В классты қалдықтарды құрайды: 1) аса қауіпті және карантинді инфекциямен ауыратын науқастар бөлімшесі;
2) 1-2 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтінлаборатория;
3) микологиялық клиника (бөлімше);
4) анаэробты инфекциялы науқастар бөлімшесі.
В классты қалдықтарды жинау ережелері:
В классты қалдықтарды бір рет қолданатын жұмсақ орамаға жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп реттік ыдыстарға (темір, пластикалық) немесе 1-2 патогенді қоздырғыш топтарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника шараларын қолдана отырып, бір реттік арнайы контейнерге салу. Бір реттік пакеттер төрттен үш бөлігіне толғанда аузы байлануы керек.
Микробиологиялық өскіндержәне штамдар, вакциналар бір рет қолданатын тығыз герметикалық орамаға жиналуы қажет.
А, Б, В класс қалдықтары 3-тәуліктен артық сақталмауы керек.