С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет123/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Жарақат түрлері

Науқас қалпы

Ессіз жағдайда

Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа)

Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары

Арқасына жатқан қалып (басын артқа)

Омыртқаның зақымдалуы

Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште)

Жамбас сүйектерінің сынығы

Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында)

Аяқтарының сынығы

Арқасына жатқан қалыпында

Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер

Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген)

Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты

Ішімен жатқан қалыпында

Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты

Ішімен жатқан қалыпында

Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты

Отырған қалпында

Кеуде қуысының жарақаты

Жартылай отырған қалпында

Қабырғалар сынығы

Отырған немесе жартылай отырған қалпында

Қолдардың жарақатында

Отырған қалпында

Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар

Отырған қалпында

Ессіз жатқан науқастарды құсық массасымен аспирациясының және тілінің артқа түсіп кетуінің алдын алу үшін тұрақты қырымен жатқан қалыпында тасымалдайды. Басын артқа шалқайтамыз. Науқасты оң жақ қырына жатқызған дұрыс, бұл жағдайда қанайналым және тыныс алу бұзылысы аз айқындалады (тек егер оның кеуде қуысының оң жағы зақымдалуы болмаса!) (сурет 13).








tlttimes.ru

Сурет
13.Тұрақты қырымен жатқан қалып


Омыртқалары зақымдалған науқастарды қатты төсеніште горизонталды арқасына жатқан қалыпында тасымалдау қажет, егер қатты төсеніш болмаса – қарапайым жартылай жұмсақ зеңбілде ішімен жатқан қалпында. Омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуында - арқасында жатқан қалпында, иммобилизациядан кейін басын артқа шалқайтамыз. Омыртқалары зақымдалған науқастарды қырымен жатқызуға тыйым салынады!


Қабырғалар сынығымен науқастарды отырған немесе жартылай отырған қалпында тасымалдайды (жалпы жағдайына байланысты). Экссудативті плевритті, пневмоторакспен және кеуде қуысының енген жарақаттары кезінде науқастарды жартылай отырған қалпында немесе зеңбілдің бас жағын көтеріңкі қалыппен тасымалдайды.
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер кезінде - науқасты арқасына жатқызып, құрсақ прессін босату мақсатында тізе астына бүктелген көрпені қояды. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде науқастарды тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүгіп арқасында жатқан қалпында тасымалдаймыз; сан сүйектері екі жаққа ашылған; тізе астына жұмыр жастық қою міндетті. Аяқтарының сынығы кезінде – таңғыш қалаққа зақымдалған аяғының астына жастық немесе көрпе саламыз. Егер қан кеткен жағдай болса - аяқтарының қалпын жоғарлатамыз.
Қарақұс аймағында жарақат, сынық немесе басқада зақымдалу болса мақта-дәкелік айналым қоямыз. Бас сүйектерінің сынығы кезінде зеңбілдің бас жағын төмендетіп, жастықсыз арқасымен жатқан қалпында тасымалдаймыз. Бас жағына көрпеден, киімнен немесе ауамен үрілген жұмыр жастық саламыз. Бас сүйегінің бет сүйектерінің жарақаттарында және мұрыннан, ауыз қуысынан қан кетулер болса науқасты отырған қалпында тасымалдаймыз. Жақ сүйектері зақымдалса ішімен жатқызып, маңдайының және кеудесінің астына жұмыр жастық саламыз (киімнен немесе қолда бар заттан).
Күйік жарақатты науқастарды сау жағына жатқызып көрпемен, ал күйген жағына зарарсызданған жаймамен мұқият жабамыз. Өкпе ісінуі, бронх және жүрек демікпесі ұстамасы кезінде науқастарды горизонталды қалыпта жатқызуға тыйым салынады, тасымалдау отырған қалпында, ал балаларды вертикалды қалыпта қолымызға ұстап тасымалдаймыз.
Арнайы зеңбіл болмаса қолда бар затпен дайындауымыз қажет (сырық, қада, тақтай, пальто, көрпе, қап және т.б.). Жасалған зеңбілдер мықты болып науқас салмағын көтеруі қажет (сурет 14).


Сурет 14.


Медициналық (а) және қолдан жасалған зеңбілдер (б, в).

Қатты қолдан жасалған зеңбілдермен тасымалдағанда науқас астына жұмсақ зат салу қажет (киім, шөп және т.б.). Тасымалдайтын бауды 2-3 қайыстан, брезент кескіндерінен, жаймадан, орамалдан, жуан жіптен және т.б. заттардан жасауға болады.


Пәтерде, сатымен зеңбіл арқылы науқасты тасымалдау мүмкін болмаса, оны жұмсақ көрпеге салып тасымалдаймыз. Зеңбілді подъезд алдына қойып, науқасты қолмен көтеріп, лифтіде - орындыққа отырғызу арқылы тасымалдаймыз.
Аурухана ішілік тасымалдауға каталка қолданамыз – бұл дөңгелектері бар зеңбіл (сурет 15).


Сурет 15.


Науқасты тасымалдайтын каталка (зеңбіл)

Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы қалыппен орналастырып, науқас қолдарын тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды. Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады [29].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет