С ө ж көне түркі әдеби ескерткіштерінің зерттелу тарихы



бет4/5
Дата18.10.2022
өлшемі153,39 Kb.
#153559
1   2   3   4   5
Байланысты:
сож1

Қорытынды
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіндегі Талас жазбалары Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзеңді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің кажетгі екендігін байқауға болады.
Біртұтас мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руникалық жазуларды тілдік, әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықгау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек.
Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінен табылған тарихи жазба мұралар казіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігіне, Алатау мен Каратау бөктерлеріне, Орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарына арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықта іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.
Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағаңдағы жазу табылды. Мұңдай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның ..кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім.
Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Олардың бойында талай құпиялар сақтаулы.
Көне ескерткіштің қазақ халқы үшін тағы бір маңызы – ата түркінің бір жармағы ретінде өзіміздің жазба мәдениетіміз сонау VI-VIII ғасырлардан бастау алғандығы біз үшін зор мақтаныш. өзім осы тақырыпты зерттеу кезінде байқағаным – ескерткіш тіліндегі сөздердің байланысу түрлері қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына ұқсастығы. Атап айтсақ, қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі де ескерткіш түрінде кездеседі.
Демек, түркі ата-бабаларымыз ұстанған жазуды төл жазуымыз деп санап, әр түрлі тектес халық, әр қазақ терең түсінетіндей дәрежеде санаса, мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алып, көне мәдени жәдігерлерін ұлығылау жұмыстары үзіліп қалмай, одан әрі жалғасын тапса деген ұсынысымды білдіруге толық құқылымын деп есептеймін.
Қорыта келе айпағымыз, жалпы түркілердің тарихына, мәдениетіне қатысты жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер баршылық. Жазба деректердің негізі тобы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай, араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі жазба деректер болып табылады. Қытай деректерін Н.Я. Бичурин [27], т.б., еңбектері бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Көне түркі халықтарының көне жазба ескерткіштерінің зерттелуі бүгінгі кезеңде жалғасын табуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет