3.5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері Қалдықтарды тасымалдау және уақытша сақтау талаптары А класты қалдықтар пайда болғаннан бастап, ЕСМ аймағында орналасқан контейнерге бағытталуы керек және тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылуы қажет.
Б, В, Г, Д класты қалдықтарды уақытша сақтауға, медициналық мекемеден жеке бөлме қарастырылуы қажет.
Б және В класты қалдықтардыбөлмеде уақытша сақтау 3 тәуліктен аспау керек. Биологиялыққалдықтар плюс 5°С жоғары емес температурада сақталуы керек.
Б және В класты қалдықтардысақтау бөлмесі 2-ден кем болмауы керек: қалдықтарды сақтау, екіншісі - көп рет қолданылатын ыдыстарды жууға және таза ыдысты сақтауға. Қалдықтарды сақтау бөлмесінде болуы керек: желдеткіш, биологиялық және тамақ қалдықтарын сақтауға арналған мұздатқыш, стеллаж, бөлімшеден қалдықтары бар қаптарды (пакеттер) жинауға арналған контейнерлер, ыстық және суық суы бар қол жуғыш.
Жууға арналған бөлмеде ыдысты жуатын сыйымды ыдыс, тараны залалсыздандыру, судың ағуына арналған трап, таза ыдыстарды сақтауға арналған стеллаждар болуы керек. Бөлменің едені, қабырғасы, төбесі жуатын және залалсыздандыратын заттарға төзімді материалдан болуы керек. Бөлме қалдықтарды шығаруға ыңғайлы жерде болуы керек. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесі корпустан шыға беріс жерге жақын орналасуы керек, ал сатылары бөлмеден қалдықтарды алып шығатын траппен қамтамасыз етілуі керек. Әр елде аурухана қалдықтарының жиналуы 1,3-тен 20 кг/күніне аралықта.
Б, В, Г және Д класты қалдықтарды ашық, медициналық бөлімшеден тыс жерлерде сақтауға болмайды.
Залалсыздандырылған тығыз биологиялық қалдықтар, қалдықтарды сақтайтын бөлмеге шығарылуы немесе көмуге немесе өртеуге бағытталу керек, сұйық биологиялық қалдықтар-септикке немесе канализацияға құйылады. Медицинада бір реттік қолданылатын заттары бар ҚУҚ қалдықтарды сақтайтын бөлмеге немесе өртеуге бағытталу керек.
Г класты қалдықтардыаша алмайтын жағдайда герметикалық контейнерде тасымалдау қажет. Қалдықтардың орамасы бұзылған жағдайда басқа орамаға салу керек, егер де қалдықтар төгіліп, шашылатын болса зақымдалған аймақты залалсыздандырады.
Мекеменің аумағында орналасқан контейнерлерді қою алаңының беті су өтпейтін (асфальт, бетон) қатты, автотранспорттың келуіне, артып-түсіру жұмысына ыңғайлы, емдеу корпусынан 25 м және тамақ блогынан 100 м арақашықтықтан кем болмауы керек. Ашық алаңда 5 контейнерден артық болмауы қажет.
А, Б, В,класты қалдықтар дымекеменің аумағынан тасымалдайтын осы жұмысты істеуге лицензиясы бар, шартқа отырған мекеменің арнайы транспортымен тасымалданады.
Аймақтан қалдықтарды шығару контейнердің үштен екі бөлігі толғанда немесе үш күнде бір рет шығарылуы керек.
Медициналық қалдықтар (А, Б, В класты қалдықтар) тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылып, арнайы қойылған пештерде немесе қондырғыларда залалсыздандырылады немесе өртейді.