С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі



бет46/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

1.4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
Науқастың стационарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша жатқызылуы [12]:
1) БМСК мамандарының жолдамасы және Портал жатқызылу бюросы арқылы жүзеге асады.
2) шұғыл көрсеткіштері бар болса, мамандардың жолдамаларынсыз жатқызылады.
Стационарға жоспарлы жатқызылу науқастың стационарға келуінен кейін 30 минут ішінде жүргізледі. Шұғыл жағдайларда науқас стационарға медициналық мекеменің санитарлы автотранспортымен, жедел медициналық көмектің станциясымен және медициналық қызметкермен бірге санитарлы авиациямен жеткізіледі. Басқа жағдайларда науқастар стационарға ішкі істер қызметкерлерімен немесе азаматтарымен жеткізіледі [13].
Стационардың қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы қабылдау жүргізіліп, науқастардың шұғыл түрдегі немесе жоспарлы медициналық көмекке тіркеу орнатылады. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсетілу кезінде:
1) науқастың жеткізілгенінен кейін 10 минут ішінде, ал өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде салалы маманмен қаралуы;
2) қарау нәтижесіне байланысты науқастың ауруханаға жатқызылуы немесе амбулаториялық немесе стационар алмастырушы жағдайда, ақпараттың тұрғызылған орнына байланысты БМСК-ке жіберілуі орнатылады;
3) стационарлы емдеуді қажет етпейтін науқастарға амбулаторлы-емханалық жағдайларда емделуге ұсыныс беріледі.
Науқасты стационарға жатқызу жағдайында:

  • Медициналық карта тағайындалу парағымен толтырылады.

  • Медициналық картаға емделушінің жалпы жағдайы жазылады, егжей-тегжей және дәйекті түрде шағымдары, ауруға шалдығудың анамнезі және өмірбаяны, объективті тексеру - деректері, айқынды паталогиясы, орындалған лабораториялық және функционалдық зерттеулері, клиникалық белгілері, алдын-ала қойылған диагноз, диагностикалық және емдік іс-шаралар жазылады, емделушіден емдік-диагностикалық іс-шара жасауға жазбаша келісім алынады.

  • Егер пациент медициналық көмекке жүгінген кезде алкогольды, наркотикалық немесе токсикалық улану белгілері кездессе, онда медициналық қызметкер науқастың медициналық картасында бұл туралы белгі қойылады.

  • Кейбір жағдайларда, диагноз қою үшін уақыт қажет болса динамикалық бақылау үшін, бұл жағдайда пациент қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында екі сағатқа қалдырылады. Осы уақытта шұғыл емдеу-диагностикалық шаралардың толық көлемі жүргізіледі.

  • Стационарға түскен жағдайда науқасқа медициналық мекеменің ішкі ережелі және күн тәртібі, оған медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің кәсіби статусы туралы мәлімет беріледі.

  • Медициналық көмек тек науқастың немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі келісімінен кейін ғана көрсетіледі. Науқас немесе оның заңды түрдегі өкілі медициналық көмектен бас тартуға құқылы. Науқастың медициналық көмектен бас тартуы оның салдарларымен бірге талқыланып, құжатқа жазылады, ол құжатқа науқас немесе оның заңды өкілі және медициналық қызметкер қолқояды.

  • Кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ науқастардың заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезінде, науқастың өмірін сақтап қалу үшін медициналық мекеме қамқорлық және қорғаныш мекемесіне немесе/және сотқа мәлімдеме беруіне құқықтары бар.

  • Науқас медициналық көмек алған кезде өзінің денсаулық жағдайы туралы толыққанды мәлімет алуға, сонымен қатар қауіп қатері туралы және жасалайын деп отырылған емдеу әдістері жайында, егер емнен бас тартқан жағдайда қандай асқынулары болуы туралы, диагноз жайында, болжамы және емдеу шараларының жоспары туралы науқасқа түсінікті деңгейде мәліметтер алуға құқылы, сондай-ақ үйіне шығарылу немесе басқа медициналық мекемеге ауыстырылу себептерін түсіндіру керек.

  • Науқас адам ауруханаға түскеннен бастап қажетті күтім шаралары, емдік тамақтандыруды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу басталады.

  • Науқас ауруханаға түскеннен кейін үш тәуілік ішінде клиникалық диагноздың қойылуы шарт. Кейбір диагностикалық жағынан түсініксіз жағдайларда, бұл туралы ауру тарихында диагноздың кешіктіру себебі жазылады және де тағы да қосымша диагностикалық зерттеу әдістері және мамандардың қосымша кеңестері белгіленеді. Клиникалық диагноз қойылған күні бұл туралы ауру тарихында жазылады.

  • Барлық ауруханаға түсіп жатқан науқастарда жұқпалы ауру бар туралы ой келсе, онда қатаң түрде санитарлық өндеу жүргізіледі.Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өндеу жартылай және толық болуы мүмкін. Қажетті кезде науқастың киімдерін дезинфекциялайды.

  • Ауруханада айналасындағы адамдарға қауіп төндірген жағдайларда (жұқпалы аурулар, жұқпалы тері аурулары, психикалық өзгерістері бар науқастар) науқастарды бір-бірінен бөлек орналастыруы үшін бөлек орналасқан палаталар немесе бокстар болуы керек.

  • Ауруханаға түскен науқастардың барлығын мереке және демалыс күндерден басқа күндері күн сайын дәрігер қарайды, мереке және демалыс күндері кезекші дәрігер қарайды, диагностикалық және емдеу шаралары белгіленеді және бұл туралы ауру тарихына күнделік жазылады. Ауру туралы күнделік егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса емдеуші дәрігер үш күнде бір рет жазады, орташа ауыр жағдайда күніне бір рет жазады, ал ауыр және өте ауыр жағдайларда күнделік жазу саны науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты, өзгерістер пайда болған сайын, емдеуге түзету жасаған сайын, бірақ үш сағаттан сирек емес жазылады, шұғыл жағдайларда – әр кезең сайын шұғыл көмек көрсеткен уақытын белгілеп, сағат немесе минут сайын жазылады.

  • Бөлім меңгерушісі науқасты ауруханаға түскен күні қарайды, одан кейін медициналық көрсеткіштері бар болса қарап отырады (ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар күніне, ал орташа ауыр және қанағаттанарлық жағдайдағы науқастарды –аптасына бір реттен кем емес қарайды) және ауруханадан шығаратынның алдында қарайды. Бөлім меңгерушісінің науқастарды қарағанда жасаған мәліметтері диагнозы және нұсқаулары ауру тарихына жазылады және ол өз қолын қояды.

  • Балалар стационар жағдайында емделгенде:

1) Үш жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар ауыр жағдайдағы үлкен жастағы балалар, дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін, анасына (әкесіне) немесе басқа да туысына күтім жасаған жағдайда, оларға оның жанында медициналық мекемеде болуына мүмкіндік беріледі, оларға уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат беріледі.
2) Бір жасқа дейінгі баласын емізетін анаға осы медициналық мекемеде болған күндерінің бәрінде баласын күту уақытында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
3) Анасы (әкесі) немесе басқада адамға, стационарда жатқан балаға күтім жасап жатқан, тегін жататын төсекпен қамтамасыз етіледі.

  • Мектеп жасындағы балалар стационарда емделу уақытында стационар жағдайында үзіліссіз білім алуға құқығы бар.  

  • Диагнозды қоюға қиыншылық туғызған жағдайларда, беріліп жатқан емнің оң нәтижесі болмағанда және де тағы басқа да көрсеткіштер болған жағдайларда, емдеу бөлімі бастығының орынбасары емдеуші дәрігерден біліктілігі жоғары мамандардын немесе басқа салалы мамандардың кеңесіне жүгінеді, немесе қажет жағдайда республика деңгейіндегі мамандарды шақыртып консилиум ұйымдастырады (үштен кем емес жоғары дәрежелі мамандардың немесе басқа мамандардың қарауы, қажетті жағдайларда диагноз қою, емдеу тактикасын және болжамын анықтау мақсатымен науқасқа қосымша тексеру әдістерін жасайды). Науқас кеңес жасайтын немесе консилиумға қатысатын мамандарды таңдауға құқылы.

  • Ауруханадан шығаруға қарасты көрсеткіштерге жатады:
    1) Жалпылай алынған аурудың аяқталу жолдары (жазылу, жағдайының жақсаруы, өзгеріссіз, қайтыс болу, басқа медициналық мекемеге ауыстырылуы);

2) Науқастың жазбаша арызына байланысты (немесе оның заңды өкіліне қарасты) емдеу курсының аяқталғанына дейін, егерде науқастың денсаулығына және оны қоршаған адамдарға қауіп-қатер туғызбаса. Бұл жағдайларда емдеуші дәрігер науқасқа емнің аяқталмаған салдарынан болуы мүмкін өзгерістер туралы мәлімет беріледі.

  • Егер аурухананың бекітілген ережелерін және күн тәртібін бұзған болса, және де емдеу-диагностикалық процессіне кедергі туғызылса, басқа науқастардың медициналық көмекпен қамтамасыз ету құқықтарына зиян келсе, онда науқас емін бітірмей жатып ауруханадан шығарылады (егер науқастың өміріне қауіп- қатер төнбеген жағдайда) медициналық ұйымның бастығының шешімі бойынша және медициналық құжатында белгі қойылады. 

  • Науқас стационардан шыққанда оның қолына форма 027/у беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, жүргізілген тексеру әдістерінің көлемі, жасалған емдеу шаралары және одан да кейінгі науқасты бақылау және емдеу үшін берілген нұсқаулар жазылады.

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шет ел өкілдері ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы, егер олар шұғыл аурулармен ауырып қоршаған ортаға қауіп туғызған жағдайларда.

  • Қосымша медициналық ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінен артық 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2299 Қазақстан Республикасының қайта қалпына келтіру құжатына «денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету және ережелерінің бекіту туралы» сәйкес көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет