3.6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.
Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды (сурет 10).