С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет121/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

Стационарда бөлімге (емдік, реанимациялық) науқасты жеткізу үшін, науқастың жағдайына және сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Үш әдісі бар - медицина қызметкерінің шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара алады, отырған қалпында орындық-арбамен, жатқан қалпында - каталкамен тасымалдануы қажет. Өз бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен палатаға кіші медициналық қызметкер (кіші мейірбике, санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала алмайтын науқастарды бөлімге зеңбіл немесе орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы құрал (каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған матрацпен және таза жаймамен жабдықталады, басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен, сыртынан маталы тыспен тысталған). АІИ алдын алу мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін ауыстырып отырамыз және қолданылған жайманы арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен өңдейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет