С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы



бет21/38
Дата26.12.2023
өлшемі3,34 Mb.
#199523
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы

Тұтану температурасы – белгілі бір температурада кайнайтын мұнай өнімі сырттан жалын бергенде 5 секундқа дейін жану температурасы. Тұтану температурасы әрдайым жалын шығару температурасынан жоғары болады. Мұнай өнімі ауыр болған сайын бұл айырмашылық соншалықты көп болады. Май құрамында ұшқыш заттар көп болған сайын бұл айырмашылық азаяды.
Өздігінен тұтану температурасы – қайнап тұрған мұнай өнімі ауамен қатынасқа түсіп сырттан ешқандай әсер болмаған кезде тұтану температурасы. Мұнай өнімінің өздігінен тұтану температурасы оның фракциондық құрамына және құрамындағы көмірсутектерге байланысты.Мұнай фракциясының қайнау шегі төмен болған сайын оның өздігінен тұтану қаупі аз болады. Мұнай өнімінің орташа молекулалық массасы жоғарылаған сайын өздігінен тұтану температурасы төмен болады. Ауыр мұнай қалдықтарының өздігінен тұтану температурасы – 300-350°С, ал бензин 500°С-тан жоғары температурада өздігінен тұтатанады. Сыртқы жалын көзі пайда болған кезде, жағдай тез өзгеріп, жеңіл мұнай өнімдері жарылғыш затқа айналып және өрт шығу қаупі пайда болады. Көмірсутеутердің ішінен өздігінен тұтану температурасы ең жоғары болып табылатын – ароматты көмірсутектер.
Қату және лайлану температурасы, кристалл түзу температурасы. Мұнай және мұнай өнімдері жеке заттар емес, күрделі органикалық қосылыстардың күрделі қоспасы болып табылады. Сол себепті олардың бір агрегаттық куйден екінші агрегаттық куйге ауысуның тұрақты температурасы болмайды. Мұнай және мұнай өнімдерін транспортирлеу және эксплуатациялау кезінде олардың агрегаттық күйіне температураның әсерінің маңызы зор. Температура төмендеген сайын мұнайың кейбір бөліктері тұтқыр және аз қозғалғыш болады, ал еріген көмірсутектер кристалл түрінде бөлініп шығады. Бұл құбылыс мұнайды төмен температурада тауарлы-транспортирлеу операциясы мен эксплуатациялауды қиындатады. Мұнайдың төмен температурада бөлінетін фракцияларын, дизельдік және қазандық отындарды, мұнай майларын сипаттайтын шама – қату температурасы. Қату темературасы – төмен температура аймағында мұнай өнімінің мүмкін болатын аққыштығын жою температурасы. Мұнай құрамында парафиндер ( қатты көмірсутектер ) мөлшері көп болған сайын , қату темературасы да жоғары болады. Құрамында ароматты көмірсутектер кездесетін карбюраторлы және реактивті отындар кристалл түзу температурасымен сипатталады. Кристалл түзу температурасы -60°С пен 30°С аралығында болады; құрамында парафиннің (көп болған сайын, кристалл түзу температурасы да жоғары) және жеңіл фракциялардың(көп болған сайын, бұл температура төмен болады). Карбюраторлы және реактивті отындардың кристалл түзу температурасы -60 °С-танжоғары болмауы тиіс. Сол себепті бензиннің қысқы сортында ароматты көмірсутектер көп мөлшерде болмауы керек. бензол және ароматты көмірсутектердің мөлшері көп болған сайын жоғарыбалқитын қосылыстар отынның құрамынан кристалл куйінде шығып кетуі мумкін, бұл отын филтрінің бітелуіне және қозғалтқыштың тоқтап қалуына әкеп соғады. Аққыштықтың жоғалуы температураның төмендеуінің әсерінен тұтқырлықтың артуымен байланысты екенін де айта кеткеніміз жөн. Мысалы, қалдық авиамайдың 50°С кезіндегі кинематикалық тұтқырлығы - 2ст, 0°С – 130ст, 25°С та 3500ст –ға дейін көтеріледі. Осындай тұтқырлықтың жоғары деңгейінде май өзінің қозғалғыштығын жоғалтып, оны жүктеу мумкін болмайды.
Карбюраторлы, реактивті және дизельдік отындарды сипаттатын шама – лайлану температурасы. лайлану температурасы майдың төмен температурада ауадан ылғалдылықты жұту қасиетін көрсетеді ( бұл қасиет авиациялық майға қауіпті, себебі түзілетін мұзды кристаллдар майтасымалдайтын аппаратты бітеп тастауы мүмкін, бұл оның бұзылуына алып келеді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет