Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.
Сурет 53
АҚТМ қолдану техникасы
Қарқынды емдеу бөлімдерінде ұзақ уақыт бойы физиологиялық пкөрсеткіштерді бақылайтын кардиомониторларды қолданады: АҚҚ деңгейі, жүрек жиырылысының жиілігі, пульс жиілігі [32].
4.11 Су тепе-теңдігін анықтау
Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.
Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл-ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.