгермейтіндігі туралы 
заңның терістігі дәлелденіп, ықтималдылық теориясы 
жасалды. Жетекші физиктер макродүние мен микродүние 
даму заңдарының сапалық тепе-теңдігі туралы пікірлерді 
жойды. Француз физиктері Пьер Кюри мен Мария Скла-
довская-Кюри радиоактивтілік туралы ілімді жасады, 
пьезоэлектрлікті ашып, зерттеді. Альберт Эйнштейн 
ықтималдылық теориясын қалыптастырды (1905 ж.),  
Макс Планк кванттар мен кванттық сәулеленуді ашты 
(1908 ж.), Э. Резерфордтың атомның үлгісі (1911 ж.) 
негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық тео-
риясын жасады (1913 ж.), Ферми-Дирактың кванттық ста-
тистикасы (1925 ж.) пайда болды. Осы және басқа да ашы-
лулар дүниенің механикалық бейнесі тұжырымдамасын 
айтарлықтай өзгертті.
Ферми ядролық және нейтрондық физиканы жасау-
шылардың бірі болды, ол бірінші ядролық реактор салып, 
онда тізбекті ядролық реакцияны (1942 ж.) бірінші бо-
лып жүзеге асырды. Нейтронды ашу атом құрылысының 
құпияларын ашуға әкелді және әлем атом қуатын игеруді 
бастады, атомдық бомба жасауға кірісті. Атомдық бомба-
ны АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында бірінші 

199
болып сынап, оны Хиросима мен Нагасаки қалаларына 
тастады, соғыстан кейін Кеңестер Одағы Қазақстан жерін-
де сынақ өткізді.
Жаратылыстанудағы революция ғалымдардың ой-пі- 
кіріне де өзгеріс енгізді, жаңа ғылыми теориялар мен 
жаңа ғылымдар — генетиканың, микробиологияның, 
биохимияның, биофизиканың, геохимияның және т.б. 
пайда болуына жағдай жасады.
Химия ғылымдарының жасанды материалдар жасау 
саласындағы табыстарының зор маңызы болды, дәру-
мендер, гормондар және т.б. ашылды. Биологияның әсі- 
ресе генетика саласындағы жетістіктері де ғасыр жаңа-
лығына пара-пар саналды.
Бұрын емі жоқ деген көптеген ауруларды емдеу мүм- 
кіндігі пайда болды. 20-жылдар медицинадағы, пси-
хиатриядағы, әлеуметтік психологиядағы (З. Фрейд) 
табыстармен атап өтілді. Жер жөніндегі ғылымдарда (гео-
логия, геофизика), мұхиттануда, метеорология мен басқа 
да жаратылыстану ғылымдарында елеулі табыстарға қол 
жеткізілді.
XIX ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік 
революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. 
ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі 
байқалды.
Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы 
еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. 
Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында 
(1914 ж.) енгізілді. Бұрынғы ашылулар мен техникалық 
өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фоно-
граф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, 
алғашқы автокөліктер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік 
өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 
20—30-жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен 
алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, 
автокөліктерді, автобустарды көруге болатын. Азамат-
тық авиация тұрақты және көп ұзамай — халықаралық 
көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, 
одан кейін түрлі түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы 
үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп 
ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен 
журналдардың таралымы едәуір артты.

200
Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік 
және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми-
техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты 
идеялық ағымдар — либерализм, әлеуметтік реформизм, 
консерватизм, марксизм — өзінің түпкілікті ресімделуін 
саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты.
Әлеуметтік либерализм идеялары: жекебастың 
бостандығы, адам құқықтары, халықтық егемендік, 
жеке-даралық қағидаты, парламенттік демократия, 
құқықтық мемлекет көпшілік арасында кең танымал 
болды. Т. Гриннің, Ф. Науманның, В. Репкенің, В. Ой-
кеннің, Б. Кроченің, Л. Уордтың, Дж. Кроулидің, 
Ч. Бирдтің және басқаларының идеялары әлеуметтік  
реформизмнің әлеуметтік революцияға жол бермеу 
туралы идеяларымен сәйкес  келді. К. Каутский мен 
Р. Гильфердингтің ұйымдасқан капитализм деп аталатын 
теориясы буржуазиялық қоғамды реформалаудың, оны 
әлеуметтік және қақтығыссыз етудің мүмкін болатын 
жолдарын ұсынды.
ХХ ғасырдың екінші жартысы — бұл Еуропа мен 
Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде 
постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі. Оның ма-
териалдық мәдениетін сипаттайтын ерекшеліктерінің 
қатарында кез келген жерде ақпараттық технологияны 
пайдалануға мүмкіндік берген — ғылыми жетістіктері бар.
Ашылған жаңалықтарының ішінде — қуаттың ба-
ламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасан-
ды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты 
компьютерлендіру бар.
Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды 
болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қоз-
ғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру бастал-
ды.  ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа  
түр лері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық 
құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін 
шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді.
Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым — 
кибернетика пайда болды (Р. Винер), ал 1976 жылы ми-
ни-процессор жасалды. Бүкіләлемдік желі — интернеттің 
жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтық-
тарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға 

201
мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен “адамсыз өндіріс” 
жасалды.
Рухани мәдениеттің дамуы философияда үстемдік 
ете тін әртүрлі бағыттар мен ағымдардың ықпалына түсті. 
Философия өз кезегінде ғасырдың бас кезіндегі ғылыми 
революция нәтижесінде қалыптасқан дүниетанымдық 
негіздерін қайта қарастырды. Жаңа позитивизмнің өкіл-
дері (Карнап, Рассел, Витгенштейн) жаратылыстануда ғы 
жаңа ашылулардың күшті ықпалына ұшырады. Олар  
үшін өздері “шынайы ойлау” деп есептеген математикалық 
логикаға, сондай-ақ нәтижелерін қашанда болсын тексеру-
ге болатын (сендіру қағидаты) “тәжірибелік ғылымдарға” 
деген ерекше қызығушылық тән. Білім беруде тілдік 
формаларға, таңбалық-нышандық құралдарға талдау 
жасауға үлкен рөл берілді.
АҚШ-тағы 20—40-жылдардағы рухани өмірге 
Дж. Дьюидің биологиялық-бихевиористік философиясы 
не ғұрлым күшті ықпал етті. Дьюи көңіл аударған нәрсе, 
бұл адам мен оның іс-тәжірибелік проблемалары болды.
Адамның іс-әрекеті (ағылш. behavіor — мінез-құлық) — 
бұл сыртқы орта әсеріне қайтарылған жауап пен жағдайға 
бейім делушілігінің  жиынтығы.
Экзистенциализм алдыңғы қатарға адам болмысының 
абсолюттік бірегейлігін қойды және жаңа позитивизм-
нен бір ерекшелігі оны ұғымдар тілінде білдіруге жол 
бермеді (С. Кьеркегор). ХХ ғасырдың бүкіл өн бойын да 
экзистенциализм мәдениетте, өнерде, әдебиетте үстем-
дік етті. Шырғалаң, дағдарыстық, қоғамдық жағ дай-
лар проблемасын құрылыстың өзінен емес, адамның 
“адасушылықтарынан” іздестіру қажет (М. Хайдег-
гер), себебі адам “қайғылы” жаратылыс деп есептелді. 
(Ж.-П. Сартр).
ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының 
құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шын- 
дыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет 
пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағым-
дарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір 
анықтамаға — модернизмге келіп сыяды.
Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзуімен 
сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) — ХХ ғасырдағы 
мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық 

202
тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдіс-
тердің саналуандығы. Дәстүрлерге қарсы бүлік шығарған 
декаденс өнерінің барлық формалары мен барлық ағым-
дары модернистік деген атақ алды. Модернизммен  әуес-
тену кейіннен реализмнің аса көрнекті шеберлеріне 
айналған жазушыларда да, ақындарда да болды (И. Бехер, 
П. Неруда, Б. Брехт, Л. Арагон және т. б.).
Модернизм бірнеше кезеңде дамып, көптеген  ағымдар-
да көрінді. 60-жылдардан бастап модернизм постмодер-
низм сатысына енді. Модернистік ағымдардың аражігін 
ажырату оңай емес. Оның неғұрлым жарқын көріністерін: 
абстракционизм мен авангардизмді қарастырған орынды.
Абстракционизм — модернизмнің ерекше формасы, 
қоғамға қарсы шығу және дүниені қарапайым құралдар- 
мен бейнелейтін шынайы бейнені дәйекті қирату ретінде 
пайда болды. Абстракционизмнің негізін салушылар, 
негізінен, Германиядағы орыс суретшісі В. Кандинский 
(“Көпір тобы” мен “Көгілдір салтанатты”), голландтық 
П. Мондриан мен супрематизмді жасаушы К. Малевич 
болып есептеледі.
Сюрреализм кескіндемедегі абстракционизмінің фор-
масы ретінде қандай да бір басқа бағыттан гөрі дәуір 
трагизмін, төніп келе жатқан жаңа соғыс трагизмін 
айқын бейнеледі. Ең белгілі шығармалар қатарында 
П. Пикассоның “Герникасы” мен С. Далидің “Азамат 
соғысын алдын ала сезінуі” екені таңғаларлық емес. Аб-
стракционизм кейінірек АҚШ-та неғұрлым жан-жақты 
дамыды.
Абстракционизмді алмастыруға модернизмнің не ғұр-
лым радикалды түр өзгерісі авангардизм келді. Модер-
низмнің бұл бағытының жарқын көрінісі 60-жылдардың 
соңына тура келеді. Авангардизмде мистика мен песси-
мизмнен бастап өткір әлеуметтік сын және революциялық 
үндеулерге дейінгі әртүрлі идеологиялық үдерістер көрініс 
тапты.
Сол уақытта экспрессионизм дүниеге келді. Ол неміс 
натурализмінен пайда болып, Д. Джонс пен Ф. Кафканың 
шығармашылығында неғұрлым айқынырақ берілді, олар 
үшін өмір адамға дұшпан, сандырақтық бастама, адамға 
деген сенімсіздік, пессимизм. Экспрессионист-суретшілер 

203
аллегориялар мен метафораларды пайдаланды, олар үшін 
нақты формалардың маңызы болмады.
Реализм форма мен стиль ретінде ғасыр бойында да-
мыды, әлденеше рет түрөзгерістеріне ұшырады және өмір 
сүруін жалғастыруда.
Сыншыл реализм әдебиеті 20—30-жылдардағы рухани 
өмірдің жаңа күрделі процестерін зерттеді (Б. Шоу, Дж. 
Голсуорси), қатал буржуазиялық қоғамды, “америкалық 
трагедияны” (Т. Драйзер),  өткір  әлеуметтік  проблемалар-
ды (Э. Хемингуэй) көрсетті. Р. Роллан, А. Франс, Г. Ибсен, 
Дж. Лондон, Э. Синклер, А. Чехов және т.б. буржуазия- 
лық қоғам кеселдерін сынады, соғыс пен зорлық-зом-
былықты айыптады, жаңа мұраттар іздеді. Шындыққа 
неғұрлым тереңірек жету мақсатымен Б. Брехт, А. Жид, 
Ф. Мориак, У. Фолкнер, Т. Манн жаңа көркемдік тәсілдер 
пайдалана отырып, батыл эксперименттерге жол берді. 
Жазушылар Ж. Амаду, Г. Маркес өз шығармаларын 
әдебиеттегі жаңа реализм тұрғыларынан жазды.
Постмодернизм Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 
адамзат болашағы үшін төніп тұрған үлкен қауіптің 
нәтижесінде пайда болды. Постмодернизм индустриялық 
қоғамның барлық әлсіз нүктелері мен постиндустриялық 
мәдениетке өту проблемаларын өз уақытында белгіледі. 
Әмбебап роботтар

204
Бұған Нью-Йорктік мектеп (1945—1960 жж.) пен ондағы 
Дж. Поллоктың, М. Горькийдің, У. Кунингтің және т. б. 
абстрактілік экспрессионизмі жатады. Постмодернизмнің 
еуропалық мектебіне (1945—1960 жж.) П. Пикассо, 
М. Тапи, Ж. Матье, В. Лепсе, Р. Гуттузо, Ж. Дюбюфе және 
т. б.; сәулет өнеріне — Ле Корбузье, О. Нимейер, В. Бюпиус 
және т. б. жатады.
Жаңа постиндустриялық қоғамдағы ақпараттық ре-
волюция процесінде дүниеге келген мәдениет постмодер-
низм анықтамасына ие болды. 90-жылдардың бас кезіне 
таман постмодернизм Батыс елдері әлеуметтік мәдени 
өмірінің жаңа өміршең құбылыстарына орын беріп, әлсі-
рей бастады.
Бұқаралық мәдениет — ХХ ғасырдың бұқаралық өнді- 
ріс пен бұқаралық тұтынушылыққа байланысты туында- 
ған сипатты құбылыс. Ол өмірдің барлық салаларын 
қамтып, жастардың субмәдениетінен (рок-музыка) айқы-
нырақ орын алды. Бұқаралық ақпарат құралдары ның 
дамуымен жалпыға бірдей сауаттылық пен ақпарат тық 
технологиялар елеулі күшейе түсті.
Мәдениеттің  бұқаралық және элиталық деп бөлінуі 
әрі өзара байланысы — ХХ ғасыр мәдениетінің басты 
ерекшеліктерінің бірі. Бұл мәдениетке келтірер бірден-
бір мысал, ол — джаз. Джаз — Нью-Орлеан қаласындағы 
қара түсті халықтың мәдениеті. Ол лашықтардан шы-
ғып дәмханаларға, шағын мейрамханаларға, киноға,  
эстрада ға, радиоға, теледидарға көшті, ең атақты де-
ген концерттік залдарға орын ауыстырды. Одан кейін 
Америкадан бүкіл дүниежүзіне таралып, Еуропада оны 
бағалаушылардың игілігіне айналды. Мұнымен бірге 
джаздың өзі де өзгерді. Егер ХХ ғасырдың бас кезінде 
джазды сауатсыз кезбе му зыканттар орындаса, бүгінгі күні 
оны консерваториялардың, өнер академияларының үздік 
бітірушілері орындайды. Луи Армстронгтің, Бигстің, Элла 
Фитцжеральдтардың есімдері бүкіл дүниежүзіне әйгілі 
болып, олардың шы ғармашылығы үлгіге айналды.
Элиталық мәдениет сияқты, бұқаралық мәдениет 
те халықтық мәдениетке халықтың орта және төменгі 
топтарының қажеттіліктері мен сұраныстарына сүйенді. 
Бұқаралық мәдениет бастапқыда саудаға, коммерцияға ар-
налды. Бұқаралық мәдениет — бұл өнеркәсіптік өндірістік 

205
мәдениет. Бұл, бірінші кезекте — тауар, тек содан  кейін  
ғана — мәдениет. Ол тобырдың талғамын дамытпайды, 
белгілі бір таптаурындар, тәсілдер, тақырыптар, тех-
никаны жасап шығарып, оларды көпшілік көрерменге, 
оқырманға, тыңдаушыға еріксіз таңады. Мұның мысалы 
кино мен жарнама болып табылады.  Кино  20—50-жылда-
ры ең бұқаралық  ойын-сауыққа айналды.  60—90-жылда-
ры кино бұқаралық және фестивальдық киноға бөлінді.
Бұқаралық мәдениеттің халықаралық сипаты бар, 
ол Америка мен Еуропада, Азия мен Африкада, Латын 
Америкасы мен Аустралияда да ұқсас заңдар бойынша 
дамиды, бірақ 70-жылдарға дейін оның басымдыққа ие 
болған елі АҚШ болды. Және әлі де дүниежүзілік нарыққа 
бұқаралық мәдениет туындыларының көпшілік бөлігін де 
АҚШ шығарады.
60—70-жылдары АҚШ пен Еуропада интернационал-
дық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді 
білдіретін “хайтек” стилі пайда болды, ол қоғамдық 
ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме 
павильондарын (Париждегі Ж. Помпиду мәдени орталы-
ғы) салу үшін пайдаланылады.
ХХ ғасырдағы мәдениеттің түбегейлі бетбұрысы 
мүлдем жаңа бағыттар және ағымдармен қатар өсіп келе 
жатқан қарсы ағынның пайда болуынан: ескі бағыттар мен 
стильдердің жаңа классицизм, реализм, ретроның жаңа 
формаларында қайтадан жандануынан көрініс беруде. 
Олар суретшілер мен көрермендердің қазіргі ұрпағының 
қызығушылығынан тыс қалмайтынын дәлелдеуде.
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  ХХ ғасыр мәдениетіндегі негізгі қайшылықтарды атаңдар. Мәде ниет­
тердің интеграциялану (кірігу) үдерісіне қандай факторлар айрықша 
ықпал етті?
2. Мәдениет дамуының қай кезеңдері сендерді айрықша қы зықты­
рады? Ол кезең несімен ерекшеленеді? 
3.  Жаратылыс пен нақты ғылымдарда ашылған жаңалықтардың рухани 
мәдениеттің дамуына әсері қандай болды? 
4. Өнердегі жаңа бағыттар, модернизм мен олардың өкілдері жөнінде 
әңгімелеңдер.
5. Бұқаралық мәдениет пен элитарлық мәдениет арасында қандай 
айырмашылықтар бар? Сендердің ойларыңша Қазақстанда қандай 
мәдениет басым дамуы керек. Мысалдар келтіріңдер.

206
ХрОНОЛОГИяЛЫҚ  АНЫҚтАМА
1914—1918 жж. — Бірінші дүниежүзілік соғыс.
1917 ж.
— Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан 
төңкерісі.
1918 ж. 
— Брест — Литовск бейбіт шарты.
1918 ж. 
— Германия республикасын жариялау.
1918 ж.
— М.Кемал бастаған түрік революциясы.
1919—1923 жж. — Ресейдегі азамат соғысы.
1918—1922 жж. — Англияның Ауғанстанға қарсы соғысы.
1919 ж. 
— Париждегі бейбіт конференция.
1919 ж.
— Кеңестік Ресейдің Польшаға қарсы шабуылы.
1919 ж.
— Қытайдағы “4 мамыр қозғалысы”.
1920 ж. 
— Тунисте “Дұстүр” партиясының құрылуы.
1920 ж. 
— Алғашқы жалпыүндістандық азаматтық ба-
ғынбаушылық қимылы.
1921—1922 жж. — Вашингтон конференциясы.
1922 жж.
— Генуэ конференциясы.
1922 ж.
— КСРО-ның құрылуы.
1922 ж.
— Египеттің тәуелсіздігін мойындау.
1925—1927 жж. — Қытайдағы бірінші азамат соғысы.
1925 ж. 
— Иран басшылығына Пехлеви әулетінің келуі.
1927 ж.
— Сауд Арабиясы корольдығының жариялануы.
1929—1933 жж. — Әлемдік экономикалық дағдарыс.
1929 ж.
— КСРО-да жаппай ұжымдастырудың басталуы.
1930 ж.
— Ирактың тәуелсіздігін мойындау.
1931 ж.
— Жапон әскерлерінің Маньчжурияға енуі. Жа-
пония ның Ұлттар Лигасынан шығуы.
1933 ж. 
— Германияда фашистік диктатураның орнауы.
1934 ж. 
—  Ф.Рузвельттің “жаңа бағыт” реформасы.
1934 ж.
— КСРО-ны Ұлттар Лигасына қабылдау.
1935 ж. 
— Италияның Эфиопияны жаулап алуы.
1936—1938 жж. — КСРО-дағы қуғын-сүргін.
1936 ж.
— Антикоминтерн пактісі.
1937 ж. 
— Жапонияның Қытайдағы “үлкен соғысы”.
1938 ж. 
— Мюнхен келісімі.
1939 ж.
— Өзара шабуылдаспау туралы КСРО — Герман 
пактісі мен құпия хаттамасы.
1939—1945 жж. — Екінші дүниежүзілік соғыс.
1939—1940 жж. — КСРО-Финляндия соғысы.

207
1940 ж.
— Үндістанда бөлек ұлттық Пәкстан мемлекетін 
құру жолындағы күрес туралы Мұсылман Ли-
гасы съезінің қарары.
1941 ж.
— КСРО — Жапон бейтараптық туралы шарты.
1941 ж.
— Германияның КСРО-ға шабуылы.
1941 ж.
— Жапонияның АҚШ-қа қарсы шабуылы.
1942 ж.
— Мидуэй жанындағы Жапон және АҚШ арасын-
дағы әскери-теңіз шайқасы.
1942—1943 жж. — Сталинград шайқасы.
1942 ж. 
— әл-Аламейн (Египет) шайқасы.
1943 ж.
— Коминтернді тарату.
1943 ж.
— Курск шайқасы.
1943 ж.
— Тегеран конференциясы.
1944 ж.
— Одақтастар әскерінің Солтүстік Францияға 
келуі.
1945 ж. 
— Қырым конференциясы.
1945 ж.
— Потсдам конференциясы.
1946—1954 жж. — Франция-Үндіқытай соғысы.
1947 ж.
— Үндістан және Пәкстан тәуелсіздігінің жария-
лануы.
1947 ж.
— Трумэн доктринасы. “Маршалл жоспары”.
1948 ж. 
— Израиль мемлекетінің құрылуы. Алғашқы 
Араб-Израиль соғысы.
1949 ж.
— Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің құрылуы.
1949 ж.
— НАТО-ның құрылуы.
1949 ж.
— Қытай Халық республикасының жариялануы.
1950 ж.
— КСРО — ҚХР достық шарты.
1950—1953 жж.  — Кореядағы соғыс.
1951 ж.
— Жапониямен бейбіт келісім туралы Сан-Фран-
циско дағы  шарт.
1952 ж.
— Египет революциясы.
1954 ж.
— Үндістан және Корея мәселесін қарастырған 
Женева кеңесі.
1954—1962 жж. — Алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысы.
1955 ж.
— Бандунг конференциясы.
1955 ж.
— Бағдад пактісін құру.
1955 ж.
— Варшава Шартына қол қою.
1956 ж.
— Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты 
басқыншылық.
1957 ж.
— Еуропалық экономикалық бірлестік құру туралы 
Рим шарты.

208
1958 ж.
— Франциядағы бесінші Республика Конституция-
сын қабылдау.
1958 ж.
— Ирак революциясы.
1961 ж.
— Белградтағы қосылмаушылық конференциясы.
1962 ж.
— Куба дағдарысы.
1963 ж.
— Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды 
өткізбеу туралы Мәскеу шарты.
1965—1973 жж.  — АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы.
1967 ж.
— АСЕАН тобының құрылуы.
1967 ж.
— Үшінші Араб-Израиль соғысы.
1968 ж.
— Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехо-
словакияға әскерлерін енгізуі.
1971 ж.
— Үндістан-Пәкстан соғысы. Бангладеш мем-
лекетінің құрылуы.
1972 ж.
— Стратегиялық қаруларды қысқарту туралы 
АҚШ-КСРО шарты (ОСВ-1).
1973 ж.
— Төртінші Араб-Израиль соғысы.
1975 ж.
— Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық 
жөніндегі Еуропа Кеңесінің Акті.
1976 ж.
— Вьетнамның бірігуі.
1978 ж.
— Ауғанстандағы төңкеріс.
1979 ж.
— Ирандағы революция және Иран — Ислам рево-
люциясын жариялау.
1979—1989 жж. — Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.
1980—1988 жж.  — Ирак-Иран соғысы.
1985—1987 жж. — КСРО-ғы жеделтету және қайта құру саясаты.
1986 ж.
— Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.
1990 ж.
— Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы 
Декларация.
1991 ж.
— Варшава Шартының қызметін тоқтату. Со-
циалистік лагерьдің ыдырауы.
1991 ж.
— КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы туралы 
Декларация.
1991 ж. 
— Еуропа Одағына қатысты елдердің бірегей одақ 
құруы туралы Маастрихт келісімдері.
1992 ж.
— Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы.
1994 ж. және 
2000 ж.
— Бірінші және екінші шешен соғыстары.
2001 ж.
— Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы 
мәлімдеме.
2001 ж.
— Ауғанстандағы Талибан үкіметін жою.

209
2002 ж.
— Алматыдағы ынтымақтастық және өзара сенім 
шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті.
2002 ж.
— Еуропа Кеңесінің құрылуы.
2004 ж.
— Үндістандағы сайлауда Үнді Ұлттық Конгресі 
жеңіске жетті.
2005 ж., 
қыркүйек
— Х.Мүбарак Египетте 5 рет президент болып сай-
ланды. 
2005 ж., қараша — Әзірбайжан: И. Әлиев президент болып сайлан-
ды.
2005 ж., 
желтоқсан
— Қазақстан: Н. Назарбаев президент болып сай-
ланды.
2006 ж., қаңтар
— Палестина; парламент сайлауы. ХАМАС қоз-
ғалысы жеңді.
2006 ж., қаңтар
— Конго Демократиялық Республикасы: 1960 жыл-
дан бері қарай бірінші президент сайлауы.
2006 ж., мамыр
— Сирия әскери күштері Ливаннан шығарылды.
2006 ж., шілде
— Санкт-Петербургте “G-8” саммиті.
2006 ж., шілде
— Жапония: Дз.Коидзуми премьер қызметінен 
кетіп, орнын С.Абэ басты.
2006 ж., қазан
— Пекинде 48 Африка елдері қатысқан Қытай—
Африка саммиті.
2007 ж., сәуір
— Нигерия: Умару Йяр Адуа президент боп сай-
ланды.
2007 ж., мамыр
— Франция: президенттікке Н. Саркози сайланды.
2007 ж., мамыр
— Т.Блэр Ұлыбритания премьер-министрі орны нан 
кетіп, орнына Г.Браун сайланды.
2007 ж., тамыз
— Бішкекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 
мүше елдер Достасу және Ынтымақтасу шартына 
қол қойды.
2007 ж., тамыз
— А. Гюль — Түркия президенті болып парламент-
те сайланды.
2007 ж., тамыз
— Жапония: үкімет басына Фукуда Ясуо келді.
2007 ж., тамыз
— Сиднейде АТЭС саммиті.
2007 ж., қазан
— Тегеранда Каспий жағалауындағы елдердің 
II саммиті.
2007 ж., қазан
— Мадридтегі Еуропа қауіпсіздігі және ынты-
мақтастығы ұйымына қатысушы елдер Сырт-
қы істер министрлерінің отырысы. Қазақстан 
2010 жылы Ұйымды басқару туралы шешім 
қабылдады.
2007 ж., қазан
— Пәкстан: П. Мушарраф ел президенті боп қайта 
сайланды.

210
2007 ж., қазан
— Қытай Компартиясының XVII съезі.
2008 ж., ақпан
— Косово тәуелсіздігін жариялады.
2008 ж., ақпан
— Пәкстан: парламент сайлауы: оппозициядағы 
Пәкстан халқының партиясы мен Мұсылман 
Лигасы (МЛ) жеңіске жетті. Үкіметті ПХП қол-
ға алды.
2008 ж., наурыз — Ресей: Д. Медведев президент боп сайланды.
2008 ж., наурыз — Тайвань: Гоминьдан өкілі Ма Ин-Цзю президент 
болып сайланды.
2008 ж., шілде
— Каотай қаласында (Хоккайдо, Жапония) “G-
8” сам миті. Парижде ЕО және Жерорта теңізі 
алқабындағы елдер одақтасты.
2008 ж.
— Ресей-Грузия соғысы, Абхазия және Оң түстік 
Осетия тәуел сіздігі жарияланды.
— Пекиндегі Олимпиада.
— П. Мушарраф  орнынан  түсіп,  Пәкстан  прези-
денті  болып Асаф Әли Зардари сайланды.
— Монғолияда парламент сайлауы, МХРП жеңісі, 
ел ішін дегі толқулар.
— АҚШ-та президент сайлауы, алғашқы қара нә-
сілді президент Барак Хусейн Обама.
2009 ж.
— Бангладештегі парламент сайлауы, Авами Лиг 
партия сының жеңісі, үкімет басына Х. Уажид 
келді.
— Моңғолиядағы президент сайлауы, демокра тия-
лық пар тия жетекшісі Ц. Эльбегдорж жеңісі.
— Жапония парламентіне сайлау, жеңіске демо-
кра тиялық партия жетіп, үкіметті Ю. Хатояма 
басқарды.
— Цейлондағы сепаратистік Тоти Илама жеңіліске 
ұшырап, ел президенті боп Раджапакса сайланды.
— Қаржы-экономикалық дағдарыстан дамыған 
Еуропа, Америка, Азия елдерінің жағдайы күрт 
нашарлады.
2010 ж.
— Құрамына Ресей, Беларусь, Қазақстан енген 
Ке дендік Одақ құрылды.
— Қырғызстандағы революция: президент Қ. Ба-
киев тің қашуы. Уақытша президент боп Роза 
Отунбаева тағайындалды.
— Түркиядағы парламент сайлауы. Р. Т. Ердоган 
бастаған үшінші үкімет.
— Англия парламент сайлауы. Консерваторлар 
жеңісі және Дэвид Кэмерон үкіметі құрылды.
— Астанадағы ЕҚЫҰ саммиты.

211
2011 ж.
— “Араб көктемі”: Араб елдеріндегі револю-
циялар. Тунис, Мысыр, Ливия, Йемен билеу-
шілері ұсталды. Иорданиядағы Бахрейндегі, 
Алжирдегі жаппай халық толқулары. Сирия-
дағы азаматтық соғыс.
— Қазақстан: кезектен тыс президент сайлауы. 
Н. Ә. Назар баевтың жеңісі.
— Жапониядағы өте зор жер сілкінісі және мұхит 
толқыны (цунами). Е. Нода бастаған жаңа үкімет.
— Оңтүстік Африка республикаға Бразилия, Ре-
сей, Үндістан Қытай тобына қосылып БРИКС 
тобы шықты (“С”— South  Africa).
— Мысырда Х. Мүбарак және туыстары мен жақ-
таушылары сотқа тартылды.
— Б. Обама Ирактағы АҚШ Қарулы күштерін шы-
ғару туралы шешімі.
— АҚШ арнайы әскери тобының қолынан Усама 
бен Ладен қаза тапты.
— Қырғызстанда президент сайлауы өтіп, жеңіске 
А. Атамбаев жетті.
— Қазақстан исламдық конференция Ұйымын бас- 
қаруға кірісіп, оның атауын Исламдық Ынты-
мақтастық Ұйымы деп өзгерді.
— АҚШ-та “Ситиді басып ал” қозғалысы баста лып, 
оны қолдау шылар Ұлыбританияда, Аустралия-
да, Германияда, Иранда, Италияда және т. б. ел-
дерде бас көтерді.
— Астанада түркітектес елдердің саммиті.
— Украинаның экс-премьері Ю. Тимошенко сот-
талды.
— Араб мемлекеттері Лигасы Сирияны өз қата-
рынан ығыс 
тыру туралы шешімі. Сирияға 
қарсы санкциялар.
— Солтүстік Йеменді 1978 ж., шілдеден, ал екі 
Йемен біріккен кезден бастап (1990 ж., мамыр) 
елді билеген Али Абдалла Салих қызметін тас-
тап, шетелге кетуге мәжбүр болды.
— Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума сайлауы.
— Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл аталып өтті.
— Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир қайтыс 
болды.
2012 ж.
— Солтүстік Корея басшылығына 27 жасар Ким 
Чен Ун та ғайындалды.

212
— БҰҰ ҚК және батыс елдерінің Иранға қарсы  
санкциялары.
— Ресей қалаларындағы наразылық шерулер.
— Ресейдегі президент сайлауы. В. В. Путин 3-рет 
президент орнын басты.
— Мьянмада парламенттің бір бөлігіне сайлау. 
Сай лауға қатысқан оппозициядағы демократия 
үшін Ұлттық Лига толық жеңіске жетіп, оның 
жетекшісі Лунг Сан Су Чжи парламент мүшесі 
болды.
— Ауғанстан — АҚШ “стратегиялық ынтымақ та-
су туралы” шарт жасасты.
— Судан және оңтүстік Судан арасындағы шекара 
жанжалы.
— Тунистегі, Мысырдағы, Алжирдегі парламент 
сайлаулары, исламшыл ұйымдардың жеңістері.
— Гвинея — Бисаудағы, Малидегі әскери төңке-
рістер.
— Президент Н. Ә. Назарбаевтың Германияға, Ма-
лайзияға сапары.
— Франциядағы президент сайлауы. Социалистік 
партия өкілі Франсуа Олланд жеңісі.
— Грекияда қайта парламент сайлауы.
— Сириядағы қантөгіс жағдайда бейбіт түрде рет-
теу туралы  К. Аннан жоспары.
— Солтүстік Кореяның жасанды серік ұшыруы 
сәт сіздікпен  аяқталды.
— Түрiк премьер-министрi Р. Т. Эрдоган Астана-
да болып ҚР Президен 
ті Н. Ә. Назарбаевпен 
кездесті.
— Шанхайда ШЫҰ-ның саммиті.
қарашада
— Қытай Коммунистік партиясының XVIII съезін-
де 59 жастағы Си Цзиньпин партияның Бас хат-
шысы болып сайланды.
— АҚШ-тағы президент сайлауында Барак Ху-
сейн Обама президенттік лауазымын сақтады.
— Жапонияда парламент сайлауы, ЛДП жеңісі.
— Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау “Ұлы ел 
партиясының” өкілі Пак Хын Хё жеңісі.

213
тЕрМИНОЛОГИяЛЫҚ СӨЗДіК
Авторитарлық (лат. auctoritas — өктемшілдік) — саяси билік; 
бір адамның немесе бір топтың қолында шоғырланған мемлекеттік 
құрылыс.
Агрессия (лат. aggressio — басқыншылық) — бір немесе бірнеше 
мемле кеттердің басқа мемлекеттің жерін басып алу, тәуел сіздігінен 
айыру немесе шектеу, оның қоғамдық құрылысын күштеп өзгерту 
ниетімен шабуыл жасау.
Альянс (франц. alliance — одақ) — мемлекеттер арасындағы одақ 
немесе қандай болса да бір ұйымдардың халықаралық бірлестігі.
Блокада (ағылш. blokade — бөліп тастау) — әскери күш арқылы не 
экономикалық шаралар түрінде белгілі бір аумақты сыртқы дүниеден 
бөліп тастауға арналған әрекеттер.
Геосаясат — саяси-географиялық білім арқылы күшті дамы ған 
елдердің әлемдік мүддесі мен сыртқы саясатын дәлелдеу тұжы-
рымдамасы.
Джентельмендік келісім — әдетте, ешқандай құжат жасалмай-ақ, 
ауызекі жасалған халықаралық келісім.
Интеграция (лат. integratio — ықпалдастық) — бірнеше  мемлекет-
тер дің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі.
Коалиция (лат. coalitio — бірігу) — жалпы мақсатқа жету үшін 
мемлекеттер мен партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бірлігі.
Контрибуция (лат. contributio — өтем) — жеңілген мемлекеттің 
жеңген елдің үкіметіне ақшалай, яки бағалы зат түрінде, беретін 
төлемі.
Конвенция (лат. conventio — еркін, ерікті) — халықаралық келісім.
Космополит (грек. kosmopolités — әлемдік адам) — өз отанынан қол 
үзген, отанына жат адам.
Либерализация (лат. liberalis — ырықтандыру) — мемлекеттік 
реттеудің қатаң бақылауынан босану.
Модернизация (франц. modern — жаңғырту) — артта қалған 
елдер дің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған 
мемлекеттік саясаты.
Локаут (ағылш. lock out — есікті жабу) — жұмысшыларды көптеп 
жұмыс тан  шығару.
приватизация (лат. privatus — жекешелендіру) — мемлекеттік 
меншікті жекешелендіру үдерісі.
постиндустриализм — Батыс Еуропалық елдерден шыққан саяси-
әлеуметтік тұжырымдама. Қоғамның даму тарихын үш кезеңге бөледі: 

индустрияға дейінгі, индустриалдық, постиндустриалдық (инду-
стриядан кейінгі). Бұл аталған жаңа қоғамда даму негізі ғылымға 
тірелмекші. Қоғамда ғылымның теориялық және зерттеу мекемелері 
ерекше орын алмақшы.
путч (неміс. putsch — бүліншілік) — мемлекеттік төңкеріске 
ұмтылған шағын топтың әрекеті.
радикализм (лат. radix — түбірлі) — терең батыл шаралар қолдану 
әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.
реваншизм (франц. revanche — кекшілдік) — бұрын соғыста 
жеңілген елдердің кек қайтару мақсатымен жаңа соғысты дайындау 
идеология сы мен саясаты.
репарация (лат. reparatio — төлем) — жеңілген елдің жеңген мемле-
кетке соғыс зиянын (шығындарын) түгел, не болмаса, жартылай төлеуі.
тоталитаризм (лат. totalis — жаппай) — адамның жаппай саяси 
билікке, қоғамның жаппай мемлекет билігіне бағынуы. Тоталита-
ризм азамат тық қоғамның барлық жағын бір орталыққа бағындырып, 
мемлекеттік органдардың шырмауын барынша күшейту тәртібі.
Фашизм (итал. fascismo — буда, байлам, шоқ, біріктіру) — ашық- 
тан-ашық демократиялық бостандық пен прогрестік қоғамдық 
ұйымдардың әрекетін террорлық-диктаторлық әдіспен басып-жаншу 
саясаты.
Шовинизм (франц. chawinisme — француз солдатының аты, 
есімі) — ұлт шылдықтың шектен шыққан түрі. Бір ұлттың мүддесін 
басқа ұлт тардың мүддесінен жоғары қою.
Экология (грек. 
óikos — үй, отан; logos — ілім) — адам мен табиғат 
қатынасын зерттейтін ілім.
Элита (франц. élite — бекзат) — қоғамның, партияның, мемлекеттің 
таңдаулы топтары.

215
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................... 3
Бірінші  бөлім.  Еуропа  және  Америка  елдері  (1914—1939 жж.)
§ 1. Бірінші дүниежүзілік соғыс ................................................ 11
§ 2. Версаль — Вашингтон жүйесі .............................................. 17
§ 3. Ұлыбритания .................................................................... 20
§ 4. Франция .......................................................................... 25
§ 5. Германия ......................................................................... 30
§ 6. Италия ............................................................................ 36
§ 7. Кеңес  одағы ..................................................................... 40
§ 8. Америка  Құрама  Штаттары ............................................... 48
Екінші  бөлім.  1918—1945  жылдардағы Азия және  Африка елдері
§ 9. Жапония .......................................................................... 54
§ 10. Түркия ........................................................................... 58
§ 11. Қытай. Моңғолия ............................................................ 63
§ 12. Иран.  Ауғанстан ............................................................. 70
§ 13. Үндістан ......................................................................... 74
§ 14. Азия мен Африкадағы араб елдері ...................................... 80
§ 15. Екінші  дүниежүзілік  соғыс .............................................. 88
Үшінші бөлім. XX ғасырдың  екінші жартысындағы Еуропа мен  
Америка елдері
§ 16. Ұлыбритания .................................................................. 94
§ 17. Франция ........................................................................101
§ 18. Германия  Федеративтік  Республикасы .............................109
§ 19. Италия ..........................................................................118
§ 20-21. Орталық  және  Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдері ............121
§ 22. Кеңес Одағы.  Ресей  Федерациясы ....................................129
§ 23. Америка Құрама Штаттары .............................................137
төртінші бөлім.  XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы — XXI 
ғасырдың басындағы Азия және Африка елдері
§ 24. Жапония .......................................................................145
§ 25. Түркия ..........................................................................150
§ 26. Иран.  Ауғанстан ............................................................156
§ 27. Қытай  Халық  Республикасы.  Моңғолия ..........................162
§ 28. Үндістан. Пәкстан ..........................................................169
§ 29. Азиядағы араб елдері ......................................................178
§ 30. ХХ ғасырдың екінші жартысы — ХХI ғасырдың бас
          кезіндегі халықаралық қатынастар ...................................186
§ 31. ХХ ғасырдағы  ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен
           өнердің  дамуы ...............................................................195
Хронологиялық  анықтама ......................................................206
Терминологиялық сөздік ........................................................213

Учебное издание
Кожахметұлы Кенесбай
Чупеков Абдугали
Губайдуллина Мара Шаукатовна
ВСЕМИрНАя  ИСтОрИя 
(с 1914 г. по настоящее время)
Учебник для 9 классов 
общеобразовательных школ 
(на казахском языке)
Третье издание, переработанное, дополненное
Редакторы  А. Тажидаева
Көркемдеуші редакторы  Д. Булатов
Техникалық редакторы  И. Тарапунец
Корректоры  Ж. Баймағамбетова
Компьютерде беттеген  И. Алмабаева
Баспаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
№ 0000001 мемлекеттік лицензиясы  2003 жылы 7 шілдеде берілген 
ИБ  № 3439
Басуға 19.09.13 қол қойылды. Пішімі 60х90
1
/
16
. Офсеттік қағаз.
Қаріп түрі “Школьная”. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 13,5+0,50 жапсырма.
Шартты бояулы беттаңбасы 31,0.
Есептік баспа табағы 10,65+0,537 жапсырма.
Таралымы  15 000  қос.  дана.  Тапсырыс  №
“Мектеп” баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143­үй.
Факс.: 8(727) 394­37­58, 394­42­30.
тел.: 8(727) 394­41­76, 394­42­34.
Е­maіl: mektep@maіl.ru
 Web­sіte: www.mektep.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет