3.1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары
АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайын білуге келген туысқандары.
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.
Стрептококк: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.
Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Ішек таяқшалары:қол, ішек, зәр шығару жолдары.
Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:
иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;
пациентке күтім жасаған туыстар;
медициналыққызметкер.
Достарыңызбен бөлісу: |