С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өңдеу



бет99/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

2-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өңдеу

Медицинада қолданатын құралдар дезинфекциядан кейін стерилизациялауға дейін өңдеуді қажет етеді — ақуыз, май, механикалық кірленуден, сонымен қатар дәрі қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Стерилизацияның алдында тазалау кезінде барлық құралдар бөлшектенген түрде ерітіндіге батырылады. Барлық заттар ерітіндіге толығымен батырылуы керек

Ем-шараның орындалуы:

1. Жууға арналған ерітінді дайындау: 17 мл 27,5% сутегінің асқын тотығы ерітіндісін, 978 мл суға, 50°С дейін жылыту.

2. Ершпен,шөткемен әрбір құрал-жабдықты өңдеп жууға арналған суда 30 секунд уақытта, жууға арналған суды каналдар арқылы жіберу.

3. Құрал-жабдықтарды науаға (науа) салу.

4. Әрбір затты ағын судың астында 30 секунд уақытта жуу, суды құрал-жабдықтар аралықтарына жіберу. Науаға салу.

5. Құрал-жабдықтарды дистилденген суда жуу.

6. Құрғақ ыстық шкафта 85°С температурада дымқылдықты түгелімен кеткенге дейін құрғату.

Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы дайындау және дезинфекциялау сапасын биологиялық және химиялық анализдердің нәтижесі бойынша бағалайды. Зарарсыздандыры-лудың алдындағы өңдеудің сапасының тексерілуі азопирам және фенолфталеин сынамалары қолданылады.

Азопирам сынамасы өнімдердің қаннан таза жуылуын тексеру үшін орындалады.

Іс-шараның орындалуы:



  1. 1% азопирам жұмыс ерітіндісін дайындап, 3% сутек асқын тотығының ерітіндісімен бірдей мөлшерде араластыру

2. Қан жұғындысы бар шыныға бірнеше тамшы тамызып, жұмыс ерітіндісінің белсенділігін тексеру. Егер реактивтің түсі өзгерсе, онда реактив «жұмыс істейді»

3. 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін тамшуырмен жабдықтың қуысына, қысқыш бұрандаға, биологиялық сұйықтықтармен жанасу орындарына түсіру

4. 0,5-1 минут ұстау

5. Сынаманы оқып шығу:



  • қызғыл- күлгін түс қан қолданылғанда пайда болады

  • қоңырқай түс ашытқы, тот, кір жуу ұнтағы, хлорлы дезинфекцияландыру жабдықтары қолданылғанда пайда болады

6. Сынаманың оң нәтижесінде құрал-жабдықтардың барлығы қайта тазартудан өтеді

7. Сынама нәтижесін есепке алу журналына жазу [7].



Фенолфталеин сынамасы медициналық құрал-жабдықтарды жууға арналған ерітіндіден тазарту сапасын тексеру үшін жасалынады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Құрал-жабдықтың сыртына 1% фенолфталеиннің спирттікерітіндісін жағу.

2. Құрал-жабдықты мақтаның үстіне ұстау, реактивтің түсін бақылау.

3. Нәтижесін 2- минут аралығында бағалау.


  • Теріс сынама кезінде реактивтің түсі өзгермейді.

  • Оң сынама кезінде реактив түсі қызғылт түстен ал қызыл түске дейін өзгереді.

Стерилизация алдындағы тазалау сапасын бағалау күнделікті жүргізіледі. Бағалау жүргізіледі: стерилизациялық бөлімшеде – бір кезекте өңделген әр заттың 1%-ы, орталықтандырылған өңдеу кезінде бір кезекте өңделген әр заттың - 1%-ы, бірақ үш бірліктен кем емес. Бағалау қорытындысы журналда тіркеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет