С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің Математика пәні мұғалімі А. Б. Шаугенбайдан



Дата01.06.2020
өлшемі16,57 Kb.
#71934
Байланысты:
Minezdeme
279 geotest

С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің

Математика пәні мұғалімі А.Б. Шаугенбайдан

Қарағанды «Болашақ» маңызды

білім беру колледжінің

МТ-15-1 тобының студенті

Рахатжан Рийганға


Мінездеме
Рахатжан Рийган Қарағанды қаласындағы С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінен 09.04.2018 – 18.05.2018 аралығында «байқау тәжірибесі» іс-тәжірибесінен өтті. Рийған осы аралақтырда өзін тек жақсы жағынан көрсете білді.

Іс – тәжірибеден өту барысында Рахатжан Рийган мұғалімнің пән бойынша сабақтарына қатысып, өзіне берілген 6 «B», 7 «Ә», 7 «Б» сыныптарының оқушыларымен танысып, математика пәні бойынша оқу жоспарымен, жаңа оқулықтармен танысты.

Рахатжан Рийган келген күннен бастап өзіне берілген жұмыстармен тиянақты айналысып, мұғалімнің сабақтарына қатысып, болашаққа мол тәжірибе жинақтады. Мұғалімнің күнтізбелік – тақырыптық жоспарымен танысып, оқу жұмысын жоспарлауды меңгерді. Сабақ жоспарының құрылымын талдап, сабақ жоспарын жасауды үйренді.

Осы уақыт аралығында Рийган өзіне берілген 6 «В» сыныбына «Функцияны графиктік тәсілмен беру» тақырыбына бір сабақ және «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыбында 2 сабақ, «Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы» тақырыбына 2 сабақ өткізді. Ал 7 «Ә» және 7 «Б» сыныптарына «Алгебралық бөлшек» және «Алгебралық бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыптарында сабақ өткізді. Іс-тәжірибесінің соңғы аптасында Рийған осы сыныптарға «Алгебралық бөлшектерді көбейту, бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Рийган өткізген барлық сабақтарында презентацияны, мультимедиялық тақтаны, плакаттар, карточкалар, смайликтер және де көптеген көрнекіліктер қолданды. Көрнекіліктер арқылы және де сергіту сәтіндегі ерекше ойындарымен оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, білімдерін тексере білді.

Рийган өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әр жұмысын тиянақты да нақты орындайды. Оқушылармен сөйлесу барысында мейірімділігімен жаға білді, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана біледі.Бар білімін оқушыларға беруге дайын, тапсырманы толық түсіндіре білетін қасиетке ие. Рийганның бойынан мұғалімге тән қасиетті байқауға болады. Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет білдіруге дайын тұрады. Болашақтағы таңдаған мамандығына жауапкершілікпен қараса, жақсы маман иесі болады деген үмітпен Рийганның іс –тәжірибесіне « » деген баға беремін.

Мектеп директоры: Жунусова С.О.


Математика пәні мұғалімі: Шаугенбай А.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет