С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Дезинфекцияның химиялық әдісі



бет77/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

3.3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады [7].
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:

  • жоғары бактерицидтілік;

  • адамдарға зиянсыз болуы;

  • өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;

  • суда еруі;

  • сақтаудағы тұрақтылығы;

  • қолданудағы ыңғайлылығы;

  • органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;

  • өндірісінің арзандылығы.

Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғыш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет