С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет147/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

Инфрақызыл термометр


Бұл термометр түрлері жақында пайда болса да, халық арсында тез арада сұранысқа ие болды (сурет 45).


goodideaz.ru


Сурет 45.

Инфрақызыл термометр


Инфрақызыл термометр жұмысының принциптері: аса сезімтал өлшейтін элемент адам денесінен бөлінетін инфрақызыл сәуле мәліметтерін түсіріп, біз үйренген температуралық диапазонда сұйық-кристалды құрылғыда көрсетеді. Кейбір термометрлерде экранға жарық түсіру қарастырылған, ол түнгі уақытта алынған мәліметтерді қарауға көмектеседі
Артықшылығы:

  • Электронды термометрлердің барлық негізгі қызметтері бар (өлшеуді есте сақтау, дыбыс сигналдары, өзі өшу және т.б.).

  • Температураны өте тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).

  • Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция және гигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.

  • Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді.

Жетімсіздігі:

  • Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін.

  • Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай, құлақ, самай).

  • Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді.

  • Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін.

  • Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді.

  • Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған жағдайлары болғандығы мәлім.

  • Қымбат тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет